Автоклавтау туралы түсінік Автоклавтау булы стерилизаторлармен жүзеге асады. Булы стерилизаторларда жоғары температура (138˚С ке дейін) және жоғары қысым (2,5 атм дейін) орнатылады.
ЕПҰ-да стерилизацияның 2 режимі ұсынылады.
1 режим – температура 132˚С, қысым – 2 атм, уақыты-20 минут.
Бірінші (негізгі) режим бөз дәкеден жасалынған таңу материалдарын, киімдерін, жаймаларды және коррозияға төзімді металдан, шыныдан жасалған саймандарды залалсыздандыруға арналады.
2-режим – температура 120˚С, қысым 1,1 атм, уақыты 45 минут.
Екінші режим (сақтаушы, нәзік) резина, латекстен (хирургиялық қолғаптар т.б.), полимердің кейбір түрлерінен жасаған саймандарды залалсыздандыруға ұсынылады. Жоғары қысымды бумен залалсыздандырылатын саймандарды алдын ала арнайы бикс немесе контейнерлерге орналастырады немесе арнайы крафт-пакетке немесе бөз матаға оралады.Залалсыздандырудың бұл түріне тиімділік, сенімділік тән. Залалсыздандырудың сенімді нәтижесін алу үшін материалдарды бикске өзара бос орналастырып, залалсыздандыру уақытын нақты ұстау керек.
Залалсыздандырудың шарттары: Залалсыздандыру филтрлі, филтрсіз қорапшада, бөз матада немесе дымқылдықты өткізбейтін қағаздан жасалған қорапшада, Е маркалы автоматтарда бұйымдар орағыштарға арналған қағаз қорапшада өткізіледі. Бикске салудың универсалды, мақсатты, түрлі (видовая) түрлері бар:
Универсалды бір бикске бір түрдегі халаттар салынған, салфеткалар, мақта шариктер.т.б.
Мақсаттыүлкен операцияға арналған таңу материалы мен жаймалар салынады.
Түрлі кезінде бір операцияға арналған барлық материал бір бикске салынады.
Медициналық саймандар мен операциялық жаймаларды дайындау және бикске орналастыру
Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды дайындаймыз;
Бикстің ақаусыздығын тексереміз;
Бикстің ішін 2 рет сүртеміз;
Бикстің ішіне жайма төсейміз:
Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз;
Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б
Бикске тек қана залалсыздандыруға дайынматериалды қатаң тәртіппен саламыз;
Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек;
Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз:
Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз;
Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз;
Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына букіріп,жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз;
Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен салуды қадағалау керек;
Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;