1. Бастапқы кезең. Бұл кезең б.з.д. ІІ мың жылдықтар мен І мың жылдықтарды қатиды. Бұл кезеңнің басында фольклор әдебиеті қалыптаса бастады.
2. Эллиндік немесе классикалық әдебиет кезеңі. Бұл кезеңде (б.з.д. IX – IV ғ.ғ.) тәуелсіз мемлекеттер мен қалалардың өсіп өркендеу процессі болды. Сонымен қатар әдебиет саласында үш жанр қалыптасты. Олар: лирика, эпос және драма.
3. Эллиндік немесе элленизм кезеңі. Б.з.д. ІІІ – І ғ.ғ. аралығында монархиялық халық шығармашылығы қалыптасты.
4. Императорлық немесе Римдік элленизм кезеңі. Рим үстемдігінің (І – Vғ.ғ.) және антикалық қауымның феодалдық қауымға ауысуы. Ескі салт-дәстүрлер қолданылмай жаңа христиандық – византикалық дәстүрлер пайда болды.
Бұл кезеңдердің ішінен грек әдебиеті үшін ең маңызды болып саналатын кезең бұл екінші эллиндік немесе классикалық кезең болып табылады. Бұл кезеңге Гомер, Пиндар, Эсхил, Софокл, Эврипид, Аристофон, Платон, Аристотель, Демосфен, Менандр секілді ұлы ғұламалардың шығармалары жатады. Ең бастысы бұл кезеңде дүние жүзілік әдебиет саласында әдебиеттің түрлі жанрлық бағыттары анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |