Пенициллиндер зең саңырауқұлақтарынан алынған алғашқы биосинтетикалық антибиотиктер. Басқа АБ-мен салыстырғанда уыттылығы төмен, оны жүктілік кезінде тағайындауға болады. Бірақ бұл топтың АБ-сына аллергиялық реакциялар жиі дамиды (науқастардың 4-6%-ында кездеседі).
Көптеген онжылдықтар бойы бензилпенициллиннің натрий тұзы кеңінен қолданылған болатын. Бірақ оның біршама кемшіліктері де бар:
Қышқылды ортада тұрақсыз (ішке қолданған кезде тиімсіз болады)
Микробтардың бета-лактамазасының әсеріне тұрақсыз (кейбір микроорганизмдер осы ферментті бөледі, ал ол фермент АБ-ның бета-лактамды сақинасын ыдыратып резистенттіліктің дамуына әкеледі).