БОЙЫНША ЖІКТЕЛУІ АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ
бет 5/13 Дата 21.01.2022 өлшемі 1,15 Mb. #112751
БОЙЫНША ЖІКТЕЛУІ АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ I. Бактерицидты препараттар Жасуша қабырғасының түзілуін тежейтін заттар : пенициллиндер , цефалоспориндер, басқа β- лактамды антибиотиктер , ристомицин, циклосерин , бацитрин, ванкомицин, римфамицин. Бұл препараттар пептидогликанның түзілуіне қатысатын ферменттердің белсенділігін тежеп жасушаның негізгі қаңқасынан айырады. Тек қана бөлінетін жасушаларға әсер етеді. Цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын препараттар: полимиксиндер, полиенді антибиотиктер. Бөлінетін және бөлінбейтін жасушаларға әсер етеді. Цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын , ақуыз және нуклеин қышқылдарының түзілуін тежейтін препараттар: аминогликозидтер, грамицидин , хлорамфеникол. Препараттар бактерицидты және бактериостатикалық әсер көрсетеді. Әсер ету нүктесі – бөлінетін және бөлінбейтін жасушалар. Достарыңызбен бөлісу: