Антибиотиктер


ФЕНИКОЛ ТУЫНДЫСЫ – ХЛОРАМФЕНИКОЛ (ЛЕВОМИЦЕТИН, СИНТОМИЦИН), ТИАМФЕНИКОЛ



бет13/13
Дата21.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#112751
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ФЕНИКОЛ ТУЫНДЫСЫ – ХЛОРАМФЕНИКОЛ (ЛЕВОМИЦЕТИН, СИНТОМИЦИН), ТИАМФЕНИКОЛ

  • препараттарының әсер ету спектрі кең, енгізген жерден ұзақ сіңіріледі. Осыған байланысты АІЖ және тері жабындысының инфекцияларында қолданады.
  • Уытты әсерлері: гематотоксикалық: анемия, лейкопения, агранулоцитоз; невротоксикалық реакциялар: депрессия, сананың бұзылуы, делирий, көру және есту галлюцинациялары, көз алмасының салдануы, дәм сезінудің бұзылуы, неврит.
  • Қолдану корсетімдері: ішсүзегі, бөртпе сүзегі, паратифтер, дизентерия, бруцеллёз, менингит, сепсис, остеомиелит; стоматологияда: гингивит, парадонтит.
  • Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, диспепсиялық реакциялар тудырады, дисбактериоз және онымен байланысты жанама әсерлер жиі дамиды.

ЛИНКОЗАМИНДЕР

  • Линкомицин ауыз қуысындағы шартты патогенді микроорганизмдердің көбінің өмір сүруін тежейді, олардың ішінде көгерткіш стрептококктардың, стафилококктардың ж.т.б. микроорганизмдердің (олар басқа антибиотиктерге тұрақты болған жағдайлардың өзінде).
  • Бактериялардың тұрақтылығын бұл дәрі ұзақ уақыт туғызбайды.
  • Линкомицин сүйек тіндерінде жақсы жиналады, сондықтан стоматологиялық хирургияда кеңінен қолданады.
  • Пародонтиттерді (тісті орнында ұстап тұратын сіңірдің қабыну аурулары), периодонтиттерді (тістің жан-жағындағы ұлпалардың қабынуы) және де ауыз қуысының іріңді ауруларын емдегенде қолданады.
  • .

ФУЗИДИН – НАТРИЙ

  • басқа антибиотиктерге тұрақты стафилококктар тудыратын инфекцияларда қолданылады.
  • Әсер ету спектрін кеңейту үшін фузидиндарды пенициллиндер немесе тетрациклиндермен қосып қолданылады.
  • Қолданылу көрсетімдері: антибиотиктерге тұрақты стафилококктар тудыратын бет сүйектерінің қабынбалы-іріңді аурулары, пародонтиттің абсцестік түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет