Өзін-өзі бағалау әдісі-тұлғаның өзін өзі, өзінің басқа адамдар ішіндегі мүмкіндіктерін, қасиеттерін және орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі-зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық байланыстарды орнататын тәсіл.
Тәуелсіз сипаттамаларды жинақтау әдісі-бақыланған адамға әр түрлі адамдар баға беретін тиімді әдіс.
Сән-таңдамалыда жиі кездесетін зерттелетін белгінің сандық мәні.
Монографиялық бақылау өзара байланысты әр түрлі шамадағы сандарды қамтиды, олардың дамуын бақылайды.
Моделдеу-педагогикалық процесс туралы теориялық түсінік. Модель педагогикалық процестің қызметінің шарттарын, байланысын, элементтер жүйесін бейнелейді.
Бақылау-процесс нәтижесінде зерттеуші нақты мәліметтер алатын белгілі бір педагогикалық құбылыстың мақсатқа бағытталған көрінісі.
Ғылыми жаңалық-бұрын ешкім зерттемеген алғаш рет алынған нәтижелер.
Тура бақылау Зерттеуші бақылау кезінде көрген фактілерді тура тіркейді.