«Антисептика»


Ыстық, құрғақ ауамен залалсыздандыру



бет5/6
Дата28.09.2023
өлшемі27,17 Kb.
#182804
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
стерилизация

Ыстық, құрғақ ауамен залалсыздандыру
Металл және шыны саймандарда ұсынылады. Стерилизация камерасында жұмысшы 180˚С температура, уақыты – 60 минут.
Есте сақтау. А/ крафт пакеттегі медициналық құрал - саймандардың стерильдігі 3 тәулікке дейін сақталады.
Б/ ашық эмальды астаушадағы медициналық құрал-саймандар тез арада қолданылуы керек.
В/ бұл шкафқа жұмсақ бөз орамын салуға болмайды.
Ауалы стерилизаторларда (құрғақ ауалы шкафтарда) жұмыс істеу тәртібі
1. саймандар суық стерилизаторға орналастырылады;
2. қыздыру;
3. стерилизация (180˚С – 60 минут);
4. суыту 40-50˚С –ке дейін;
5. босатып алу.
Химиялық заттармен залалсыздандыру
Сүтегінің асқын тотығы – залалсыздандыру үшін 6% ерітінді қолданылады – экспозиция 180 минут, температура 18,20,50 0С, полимер, резина, шыны және коррозияға төзімді металдарды толық батыру – экпозиция 360 минут, температура 18˚С болу қажет. Осы уақыттан кейін саймандар 2 рет залалсызданған сумен шайылып, залалсызданған контейнерге орналастырып, қақпағы жабылады (залалсыздану мерзімі – 3 тәулік) немесе қолдану үшін залалды аспаптарды үстел үстіне жайып қойылады.
«Дезоксон-1» - түссіз, сірке қышқылына ұқсас иісті, суда, спиртте жақсы ериді.
Залалсыздандыру үшін 1% жұмыс ерітінді қолданылады (препараттың 200 мл – 800 мл сумен араластырылады) – экспозиция 45 минут температура 180˚С, ерітінді 1 тәулікке жарамды, тек 1 рет қолданылады.
Залалсызданған саймандар залалсыз сумен 3 рет шайылады, сосын залалсызданған стерилизациялық қорапшаға залалсыз жайма үстіне орналастырылады. 3 тәулікке дейін сақтауға болады.
4,8% первомур, 2% хлоргексидин- 20 сағ. Т0С-18,20, формалин -24 сағ. Темп -18,20, 70% этил спирті, темп. 18,200С оптикалық аспаптарды екі рет дәкемен сүрту
Қолданылуы:полиэтилен материалдан жасалынған құралдар, жасанды дамалдандыруға арналған аспаптарды өндеу, эндоскоптарды стерильдейді
Радиациялық иондық тәсіл: гамма сәулелермен, инфрақызыл сәулелерімен стерилдеу
Газбен залалсыздандыру: этилен оксидпен,пропилен оксидпен,метил бромидпен, олардың қоспаларымен
Импульстық тоқкөмегімен- УЖТ,ӨУЖТ
Ультрадыбыс пен стерильдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет