3. Түріктер үстемдігі. Жоғарыда айтып кеткеніміздей 1453 жылдан бастап түріктер Константинополды жаулап 1829 жылға дейін өз үстемдіктерін жүргізді.
4. Жаңа грециялық кезең. Түріктер үстемдігінен босатылғаннан кейін, Грекияның сол күндерден бастап қазірге дейінгі күндері.
Осы төрт кезеңдердің ішіндегі дүние жүзіндегі мәдениет және әдебиет салаларына ең маңыздысы болып – антикалық кезең болып табылады. Грекиялық әдебиет тарихын зерттеу барысында бұл салада көптеген ғалымдар еңбек сіңіріп, көптеген кітаптар шығарды.
Антикалық кезең тарихы негізінен грекиялық әдебиетпен тығыз байланысты. Оның өте қызықты, құнды көркем шығармалармен бай болуы ғана емес, сонымен қатар оның бүкіл еуропа әдебиетіне тигізген әсерінен бізге үлкен қызығушылық туғызады.
Бүкіл еуропа мәдениеті осы антикалық кезең арқылы өзінің бастауын алған. Біздің қоғамдық түсініктеріміз, ойлау жүйеміз, тіліміз, көркемдік образдар және тағы да көптеген қырларымыз антикалық мәдениет арқылы жетіліп бізге жетті. Ал антикалық мәдениетсіз мұның бәрі де түсініксіз болар еді. Жаңа еуропа тарихында антикалық мәдениет идеал мен антикалық форманы әдебиет және өнерге, араластыру процессі де өтті. Бұл арқылы еуропада көптеген жаңа дәуірлердің қалыптасуын сипаттай алады. Мысалы, Италиядағы класицийзм дәуіріне (XVII –XVIIIғ.ғ) , 1789 жылғы Франция революциясына көптеп сипаттама бере алады. Мұнымен қоса антикалық мәдениет арқылы ұлы жазушылар өздерінің шығармаларына көптеген маңызды тақырыптарда ойлар қозғап, көркем образдарды да қағаз бетіне түсіре алды. Мысалы, Данте, Петрарка, Микельанджело, Шекспир, Мильтон, Байрон, Рабле, Расин, Молвер, Вальтер, Эразм Ротердамский, Рейхлин, Лессин, Гете, Шиллер және т.б.
Грек әдебиетінің тарихи тұрғыдан қарастыруда оны да төрт кезеңге бөліп қарастырған:
Достарыңызбен бөлісу: |