«Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша глоссарий
Өзара байланыс анализі-бақылаудың бір түрі, оның көмегімен адамдық тәрбиенің, коммуникациясының, ақпарат алмасуының сыртқы көрінісін, коллективке және жеке тұлғаға қарым-қатынасын, келісуі мен келіспеуінің көрінісін зерттейді.
Анкеталау-анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі.
Анкета-толтырған адам туралы мәлімет беретін сұрақ қағазы.
Зерттеу нәтижелерін енгізу және апробациялау-кез келген ғылыми зерттеудің соңғы кезеңі; зерттеу қызметінің соңғы нәтижесі.
Әңгіме-қажетті ақпаратты алу мақсатымен қолданылатын зерттеу әдісі.