Алғашқы бастау мәселесі. Философияда алғашқы бастау ұғымын әртүрлі түсіндіретін екі бағыт қалыптасты: кейбір философтар алғашқы бастау материалдық түрде болады деді. Мысалы, Фалес суды, Анаксимен ауаны, Гераклит отты, Анаксагор заттардың тұқымын алғашқы бастау деп қарастырды. Эмпедокл төрт элементті алғашқы бастау дейді. Эвклид пен Демокрит атомды алғашқы бастау дейді; екінші бағыттағы философтар зат емес, идеалды түрдегі, рухани алғашқы бастауды мойындады. Мысалы, Пифагор алғашқы нәрсе деп цифрді көрсетті.
Қозғалыс мәселесі. Бұл мәселеде де екі бағыт қалыптасты. Гераклит дүние ұдайы қозғалыста деп есептеді. “Бір өзенге екі рет түсе алмайсың”, себебі ағын су лезде өзгеріп кетеді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бірлігі туралы пікір айтты; кейбір философтар қозғалысты ойлау мүмкін емес деп шешті. Мысалы, Зенон Элейский мынадай апорийлер айтты: Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, атылған садақ ұшпайды, қашықтықты шексіз екіге бөлгендіктен, бір нүктеден екінші нүктеге жету мүмкін болмайды. Бұл ойдағы қайшылықтардың бір көрінісі.