Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі



бет39/47
Дата05.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#7184
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Мақсаты: Озат педагогикалық тәжірибеге нені жатқызатынын, оған қойылатын талаптармен таныстырып, инновация ұғымы жайлы жалпы ақпар беру.
Жоспар:

  1. Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым.

  2. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.

  3. Инновация.

1. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибиесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс – тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте – бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесін жан – жақты талдап, қорытындылап тарату керек.
2. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

  • оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

  • өз беттерімен білім ала білуі;

  • білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

  • оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс - әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез – құлқынан, жүріс – тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қоысмша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс – тәжірибелерін зерттеу және жинақтау, жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, педагогикалық ғылыми – зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқалады. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып, сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік – тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет