Драма жанрының қалыптасуы.
Драма – бұл сөзді грек тілінен аударсақ «қимыл» деген мағынаны береді. Грек әдебиетінің саласында драманың үш түрі кездеседі: 1.Трагедия 2.Комедия 3.Сатиралық драма. Сатиралық драма көбіне жеке бір өзінше дербес ретінде қойылмайды, оны трагедиялық трилогиялардың қорытындысы ретінде қоятын. «Комедия» сөзін грек тілінен аударғанда көңілді отырыс, өлең, шу, көңілді көтеріп қыдыру деген мағыналарды береді. Грекиялық әдебиет жанрындағы драма саласы крито-мекен дәуірінде (б.з.д. ІІ мың жылдықтың екінші жартысы) өзіндік ерекшеліктерімен байқала бастаған. Бірақ, өзіндік көркем әдебиет туындысының дербес саласы ретінде тек қана б.з.д. VI ғасырда трагедия мен комедияның формасы ретінде қалыптасты. Бірақ оның Грекияда ерекше болып қалыптасуына бірден-бір себепкер болған шаттық құдайы Дионис еді. Диониске табыну Грекияның шет аймақтарында да, мысалы: солтүстігіндегі Фракиндер, шығысындағы – Кіші Азия, оңтүстігіндегі Крит аралы сияқты елді мекендерге де кеңінен тарады. Бұл кезең б.з.д. VII – VІ ғасырларды қамтиды.
Бұл сол кездегі гректердің Ұлы Диониске арнаған мейрамдарында, оған табыну салттары өте таңғаларлықтай болған. Сол кездегі табынушылыққа қатысушылар өздерін Дионистің деп санаған, сөйтіп оларды Дионистің екінші аты Вакхаға сәйкес вакхантшылар деп атаған. Дионис табиғи және қоғамдық процесстердің, көркемдік шығармаларының туындыларының қорытындысы болғандықтан, ол әр тірі адамның бойында болады деп есептелінген. Бұл ойлар сол кездегі әдебиет саласындағы драма жанрының қалыптасып, өсіп-өркендеуіне өзінің үлкен септігін тигізді. Дионистік қуанышпен шаттық мейрамдары сол кездегі адамдардың арасындағы қоғамдық жолмен қалыптасқан шекараларды бұзды. Қоғамдағы қарапайым шаруалармен жоғарғы аристократтар қауымы Дионистк сенімде бірдей дәрежеде деп танылды. Осы себептен де Дионис алғашқы аристократтық Олимптегі құдайлармен теке-тіреске түсіп, оларды тез жеңе білді. Осыдан кейін Дионис Ұлы Зевс құдайының ұлы деп танылып, Олимпте өзінің лайықты орнын алды.
Б.з.д. VI билеушілер Диониске деген табынушылық сенімдерін өздерінің мемлекеттерінде де орнатып, басшылыққа алды. Мысалыға, афиндік тиран Писистрат өзіндік демократиялық және антиаристократтық саясатты ұстанып, Афинада Ұлы Дионистер мейрамын орнатып, ең бастысы осы Писистраттың өзі билік еткен уақытта Афинада алғашқы сахналық трагедия қойылымын қояды. Ал Сикион қаласында билік еткен екінші тиран Клисфенде Дионис мейрамын жергілікті Адраст батырының мейрамының алдында тойлаған. Диониске табынушылық грекиялық классикалық трагедияға дейінгі жолы өте ауыр және ұзақ болды. Бірақ бұл жол қаншалықты ауыр болса да, бұл жол Грекияда жүріліп, «грекиялық әдебиет» кезеңі секілді өз мәресіне тез-ақ жетті.
Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы – грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүние жүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид және Аристофонның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.
Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия «ешкілер әні» деген мағына береді. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі - трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мақсаты мен мазмұны – халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелікмәні болды. Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазарту) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты. Адамзат мәселесі, адамның тағдыры, әділеттілік пен игілік және т.б. мәселелер осы бір даналар назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының, өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.
Бұл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастыры. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ашылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталған. Б.з.д. IV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театрлар басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты театры Афины тұрғындардың үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары – діни мейрамдардың бір саласы болғандықтан, оған жүздеген-мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойнаған актерлерді жоғары бағалаған.Олардың атақтыларын аты-жөндері мәрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемелекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр.
Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы – ұлы Эсхил (б.з.д. 525 – 456ж) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолдануы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, әділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі қарай айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілдігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тағдыры мәселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (б.з.д. 497 – 407 ж.) шығармашылығында өзінің заңды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп талатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін әлем сахналарын түспеуі көп нәрсені аңғартса керек.
Б.з.д. 480 – 406 ж.аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне әкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.
Трагедия формасы. а)Аристотельдің айтуынша: «трагедияның қалыптасу жолы мадақтау өлеңінен бастау алады» - дейді. Мадақтауды өлеңін шындыққа жанастырсақ бұл шынымен де Диониске байланысты хормен айтылатын өлеңдер екен. Трагедия осы мадақтау өлеңі мен хордан пайда болған. Мадақтау өлеңін айтушы біртіндеп актерге айналса, ал хор негізгі трагедия ретінде ұғынылған. Эсхил, Софокл және Еврипид секілді грекиялық трагедияшылардың шығармаларындағы грекиялық классикалық драмасына қарап хордың эволюциясын көруге болады. Бұл эволюциялық жолда хордың маңыздылығы қалай біртіндеп төмендегенін көруге болады. Эсхилдің бастапқы трагедиялық шығармаларында хор маңызды роль атқарса, ал соңғы Еврипидтің шығармаларында хор жай ғана музыкалық антракт ретінде қолданылады.
ә) Аристотельдің тағы да бір пікірінше трагедияның қалыптасуы сатиралық ойындармен де тығыз байланысты. Сатира – бұл адам образы секілді ешкінің мүшелері (мүйізі, сақалы, тұяғы, жалбыраған жүндері) қатысқан немесе ат құйрығы бар шайтан деп есептелінген.
Ешкі бұха секілді Диониске табынушылықпен тығыз байланысы бар. Грекиялық шығармаларда Дионис көбіне ешкі түрінде сипатталып, оған құрбандыққа ешкілер әкелінген. Бұл жердегі идея сатира мен трагедияның тығыз байланыстылығын көрсетеді. Трагедия сөзінің өзі грек тілінен аударғанда «ешкілкер өлеңі» немесе «ешкілер туралы өлең» (tragos – ешкі, ode - өлең) деген мағынаны білдіреді.
б) Трагедияның пайда болуына өлген адамдардың немесе ұлы батырлардың әруағынан тұрады деген теория да ұсынылған. Әрине, батырларға табынушылық трагедияның пайда болуына өзінің оңды–солды әсерін тигізе алмайды, бірақ батырлық аңыздар трагедиялық шығармаларда өзіндік орны ерекше болып есептеледі.
в) Трагедия өз қойылымының сюжетінде әр қашанда жылап, қайғырған адамдардың немесе батырлардың да бейнесі қамтыған, соған орай трагедияның пайда болуына тағы да френетикалық теория ұсынылған, (грекше «trenos» - «өлген адамды аңсап жылау»). Бірақ, бұл френостің өзі де трагедияның пайда болуына әсерін тигізе алмайды.
Осы трагедияның пайда болуына, жоғарыда айтылған тұжырымдардың ешқайсысы сай келмесе де, олар бірігіп трагедияның негізін қалады деп есептеледі.
Эсхилге дейінгі трагедия.
Өкінішке орай Эсхилге дейінгі жазылған трагедиялық шығармалардың бірде-біреуі сақталмаған. Аристотельдің қалдырған еңбектері бойынша: «Драма Пелопоннессадағы дарилік тұрғындардың арасында пайда болған» - дейді. Драма жанры бұл трагедия, сатиралық драма Ұлы Дионисия (қалалық, наурыз – сәуір), Ленеях (қаңтар – ақпан) мейрамдарында көрсетілген сахналық қойылымдарда комедия басымырақ болса, ал ауылдық (желтоқсан – қаңтар) аймақтардағы сахаларда қалада қойылған пьесаларды қойған.
Бізге ең алғашқы афиндік трагедия жазушы есімі белгілі, ол – Феспид. Феспид өзінің алғашқы сахналық қойылымын 534 жылы Ұлы Дионис мейрамында қойған. Эсхил секілді трагедия жазушыларындың бірі – Фриних (б.з.д. 511 – 476ж.ж). Оның қаламының ұшынан «Милеттің алынуы» және «Финикияндықтар» атты секілді ұлы шығармалар туған. Кейінірек Пракин есімді жазушы өз қорына көбіне трагедиядан гөрі сатиралық драма жанрында көп шығармалар жазған.
Трагедия жанрының құрамы (құрылымы).
Трагедия өз бастауында «кіріспе» бөлімінен басталады, бұл бөлімде көрермен трагедияның кіріспесін келесі бөлімдердің басталуына дейін түсініп, басын ашып алуы керек. Келесі бөлімдер хордыңи қатысуымен жүреді. Хордың бірінші кезегінде немесе бірінші «парод»(өту деген мағынада) деп алатын бөлімінде трагедияның негізгі іс-әрекеттері жүзеге асады. Бұл бөлімнен кейін трагедияда кезектесу оқиғалары болады. Бұл оқиғаларда негізінен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, бір кейіпкердің екінші кейіпкермен қарым-қатынасын кезектесіп диалогтар арқылы береді. Диалог хормен екінші бір болмашы оқиғалармен кезектесіп көрсетеді. Бұл бөлімнің жалғасы ретінде «стасим» деп аталатын бөлім өзінің ісін бастайды. Стасим сөзінің қазақша беретін мағынасы тұрғылықты немесе тұрақты болып табылады. Бұл стасимде тұрған хор өлеңді бір орында айтады. Трагедияның соңғы бөлімі ретінде «эксодом» деп аталатын бөлім танылады. Эксодом бөлімінде трагедиядағы оқиғаларды хор өлеңімен қортындылап сахна шымылдығын жабады. Тағы да бір маңызды жағдайлардың бірі ол хордың актермен қосылып өлең айтуы, бұл көрініс трагедияның кейбір тұстарында да кездесіп жатады. Бұл көріністер көбіне көрермендердің көңіліне әсер етіп, көздерінен жас шығарған. Трагедиядағы мұндай бөлімдерді «коммос» (грекше «сорto», соғамын, ұру берілген жағдайда «көкірегімнен өзім ұрамын») деп аталады. Трагедияның осы секілді бөлімдері немесе осындай құрлымдық ерекшеліктері Эсхил, Софокл және Еврипид секілді ұлы трагедиялық жазушылардың шығармаларында да анық айқын көріністерін тауып жатады.
Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі – Аристофан (б.з.д. 445 – 385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен ьқатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және т.б. комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дәстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дәл осы кезеңде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын, оның халықтық сипатын айқындай түсті. Қоғамдық өмір мәселелерін белсене сынаған Аристофон комедияларының орнына өз заманының саяси оқиғалары атүсті суреттелген мән мағынасыз комедиялар пайда болды. Міне, осындай тарихи жағдайда грек мәдениетінің тағы бір кезеңі – тоқырау кезеңі басталды.
Рим әдебиетіне клетін болсақ, бұл салада грек әдебиетінің ықпалы зор болды. Алғашқы кезде гректер Рим жазушылары болды, тіпті алғашқы әдеби шығармалардың өздері де грек тілінен латыншаға аударылған. Алғашқы рим ақыны Ливий Андрониктің ұлты грек болған, ол кейіннен ұлы Гомердің «Одиссеясын» ғана емес, атап айтқанда, Софокл мен Еврипидтің шығармаларын және тағы да басқа грек трагедиялары мен комедияларын латын тіліне аударды. Ал шын римдік жазушы б.з.д. III ғ. аяғы мен II ғ.басында өмір сүрген Плавт болды. Оның «Тұтқындар», «Үш бақыр» және т.б. комедияларында Рим империясының тіршілік-тынысы барынша қамтылды. Одан кейінірек комедия жанрымен айналысқан – Теренций (б.з.д. 125 – 159 ж.) грек авторларының, әсіресе Менандрдың шығармаларын латын тілінде қайталап беруден аса алған жоқ. Ал рим трагедиясына келсек, ол нақты өмір шындығынан алшақтау болды және грек трагедияларында еліктеушілік сезіліп тұрды.
Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды. Варонның (б.з.д. 116 – 27 ж.) ең әйгілі «Древности дел божеских и человеческих» атты шығармасы әрі тарихи, әрі географиялық, әрі діни энциклопедиясы болды. Ол сонымен бірге бірталай грамматикалық, тарихи-әдеби, философиялық еңбектермен қатар Римнің атақты адамдарының өмірбаянын да жазған.
Осы кезеңдегі әлемнің ойшыл алыптарының бірі – аса көрнекті қоғам қайраткері, от тілді, орақ ауызды, күміс көмей шешен, дарынды заңгер, философияның білгірі, тамаша жазушы ұлы ғұлама – Цицерон болды (б.з.д. 106 – 43 ж.). Римнің саяси өміріне белсене араласқан, ол осы саясат саласына байланысты «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы» және т.б. ғылыми трактаттар жазды. Ұрпағына мол мұра қалдырған ұлы философ. «Құдайлардың табиғаты туралы», «Көріпкелдік туралы», «Академиктер ілімі туралы», «Тағдыр туралы», «Достық туралы», «Қарттық туралы», «Жамандық пен жақсылық туралы» және т.б. трактаттарында философияның еркіндік, бақыт, азаттық сияқты категорияларына жан-жақты талдау жасайды.
Тілінен бал тамған, лебімен отқа өртейтін әрі шешен, әрі философ Цицеронның негізінен соттарда сөйлеген 58 сөзі, 800-ден астам хаттары бар. Цицерон сол дәуірдегі философиялық идеялардың ықпалында болды. Олай болатын себебі, грек мәдениетінің ықпалы рим философиясында да айқын аңғарылады. Сондықтан да болар, Римде жеке философиялық жүйелер мүлде қалыптаспады.
Қорыта келгенде, ежелгі грек мәдениетінің шұғыласы антика өркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлар бойы өз сәулесін түсіріп келеді. Б.з.д. ІV ғ. пайда болған эллинистік мемлекеттер көп уақыт өмір сүрген жоқ, өйткені б.з.д. ІІ-І ғ. өзінде-ақ олардың көпшілігін құлиеленушілік Римнің қалын мемлекетінің жері көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп антика өнерінің жаңа тарауы болып есептелетін Ежелгі рим мәдениеті басталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.А.Тахо-Годи «Античная литература». Москва – 1986 г.
2. Анненский И.Ф. «Античная трагедия». Санкт-Петербург – 1906 г.
3. Радциг С.И. «История древне греческой литературы». МГУ, Москва – 1959 г.
4. Тронский И.М. «История античной литературы». Санкт-Петербург – 1957 г.
5. Хрестоматия : «Античная литература». Москва – 1973 г.
6. Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева. «Мәдениеттану». Алматы – 2001ж.
Достарыңызбен бөлісу: |