Выбрать врача
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: ортотропия, бинокулярлық көруді қалыптастыру, көрудің бірқалыпты болуы, көз қылилығы бұрышының төмендеуі.
Дəрі-дəрмексіз ем: аппараттық ем - синоптофорда емдеу, монобиноскопта емдеу, мускулотренер, жарықпен емдеу, компьютерлік бағдарламалар, лазермен стимуляциялау, электр тогымен стимуляциялау.
Дəрі-дəрмекті ем
Операция жасауға көрсеткіштерге қылилық бұрыштың 10 градустан жоғары болуы, монолатералді қылилық жатады (косметикалық мақсатта). Көздің дұрыс қойылуына немесе қылилық бұрыштың төмендеуіне операция арқылы қол жеткізуге болады.
Операция алдында премедикация жүргізіледі (дифенгидрамин - 5-30 мг бұлшықет ішіне жасына қарай бір мəрте). Жансыздандыру жалпы.
Операция: бір не екі көзге екі немесе одан да көп көз сыртындағы бұлшықеттерге басқа шаралар жүргізу.
Операциядан кейін инфекциялардың алдын алу үшін антибактериялық ем жүргізіледі (хлорамфеникол - 2 тамшыдан 6 рет күніне, тобрамицин - 2 тамшыдан 6 рет күніне), қабынуға қарсы ем (дексаметазон 2 тамшыдан 6 рет күніне, диклофенак - 1 тб 2-3 рет күніне, кеторолак – 50-100 мг 10 кг салмаққа бұлшықет ішіне).
Профилактикалық шаралар: плеоптро-, ортопто, дипоптиялық шаралар.
Əрі қарай жүргізу: жоқ.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл
2. Тобрамицин көз тамшылары
3. *Хлорамфеникол көз тамшылары
4. *Дексаметазон инъекцияға арналған ерітінді 4 мг/мл, 8 мг/мл дексаметазон фосфаты (динатрий тұздары түрінде) ампулада 1 мл
5. *Диклофенак натрий 25 мг, 100 мг, 150 мг табл.
6. *Кеторолак инъекцияға арналған ерітінді 1 мл/30 мг
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары: қылилық бұрышының төмендеуі, ортотропия, бинокулярлық көруді қалыптастыру, көрудің бірқалыпты болуы.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
Достарыңызбен бөлісу: