Фурункул-шаш фолликулы,май бездері және тері асты май клечаткасының жедел іріңді некротикалық қабынуы.
Клиникасы:көлемі үлкен емес фурункулдардың алғашқы пайда болуы кезінде ауырсыну,қызару,қышыну,ісіну байқалады.Шаш түбінде инфильтрат,ортасында болар болмас іріңдік,айналасында гиперемия
Асқынуы:лимфаденит,лимфангенит,буындардың қабынуы,менингит,энцефалит,фурункулдың бөгде дене мүшелеріне таралуы
Ақыры:біріншілік фурункул кезінде қолайлы,созылмалы фурункул кезінде,әсіресе егде жастағы адамдарда,қант диабетімен ауыратын науқастарда қауіптілігі жоғары
Карбункул-тамырлар тромбозы нәтижесінде тері және тері асты май клечаткасының некрозымен,ортақ инфильтрат түзілуімен сипатталатын бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді некротикалық қабынуы
Клиникасы:науқастың жалпы жағдайы ауыр,әлсіздік,дене темперетурасының көтерілуі,тәбетінің төмендеуі,жүрек қағу,қалтырау.Қабынған ошақта ауқымды қызарған,ісінген,тығыз инфильтрат анықталады.
Асқынуы:лимфангенит,лимфаденит,тромбофлебит,іріңді менингит,сепсис
Ақыры:емді уақытында қабылдаған жағдайда көбіне қолайлы,бет карбункулы кезінде,қант диабетімен ауыратын науқастарда қауіптілігі жоғары
Гидраденит-тері бездерінің іріңді қабынуы.Негізінен қолтық ойығы және кейде шап аймағында кездеседі.
Клиникасы:қолтық ойығында әр жерден түйін пайда болады,оны қолмен басқанда ауырсынып білінеді.Біраз уақыт өткен соң түйіннің ортасы босап,сол жерге ірің жиналады.кей жағдайда осы ірің өздігінен жарылып,қабынған жерден қанды-іріңді сұйықтық шығып,науқас біраз жеңілденіп қалады.Бұл бірақ уақытша құбылыс,одан әрі түйіннің көлемі ұлғайып,тері қызарып,адамны, дене температурасы көтеріледі,қалтырайдв.Бұл организімнің улануына әкелуі мүмкін.
Асқынуы:абсцесс,лимфаденит,сепсис,флегмона
Ақыры:Уақытылы емделген жағдайда науқас 10-15 күнде жазылады.Аурудың қайталануы мүмкін.
Абсцесс-жіті және созылмалы ошақты иефекцияларда пайда болатын және сол ошақта тіндердің қалыпты құрылымының бұзылуына әкелетін,қапшықпен шектелген іріңдік.
Клиникасы:жергілікті және жалпы симптомдармен көрініс береді.Жергілікті симптомдар:ауырсыну,тері аймағының қызарып,ісінуі.Жалпы симптомдар:әлсіздік,бас ауыруы,ұйқысының бұзылуы
Асқынуы:сепсис,флегмонаневрит,остеомиелит
Ақыры:қолайлы,қолайсыз
Флегмона-айқын шекаралары жоқ май клечаткасының жедел іріңді түрде қабынуы. Клиникасы:қабыну аймағының қызаруы,тығыздалуы,ісінуііауырсыну.Басқа тіндерге тез таралады.Дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарылауы.
Асқынуы:тромбофлебит,лимфанегеит,лимфаденит,іріңді артрит,іріңді плеврит
Диагностика
Анамнез жинау
Жалпы қарау
Жалпы Қан анализі
Антибиотикке сезімталдығын тексеру
Бактерологиялық тексеру
Емі:*Консервативті
* Оперативті
Достарыңызбен бөлісу: |