Анықтамасы


Беткей орналасқан ісіктер кезінде (липома, папиллома, фиброма, гемангиома) жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы



бет29/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак
Химия. №1 дәріс, Туберкулез органов дыхания у взрослых
81.Беткей орналасқан ісіктер кезінде (липома, папиллома, фиброма, гемангиома) жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы.
Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Тері асты щелмай клетчаткасында жиі орналасады,бірақ сонымен қатар іш қуысы және одан тыс аймақтардағы мүшелерді қоршап жататын клетчаткада да кездеседі.Липома жеке және көп (липоматоз) болуы мүмкін. Липоманын өсімі адамның салмағына қатысты емес. Оның өсу темпі әртүрлі – баяулатып өсуден жедел түрде тез өсуге дейін барады. Көбінесе, 30 – 50 жас аралығында,әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда жиі кездеседі. Мөлшері жиі 4 см-ге дейін,одан үлкендері де кездеседі. Консистенциясы жұмсақ эластикалық, қозғалмалы, капсуласы болған жағдайда анық шектелген, ауырсынусыз. Емі тек қана хирургиялық. Ісіктің өсуі және косметикалық дефект операцияға көрсеткіш болып табылады. Егер ісіктің мөлшері кішкентай және орналасуы қолжетімді болса оперативті емді жергілікті инфильтрационды анестезиямен амбулаторлық жағдайда жасайды. Ал ісіктің мөлшері үлкен және күрделі анатомиялық аймақтарда (мойын,қолтықасты шұңқыр) орналасқан болса госпитализацияны және стационарлық жағдайда оперативті араласуды қажет етеді.
Папиллома – тері және шырышты қабаттардың вирустық этиологиялы қатерсіз ісіктәрізді түзілісі.Тар негізінде емізік тәрізді (аяғында), жұмсақ немесе тығыз консистенциялы, ашық, қою қоңыр түсті. Папилломалардың теріде орналасуы косметикалық дефект тудырады, көмейде орналасуы – тыныс алу, сөйлеу бұзылысына, ішкі мүшелердің шырышты қабатында орналасуы – жаралануға, қан кетуге әкеледі. Рецидив болуы мүмкін. Папилломаны электрокоагуляция, криодеструкция, хирургиялық, радиотолқындық, лазерлік әсерлесу әдістері арқылы жояды. Гемангиома –бұл тамырлық тіннің клеткаларынан тұратын қатерсіз ісік.Әдетте бұл ауру бірнеше айлық балаларда және жаңа туған нәрестелерде анықталады.Оларда бұл түзілістер ауқымды мөлшерлерге дейін тез дамиды және де айқын косметикалық дефект тудырады. Ересек адамдарда гемангиома сирек дамиды. Гемангиоманың жиі орналасатын жерлері кеуде, мойын,бет болып табылады.Басқа жағдайларда ауру шелмай клетчаткасын,сүйек тінін зақымдайды.Емі хирургиялық.
Диагностика
Шағымдары, анамнез. Диагностика обьективті қарау және пальпацияға негізделеді. Пальпация кезінде ісіктің мөлшерін, консистенциясын (тығыз, жұмсақ эластикалық, бұдыр),капсуласының бар жоғын,терімен және басқа тіндермен байланысын,қозғалысын, регионарлы лимфа тіндерінің үлкеюін анықтау керек.Диагностикада рентгенологиялық зерттеу, УДЗ,кейбір жағдайларда цитологиялық зерттеуге биопсия әдісімен материал алу. Ісікті алған жағдайда міндетті түрде гистологиялық зерттеу.
Емі
Жалпы емдеу принципы– это иссечения в пределах здоровых тканейсау тіндерге дейін капсуласымен бірге кесу,фасция аралық қуыстарға еніп жатқан түбірлерін жою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет