Диабетикалыкнефропатия емі: 1) адекватты кант түсіру емі (өзін өзі байқау тәсілмен); 2) тағамдағы белок мөлшерін екі есе темендету; 3) ААФИ колдану.
Баска емнің бәрі симптоматикалық. СБЖ дамуында бүйрек алмастырып кондыру жоспарлануы тиіс. Оған дейін-орнын толтыру емі - гемодиализ не перитонеаддық диализ.
КД-де асқорыту жүйесіндегіөзгерістер жиірек. Пародонт бүзылысы, үдемелі кариес, асказан, ішек, ұйқы безі сөлінің секреторлық кемістігі оның айғағы. Бүл инсулин тапшылығы (ол асқорыту бездерінің табиғи тітіркендіргіші) және жүйедегі атрофиялық өзгерістермен (микроангиопатиялар салдары) түсіндіріледі. Науқастарда іш қатуға бейімділік, энтеропатия көрінісі болуы мүмкін (бүл кеселдін, вегетативтік нерв жүйесіне арнайы әсері). Терең метаболикалық бұзылыстарда бауырдың майлык инфильтрациясы не майлық гепатоз дамуы (гепатоциттерде гликоген мөлшері азайып, керісінше, липидтер тұрақтайды) байқалады.
КД-де нерв жуйесі бұзылыстары жиі байқалады. Анамнезінде жиі гипогликемия байқалған балаларда ауыр энцефалопатия дамып, ақылы кеміп, еске ұстау кабілеті төмендеп, ошакты белгілермен білінуі мүмкін. Дегенмен, көбіне жоғары нерв жүйесінің бұзылысы психикалық кемістік, астено-невротикалық әсерлермен айқындалады.

Шеткі нерв жүйесінің диабетгік бұзылысы - симметриялык полинейропатия -көбінесе тізе, табан ауыруымен ерекшеленеді, әсіресе, түнге қарай. Күндіз, жүргенде ауырсыну сезімі азаяды. Наукасты парестезиялар мазалайды. Сезімталдықтың барлық түрінде дерлік өзгеріс табылады; сіңір рефлекстері темендейді не жоғарылайды. Перифериялық нейропатияның сиректеу сипаты — мононейропатия. Бұл көбінесе жедел пайда болады: аяқ (табан), кол нейропатиясы. Құбылыска ми нервтері катысып, көз нерві, үшкіл нерв т.б. нервтер парезі, невралгиясы білінеді.