Препаратты дұрыс тағайындағанына көз жеткізу үшін қоздырғыштың АБ сезімталдығын анықтау қажет.
Аурудың клиникалық ағымына және АБ фармакокинетикасына байланысты АБ оңтайлы енгізу тәсілін және оңтайлы енгізу жиілігін қолдану қажет.
АБ тиімді енгізу курсы 7-10 күннен аз болмауы қажет. Сонымен қатар антибиотикотерапия курсы үзіліссіз болуы керек. Бұлардың бәрі микроорганизмдердің АБ резистенттілігінің дамуының алдын алады.
Аурудан толығымен айығу үшін, микроорганизмдердің резистенттілігінің алдын алу үшін АБ-ның максималды (оптималды) терапиялық мөлшерін пайдалану керек.