Антик философиясы «Антика»термині латын сөзінің – antiqus, яғни көне деген шыққан. Антика кезеңі деп Көне Греция мен Рим, сонымен қатар осы елдер мәдениетінің ықпалында болған жерлер мен халықтардың даму кезеңдерін атайды.
Антика кезеңінің алғашқы философиялық мектебі Милет мектебі болып саналады. Милеттіктердің қарастырған негізгі мәселесі – алғашқы бастаманы, субстанцияны, архэны іздеу болды. Аталмыш мектептің негізін қалаушы – Фалес. Фалестың субстанциясы – су.Фалестың шәкірті – Анаксимандр. Ондағы алғашқы бастама – апейрон (грекше - шексіз). Сонымен бірге, Анаксимандр алғашқы болып географиялық картаны, күн сағатын және глобусты жасап шығарған. Анаксимандр шәкірті, Милет мектебінің тағы бір өкілі - Анаксимен. Анаксимендегі архэ – ауа. Эфестен шыққан философ Гераклит(Қараңғы) әлемнің негізі деп оттықарастырған. Гераклитты стихиялық диалектика өкілі деп айтуға болады. Оның атақты афоризмдері: «Барлығы ағады, барлығы өзгереді», «Бір өзен ағысына екі рет кіруге болмайды». Сонымен қатар, Элейлік философия мектебі бар. Олардың негізгі көтерген мәселелері – болмыс туралы ілім немесе онтология. Элей мектебінің негізін қалаушы – Парменид. Парменидтің айтуы бойынша «Болмыс бар, болмыс емес жоқ»,яғни болмысты тануға болады, ал болмыс емес (бейболмыс) танылмайды. Элеаттардың ойынша, болмыс бірегей. Элеаттардың тағы да бір өкілі – Зенон өзінің апорияларымен әйгілі. (апория гр. тілінен аударғанда қиын, шешімі жоқ жағдай). Оның ең атақты апориялары – «Ахиллес және тасбақа», «Жебе». Зенон өзінің апориялары арқылы қозғалысты ойлау мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысады.