Ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында кейін матералистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар фиософиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп , жоғалып жатады.
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Тіршіліктің шығуы Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған-жылылық. Жандар әр түрлі болады. Космостық жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан әлде қайда жоғарырақ. Ал адамның жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі, онда жылумен қоса от та бар. Демокриттің іліміне ақылды жан – «сана» ұғымы мен синонимдес ұғым.

Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жаны ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады.
Оларға Демокрит атаған қасиеттерден басқа көлем, салмақ сияқты мәнді қасиеттер тән. Салмақтың арқасында атомдар «құлайды» және жолдан ауытқиды. Осындай «өздігінен ауытқитын атомдар» қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда болады.
Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана жеткен. Эпикурдың ілімінше, атомдар – дүниенің алғашқы бастамасы.
Демокриттің атомистік ілімдерін әрі қарай жалғастырған ежелгі грек философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270ж.ж.)болды.
Эпикур жолын ұстап, оның ілімін ары қарай дамытқан ежелгі Рим философы және ақыны Лукреций Карр болды.
Бұл заңдылық адам тағдырына бейтараптылықпен қарап, олардың қайғы қасіретін көбейтеді. Осыған қарамастан, адамдар тағдырға мойын бірге ұсынбаулары, керісінше, қолдарынан келгенше тағдырдың тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек.
Негізгі еңбегі «заттардың табиғаты туралы» Лукреций Эпи кур сияқты атомдардың қозғалыс барысында ауытқуы материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда болуы және өзгеріп дамуы қатал себептілік заңына бағынады дейді.