Қант диабеті

бет4/10
Дата22.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#182028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
555972.pptx

Басқа ағзалар мен түрлі жүйелердегі өзгерістер көбінесе кантамырлар бұзылысына қатысты (диабетикалықангиопатиялар), кішігірім қантамырлар бүзылысы (капилляр, венула-, артериоддар) - микроангиопатия, ал ірілерінде макро-ангиопатиялар. I типті диабетке мына микроангиопатиялар тән: ретинопатия, нефропатия, нейропатия. Диабетикалык ангиопатиялар — науқас балалардың ерте мүгедек болуының негізгі себебі.

Диабеттік ангиопатиялар патогенезі әлі түпкілікті шешілмеген. Дегенмен негізгі себептеріне алмасу бұзылыстары, полииолдық циклдың белсенуі, Нв мен базальдық мембрана белоктарының гликолизденуі, контринсулярлық гормондардың деңгейінің жоғарылауы жатады. Генетикалық жайлар қатынасының мүмкіндігі де едәуір.

І-типтің үлкендердің 2-типті диабетімен науқастардан ерекшелігі: балаларда макроангиопатияның көріністері - ишемиялық жүрек ауруы, миокард инфаркты, аяк гангренасы, артериалдық гипертензия - төжірибеде кездеспейді деуге болады. Бұл жүрек-қантамыр жүйесі, заттек алмасу құбылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері мен оларда қосалқы кеселдің аздығына байланысты.

Балаларда диабеттік тамырлар бұзылысы шағымсыз жүреді. Дегенмен, мұкият қарағанда дисметаболикалық кардиопатия көріністерінің объективті сипатын анықтауға болады: бұлардың пайда болуында микроангиопатиялар рөлі сөзсіз. Бұған косымша, созылмалы қуат жоқтығы, анаболикалық кұбылыстар өзгерісі, миокардтағы электролиттер бұзылысы өз үлестерін қосады.

Клиникалық көрінісінде жүрек шекарасының солға жылжуы, жүрек ұшында I-үннің көмескіленуі, өкпе артериясының үстінде ІІ-үн акценті, функционалдык систолалык шудың жүрек ұшында естілуі, жиі артериалдық гипотония анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет