Анықтамасы


Жарақат жіктелісі. Амбулаториялық жағдайда жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеуді жүргізу ерекшеліктері



бет37/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак

91.Жарақат жіктелісі. Амбулаториялық жағдайда жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеуді жүргізу ерекшеліктері.
Жарақат-кез келген сыртқы орта факторларымен шақырылатын адамның дене мүшелері мен тіндерінің анатомиялық бүтіндігінің және физиологиялық қызметінің бұзылысы.
Оқшауланған жарақат-бір мүшенің немесе тірек-қимыл жүйесінің бір сегментінің зақымдануы(мысалы,бауыр жыртылуы,жамбас сүйектерінің сынуы,иық сүйектерінің сынуы).
Көптеген жарақат-бастың,дененің,аяқ-қолдардың біртипті жарақаттануы.(бір уақытта тірек-қимыл жүйесінің екі не одан да көп сегментінің немесе бөлімінің сынығы.Аралас және көптеген жарақаттар ішінде айқын жарақат ерекшеленеді,бұл жедел жағдайда дәрігер тактикасын анықтауда маңызды рөл атқарады.
Аралас жарақат-тірек-қимыл жүйесінің және бір немесе бірнеше ішкі мүшелердің бас миының зақымдалуы(жамбас сүйегінің сынығы және бауыр жыртылуы,жамбас сынығы және бас миының соғылуы)
Комбинирленген жарақат-механикалық және бірнеше механикалық емес факторлардың(термиялық,химиялық,радиациялық)әсерінен дамитын зақымданулар(сүйек сынығы күюмен бірге,жарақаттар,күйіктер және радиоактивті зақымданулар)
Берілген терминологияға байланысты сүйек сынуымен қатар сол сегменттің қан тамырларының,нервтерінің зақымдалуын оқшаулаған жарақаттарға жатқызамыз.(мысалы,иық сүйектерінің сынуы,иық артериясының асқынған зақымдалуымен)Табанның,білезіктің бірнеше сүйектерінің сынуы,бір сүйектің бірнеше деңгейде сынуын көптеген жарақат ретінде қарастырылмайды,оны оқшауланған жарақаттың бірнеше түрінде қарастырады.
Механикалық факторлардың әсерінен пайда болатын жарақаттарды ашық және жабық деп бөлеміз.
Сонымен қатар жарақаттар термиялық,химиялық,электрожарақат,психикалық жарақат,барожарақат,жарылыстан кейінгі жарақат. Жарақаттар тұрмыстық және өндірістік болып бөлінеді.Өндірістік жарақаттарға өз жұмысын орындау кезінде әртүрлі химиялық,механикалық, радиациялық, термиялық зақымдалуларды жатқызамыз.
Емхана деңгейінде көмек көрсету
Көмек көрсету көлемі медициналық сақтандырудың міндетті аймақтық бағдарламасымен реттеледі. Бұл жұмысты атқару үшін медициналық мекеменің травматологиялық көмек көрсетуге лицензиясы болуы қажет. Амбулаторлы травматологияның бөлінуі көмек көрсетілген науқастар тобына,емдік-диагностикалық көмек көлеміне, мекеменің емдік-профилактикалық,материалдық базасына байланысты екінші,бірінші немесе жоғары категорияларға біріктірілген.
Көмекті аурухананың қабылдау бөлімінде,басқа емхананың травмпунктінде алған науқастарға,стационардан шыққан немесе жарақаттанушының емге дейінгі күтіміне көрсетеді.Жедел(алғашқы) көмекті жеңіл жарақаттанған науқастарға,жұмсақ тіндердің соғылуы,байламдардың тартылуы,үлкен емес жарақаттарға,күйіктің I-дәрежесіне көрсетеді.Хирургиялық көмек көлемі жараларды бірінші хирургиялық өңдеу,жеңіл алынатын бөгде денелерді алып тастау,гипстік таңуларды салу немесе ауыстыру,таңғыш салумен шектеледі.Травматологиялық кабинеттің дәрігерлері уақытша еңбекке жарамсыздық зерттеуін жүргізіп,уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын береді және созады,жарақат алған науқастар диспансеризациясын және сіреспеге қарсы профилактика жүргізеді.Біліктілік міндеттемесі:травматологиядан біріншілік маманданудан өткен дәрігерлер жұмыс жасай алады.Жұмысты қамтамасыз ету үшін емханада рентген кабинеті,физиотерапиялық және функционалды ем жүргізетін кабинеттер болуы қажет.Міндетті бөлмелер:дәрігер бөлмесі,байлам таңу бөлмесі(операциялық),гипстік бөлмелер.Ауру тарихы жалпы тіркеу бөлімінде сақталады.
Бірінші категориялы травматологиялық кабинет 2ауысымда,травмпункті тәулік бойы,әрбір ауысымда қосарлама екі немесе одан да көп дәрігерлер қарауы болады.Жедел көмекті науқастардың барлығына ұсынады,стационардан шыққан және көмек сұраған науқастарға ем жүргізу,уақытша еңбекке жарамсыздық зерттеуін жүргізіп,сіреспеге және құтыруға қарсы профилактика,жарақаттарды сот-медициналық зерттеу жүргізу және науқастардың диспансеризация жүргізуімен айналысады.


92.Жарақат себептері. Емханада жағдайында көмек көрсету. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Жарақаттан кейінгі реабилитация. Жасына және сипатына байланысты жарақаттардың нәтижесінің болжамы.
Госпитализацияға көрсеткіштер:
а)Ашық зақымданулар: тізе немесе шынтақ буындарына жақын орналасқан.
б)Жабық зақымданулар:кеуде клеткасының шытынаған сынығы-алдыңғы құрсақ қуысы қабырғасының бұлшық етінің кернеуі-жамбас сүйектерінің сынығы-салдану-ұзын сүйектердің көптеген сынықтары.
в)Травматикалық жұлыну:білезік,табан-тілерсек буындары аймағында.
г)Жедел көмек көрсету инструкциясы бойынша ауыр күйік кезінде басқа жарақаттарға қарағанда тыныс жүйесінің патологиясы және өміріне қауіп жоғары болғандықтан жақын жердегі мамандандырылған бөлімшеге жеткізіледі.
д)ілеспе жабық және тау-кен жарылыс зақымданулар.
Жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация-қалып қойған жарақат немесе ауруларда,сонымен қатар қолданылған емнен кейін жүзеге асырылады.Бұл оңай көрінгенмен ауыр жұмыс болып табылады,себебі науқастарға реабилитацияның маңыздылығын түсіндіру,міндетті дайындықтар және дәрігерлердің арнайы тәжірибесі,біліктілігі талап етіледі.
Жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация курстарын өту көрсеткіштері көп,соның ішінде ең жақсы танылғандары:
*бұлшықет атрофиясының регенерациясы және тонусы мен күшін қайта қалпына келтіру.
*буындардың қимыл белсенділігін қалпына келтіру.
*тіндердің регенерациясын күшейту,соның ішінде сіңірлік тіндерді
*мүше тіндерінің және сүйек тіндерінің тіршілігін жақсарту.
*ісінулер мен ауырсынулардан құтылу.
*зақымданған аяқ-қолдармен буындарда қан айналымын жақсарту.
Сонымен қатар,реабилитация науқастың жалпы тонусына,психологиялық және эмоциялық күйіне жақсы әсер етеді.Науқастар уақытында реабилитация курсынан өтпесе аурудың асқынулары,қайталануы немесе бұлшықет күшінің қайта қалпына келмеуі мүмкін.Жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация өзіне толық комплексті шараларды қамтиды және науқастың толық жазылуына,басынан өткерген ауруды есіне түсірмеуге бірден бір мүмкіндік болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет