«Антисептика»



бет1/6
Дата28.09.2023
өлшемі27,17 Kb.
#182804
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
стерилизация


Ауада, қоршаған ортада, адамның терісі мен шырынды қабығында өмір сүретін өте көп әртүрлі микробтар болады. Бұл микробтар адам организміне өздігінен ене алмайды, тек адамның терісі мен шырынды қабығының қорғану қабілеті (барьерлі функциясы) бұзылған немесе әлсіреген кезде (терісі жырылып кетсе, жарақаттанып қалса, күйсе) және медициналық ем-дом жасау тәртібінен ауытқыған кезде (ине шаншу кезінде, вена тамырына ине шаншу сәтінде) организмге енуі мүмкін. Хирургиялық манипуляциялардың зардабынан мысалы: терідегі тілік, дәрі құйған жер, операция жасаған орын арқылы денеге еніп, бүкіл организмге тарауы ықтимал. Микроорганизмдердің денеге енуінің зардабынан әртүрлі қабунылар пайда болады. Микроб тілікке түссе жарасы іріңдеп кетеді. микробтардың тері астындағы тіндерге түсуі кесірінен дүмпіп қабыну (флегмона) мен соқталанып қабыну (абсцесс) кездеседі. Егер микроб пен ірің қанға түссе, онда жалпы организмде хирургиялық инфекцияның етек алып өрбуіне жағдай туады. Мұны хирургиялық сепсис немесе септикопиемия дейді. Инфекцияның бүкіл денеге таралуына жалпы организмнің қорғану қабілетінең кенеттен төмендеуін, оның мұздауы, арықтауы, созылмалы кеселге ұшырауы кесірін тигізеді. Жараның іріңдеуін болдырмау үшін, оған түскен микроорганизмдердің денеге тарауына қарсы күресу .шін «Асептика және «Антисептика деп аталатын шаралар жүзеге асыру қажет.
«Асептика» деп жараға немесе науқас ағзасына микроорганизмдердің енуінің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жиынтығын атайды.
Асептиканың мақсаты ағзаның әсіресе науқастың операциядан кейінгі жарасын инфекциядан сақтау.
Медицина қызметкерлерінің құрал-саймандары, таңатын және тігетін материалдарындағы микробтар мен олардың жұмыртқаларын (спораларын) зарарсыздандыру (стерилизациялау) арқылы асептикаға қол жеткізуге болады.
«Антисептика» деп жара мен ағзаға түскен микроорганизмдерді жоюға бағытталған іс-шараларды атайды.
( 15 қантар 2013 ж. ҚР ДСМ № 19 Бұйрыққа сәйкес )Антисептика- емдеуді қамтамасыз ету инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, сілемейлі қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы
Антисептика механикалық, физикалық, химиялых және биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық антисептикаға жататындары:
- жараны, жараның бетін, теріні іріңді эксудаттан, ұйыған қандардан тазалау. Жұмсақ тіндердің
жарақаттануы кезінде, таңу қойғанда жараны тазалау міндетті түрде өткізіледі;
- жараның алғашқы хирургиялық өңдеуі (ЖАХӨ) – жара беттері мен тері тазаланады, жараға өңдеу (ревизия) өткізіледі, жараның жиектері, қабырғалары және түбі кесіліп, гематомалар, бөгде денелер және жарақаттанған тіндердің қабыну ошақтары алынып тасталынады, жараға тігіс немесе дренаж қойылады;
- оперативті шаралар – іріңдіктерді, оның қалталарын тіліп ашу, іріңдіктерге пункция жасау.
Физикалық антисептикаға жататындары:
- жараларға дренаждар қою;
- жарадан сұйықтықтардың ағуын жақсарту үшін гипертониялық ерітінділерді (натрий хлоридінің 10% ерітіндісі және магний сульфатының 25% ерітіндісі) қолдану;
- дене қуыстарына түтікті дренаждар қою;
- жараға сорбиттерді пайдалану (полифелан, СМУС -1). Олар өзіне токсиндер мен микроорганизмдерді сіңіреді;
- ультрадыбысты қолдану, ол жара қабырғаларындағы микроциркуляцияны жақсартады, некротикалық тіндердің бөлінуін тездетеді;
- қуаты аз лазерлі сәулелерді қолдану бактерицидті әсер етіп жара қабырғасындағы қабынуды жояды, іріңдіктен тазартады және науқастың ағзасындағы қорғаныс күштерін күшейтеді.
Химиялық антисептика деп химиялық дәрілік заттың көмегімен ошақтағы немесе науқас ағзасындағы микроорганизмдерді жоюды айтады. Химиялық заттардың көмегімен құрал - саймандар дезинфекцияланады, едендер тазаланып өңделеді. Теріні, қолды өңдеу үшін және жаралар мен кілегей қабаттарды жууға антисептикалық заттар қолданылады. Адам ағзасында, патологиялық ошақтарда бар бактериялардың өсуін тоқтату үшін химиотерапевтік заттар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет