Клиникалық көрінісінде жүрек шекарасының солға жылжуы, жүрек ұшында I-үннің көмескіленуі, өкпе артериясының үстінде ІІ-үн акценті, функционалдык систолалык шудың жүрек ұшында естілуі, жиі артериалдық гипотония анықталады.
Диабетикалык нефропатия (ДН) - микроангиопатияның бір варианты. Диабеттін І-типімен аурулардың 50 %-да байкалып, қаза болудың негізгі себебіне жатады. Жарақатқа ұшырайтын шумақ кабаты не сүзгіш-мембрана.
ДН-ның қауіп факторлары: гликемияны байқау нашарлығы, артериалдык гипертензия, темекі шегу, бүйрек аурулары, дислипидемия, ҚД-нін ұзактығы 5 жылдан асуы. ДН патогенезінде ең мәндісі - гипергликемия. Созылмалы гипергликемия кезінде тамыр эндотелиі жарақаттанып, вазоконстрикторлар түзілісі артады: эндотелиндер, Н2-простагландиндер, супероксиданион, ангиотензин-ІІ, тромбоксан А2. Бұлар шумақтың спазмын туғызып, онда кысым көтеріліп, осыдан капиллярлар жыртылады. Эндотелиндер күшті митогендік фактор ретінде тамырдың беткейлі клеткалары мезангий, фибробласттар мен кардиомиоциттердің пролиферациясы аркылы сүзгіш-мембрананы жуандатып, шумақ ішін кішірейтеді. Бұған және тамыр қабатында белоктардың ферменттік емес гликолизі, глюкозаның полиолды (сорбитодтык) тотығуы қосылып, көп мөлшерде сорбитол түзіледі. ЖҚҰ синдромы күшейеді (созылмалы түрі).