Ақпарат және ақпарат үрдістері



бет6/12
Дата12.10.2019
өлшемі1,44 Mb.
#49764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Информатика әдістемелік нұсқау

Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.

Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

Linux операциялық жүйесімен танысу

Linux – Unix операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.

Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері

Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.

Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.

Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.

Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.

Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.

SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.

Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.

Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.


Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.ОЖ-нің қажеттілігі?

2.ОЖ қандай модульдерден тұрады?

3.Компьютермен жұмыс жасаған кезде жедел жадыда ОЖ-нің қандай модульдері
болуы керек?

4.ТСҚ жадысы неге энергияға байланысты және ОЖ-ні жүктемелеу кезінде оның


атқаратын ролі?

5.ОЖ-ні жүктемелеу процесі қалай жүреді?

6.MS-DOS мүмкіншіліктерін атаңыз?

7.Операциялық жүйе неге жатады?

8.Операциялық жүйе дегеніміз не?

9. Linux ОЖ-нің негізгі түсініктері.

10.ОЖ-ның керектігі?

11. ОЖ –ні жүктемелеу процесі қалай жүреді?

12. Windows мүмкіншіліктерін ата?

13. Операциялық жүйе дегеніміз не?



ІV.Дәрістер. Архиваторлар. Компьютерлік вирустар
Дәріс сабағының мазмұны:

Архивтеу туралы түсінік. Архиваторлардың түрлері


Файлдарды архивтеу.


Архиваторлар.

Вирустардың таралу жолдары. Вирустың пайда болу белгілері

Компьютерлік қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары.

Компьютерлік вирустар.

Программалық вирустар.

Макровирустар.



Архиваторлар.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақталу тәсілдері әр түрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фраменттер болады, оларды түгелдей дискіге ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.

Архиваторлар файлкөлемін 10-70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.

Әдетте 20 Мб дискіні уөшіру 60-қа дейін дискет қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан ақпараттарды қысылған көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады.

Файлды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырылғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әр түрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең тараған архиваторлар тобына ARJ, WinZip, RAR тәрізді программалар жатады.

Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:



  • файлдың аты;

  • файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

  • файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түдегі мөлшері;

  • архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шартбелгісі.

Информацияны қысу дегеніміз – файлдағы информацияның сақтау фадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі. Файлда инормацияны қысу процесі деректерді архивтеу деп те аталады.

Архивтен шығару дегеніміз – архивке орналасарға дейін олар қандай түрде болса, тура сол түрде архивтен файлдарды қалпына келтіру процесі.

Файлдарды буып-түйетін және шешетін программаларды архиватор-программалар деп атайды. Кең тараған программалардың ішінен ARJ, RAR, PRZIP, PAK, LHA, ICE, WINZIP атауға болады.

Соңғы уақытта қолданушыларда ARJ, WinZip архиваторлары кеңінен танылуда.

ARJ архиваторы жұмыс істеудің жоғарғы жылдамдығын және информацияны қысудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді.

WinZip архиваторы Windows-қа құрастырылған және ол да терезелік интерфейсті қолданады.

Осы архиваторлардың барлығы архивтеудің негізгі міндеттерін орындайды:


  1. жаңа архивтерді құру;

  2. архивтерден файлдарды алу;

  3. бар архивке файлдарды қосу;

  4. өзі шешілетін архивтерді құру;

  5. көп томды архивтерді құру;

  6. архивтерді бүтіндігіне тестілеу;

  7. зақым келтірілген архивтерді толығымен немесе жартылай қалпына келтіру;

  8. бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен архивтерді қорғау.

Компьютерде жұмыс істеген кезде өз информацияңды бөгде адамдардың қол сұғуынан және жоғалуынан немесе информацияны біреулер оқудан қорғау, шектей білу өте маңызды.

Есептеу техникасында ақпаратты қорғау түсінігі өте кең тараған. Ол компьютердің жұмыс атқару сенімділігін һәм деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді және бөгде адамдардың қол сұғуынан ақпараттарды қорғайды. Бөгде адамдардың қол сұғуынан ақпараттарды және жасырын хат алмасуларды қорғау үшін әдетте пароль орнатылады, құнды деректердің мүлтіксіз қорғалуы үшін олардың бірнеше данасы болуы мүмкін. Ал компьютерлік вирустармен күресу өте күрделі, өйткені олар зиянды және дербес компьютерлердің қолданушыларына зиян келтіруге арналған.

Компьютерлік вирус дегеніміз не?

Компьютерлік вирус дегеніміз - әдетте өлшемі бойынша (200-ден 5000 байтқа дейін) кіші арнайы компьютерлік программа. Басқа программаларда «көбейтілетін» және «жұғатын» мүмкіндігі бар. Ол компьютерге қолданушының бақылауынсыз «зақымдалған» дискета рақылы немесе «зақымдалған» файлмен ьірге кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымдалған» программа жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа программаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттарды бүлдіреді, оперативті жадты «ластайды» және т.с.с.

Вирус бір компьютерге кірсе, басқа да компьютерлерге тарауы мүмкін.

Вирус қайдан пайда болады?

Оларды білікті программистер қызғаныш, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін антивирустық программаларды жазатын және компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Ресейде – бұл атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі өсіп отырады және өзгеруде, сондықтан компьютердің қолданушысы вирустардың табиғатын, вирустардың жұғу әдістерін және олардан қорғануды білуі қажет.

Компьютерге вирус негізінде дискеттер және лазерлік диск арқылы, сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кіріп, дискіні қатты зақымдайды. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторы және кеңейтілуі exe., com., sys., bat. болатын орындаушы файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графиктік файлдарға сирек жұғады.

Әсер ету дәрежесі бойынша вирустарды бірнеше түрге бөлуге болады:



  • қауіпсіз, компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді, бірақ оперативті жадтың бос орнын және дискідегі жадтың көлемін кішірейтеді, мұндай вирустардың әрекеттері қандай да бір графиктік және дыбыстық әсерлерде байқалады.

  • қауіпті вирустар компьютер жұмысына әр түрлі кедергілер алып келуі мүмкін.

  • өте қауіпті вирустардың әсері программалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, дискінің жүйелік аймағында ақпараттардың өшуіне әкелуі мүмкін.

Компьютерлік вирустардың негізгі ерекшеліктерін, антивирустық программалардың сипаттамасын және программалар мен деректерді компьютерлік вирустан сақтау шараларын толық қарастырайық. Қазіргі уақытта 5000-нан аса программалық вирустар белгілі.

Барлық алуан түрлі вирустар араынан басты-басты топтарын бөліп қарастырайық:

1. Жүктелетін вирустар – дискеттің немесе винчестердің жүктелетін секторында сақталатын компьютердің алғашқы іске қосатын программаларын зақымдайды.

2. Файлдық вирустар ең алдымен кеңейтілулері exe. және com. болатын файлдарға енеді, бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолына алмайды, демек, көбею қабілетін жоғалтады.

3. Жүктелетін-файлдық вирустар файлдарды, сол сияқты дискеттердің жүктелетін секторларын зақымдайды.

4. Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді.

5. Желілік вирустар ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді біріктіретін желіде тарайды.

Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресудің үлкен тәжірибесі бар антивирустық программалар құрылған, программалар мен деректерді қорғау шаралары белгілі. Вирус табылған мерзімнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болған вирустарды жеңіп шыға алатын антивирустық құралдарды жетілдіру және дамыту үнемі жүріп отырады.

Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

Детектор-программалар белгілі вируспен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар қазіргі күні сирек.

Фагтар немесе доктор-программалар, сонымен қатар вакцина-программалар вирус жұққан файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді», файлдардан вирус программасының денесін өшіреді, программаны зақымдалғанға дейінгі қалыпқа келтіреді. Фагтар өз жұмысының басында оперативті жадтан вирусты іздейді, оларды жояды және содан кейін барып барлық файлдарды «емдеуге» кіріседі.

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісіне жатады. Ревизорлар компьютерге вирус жұқпай тұрған кезде программаның бастапқы жағдайын есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын кезекті жағдайды бастапқысымен салыстырады. Егер өзгерістерді анықтаса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарылады. Ресейде ең танымал Д.Мостовтың құрастырған ревизор-программасы Adinf – бұл программаны барлық оқу орындарының компьютерлеріне орнату ұсынылады. Ол тек вирустардың екпінділігіне ғана бақылау жасамайды, оқушылардың зиянды белсенділігін бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Фильтр-программалар немесе «күзетші» - бұл компьютердің жадында тұрақты орналасатын кішігірім резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын қадағалайды және компьютер жұмыс атқарған кезде вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бір программа осындай әрекетті орындар кезінде «күзетші» хабарлама жібереді, ал қолданушы сәйкес операцияны орындауға рұқсат беріп немесе тыйым сала алады. Қоланушылар әдетте күзетшіні қолданбайды, өйткені әрдайым ескертулер жұмысқа кедергі келтіреді. Фильтр-программалар вирустың ең басты сатысынан олардың көбеюіне дейін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ олар файлдарды және дискеттерді «емдемейді», вирустарды жою үшін фагтар қолдану қажет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?

  2. Программалық вирус дегеніміз не?

  3. Жүктемеленетін вирус дегеніміз не?

  4. Макровирус дегеніміз не?

  5. Жүктемеленетін вирустың программалық вирустан айырмашылығы неде?

  6. Компьютерлік вирустардың негізгі типтері?

  7. Вирусқа қарсы негізгі қорғау құралдары.

  8. Компьютерлік вирустан қорғайтын аралықтарды ата?

  9. Вирустан қорғауға арналған арнайы программаларды білесің?


V.Дәрістер. MS Word мәтіндік редакторы
Дәріс сабағының мазмұны:

MS Wort мәтіндік редакторымен жұмыс істеу негіздері

Құжатпен жұмыс iстеудiң негiзгi кезеңдерi: құру, ашу, түзету.

Шрифттi форматтау.

Абзацты форматтау.

MS Wort мәтіндік редакторының графикалық және кестелермен жұмыс істеу.

Диаграммамен жұмыс істеу. Формула енгізу

Қолданбалы программалар. ПК-ді жұмысістету үшін ыңғайлы құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ойындар мен немесе оқу программаларын айтуға болады. Осы қолданбалы программалар мен пакеттер ақпараттық қабықшаны қолдануға ыңғайлы ақпаратты – есептеу құрылғыға айналдырады.Қолданбалы программалар белгілі бір аймаққа жұмыс жасайтын маманға немесе жәй пайдаланушыға және арнайы программамен жұмыс істейтін адамдарға арналған қолданбалы кең профилді бола алады. Мысалы: функциональдық есептеулер немесе құдаттар құру үшін арналған программалар және де тар профилді: электрокардиограмма анализдерінде және электрондық өнім жобаларында қолданылады және т.с.с.

Құжаттарды дайындау және редакторлау жүйелері.

Компьютерді қолдану немесе өңдеу қәзіргі заманғы есептеу техникасының даму интенсивтігіне әкеп соғады мұнда мәтіндік құжаттарды құру үшін редактордың дайындау түрлері көп қолданылады. ІBM- типіндегі компьютерлерге сәйкес ең көп тараған мәтіндік редакторлардың бірі WORD. Бұл WІNDOWS операциялық жүйесінің комерциялық қосымшасы болып табылады. WORD мүмкіншіліктері тек мәтін құрумен ғана шектелмейді. Ол одан да көп операцияларды жасайды. Бірақ бұл программалық қабықшаны оқып үйрену үшін тізбектей жәй түрінен күрделі түріне өту керек.



Word мәтіндік редакторын жұмыс істету үшін осы қосымшаның пиктограммасын басу керек. Осы пиктограммаға бару үшін “Пуск” басқышын басамыз одан, “Программы” менюін таңдаймыз одан “Mіcrosoft Word” пункті таңдалады (басқа варианттар “Word немесе “Mіcrosoft Offіce”. Яғни бұл жағдайда Word бос құжатпен терезе түрінде экранға шығады. Мұнда Word терезесі толық экран түрінде беріледі, ал құжаттардың екінші терезесі негізгімен бірігіп кетеді).

Қосымшамен жұмыс айақтау үшін тақырып жолының оң жағында орналасқан “Закрыть- Жабу” басқышын басу керек. Бұдан кейін қосымшаның жұмысы айақталады. Редакторланатын құжаттармен жұмыс істеп болғаннан кейін ол қосымшадан шыққыңыз келген жағдайда автоматты түрде оны сақтау керек па жоқ па жайындағы ақпарат шығады. Яғни құжаттардағы өзгертуді сақтайын ба деген терезе.

Word терезесі негізінен терезе тақырыбы және терезе басқыштары, меню жолдары, инструменттер панелі, сызғыштар, айналдыры сызықшалары және жолдар күйінен тұрады.

состоит из: Заголовка окна и кнопок окон, строки меню, панелей инструментов, линеек, полос прокрутки и строки состояния .

Бас меню немесе негізігі меню деп аталатын менюде келесі пункттер орналасқан, онда олар өзіндік мәндері бірдейлері бойынша біріккен. Кез – келген әрекеттер осы менюде орналасқан пункттер арқылы орындалатындығын есте сақтаған дұрыс. Меню пункттерінде біріккен қосымша пункттердің белгіленуі:

Файл” - файлдармен байланысты барлық операциялар соның ішінде баспаға шығару және беттер форматы;

Правка” - алмасу буферімен байланысты барлық операциялар соның ішінде жолдарды ауыстыру және өзгерту, сондай – ақ соңғы орындалған операцияларды қайталау немесе болдырмау;

Вид” - құжат варианттарын қарауға және оларға колонтитулдар беруге мүмкіндік беретін операциялар;

Вставка” – обьектілерді енгізе отырып қосуға байланысты операциялар;

Формат” - абзацқа, шрифтке және форматтауға байланысты барлық операциялар;

Сервис” - тасымал, синоним, орфографиясын тексеруге арналған қосымша функциялар , сондай – ақ Word-ты орналастыру;

Таблица” – кестелерді өңдеу мен құруға байланысты барлық операциялар;

Окно - Word-тың екіншілік терезесіне байланысты операциялар, соның ішінде бірнеше құжаттармен жұмыс істеу кезінде;

“ ? ” - анықтамаға қатыстының барлығы.



Инструментер панелі ашылатын тізімдер және басқыштардан тұрады. Мәтіндерді форматтау және редакторлауға байланысты ең жиі қолданылатын функциялар инструменттер панелінде орналасады (сур 3).

Форматтау сызғыштарының белгіленуі беттегі мәтіннің орналасуын көрсетеді. Оның көмегімен оң және сол жақта (вертикалды сызғыштың болуы оны жоғары, төмен өзгертуге де мүмкіндік береді) берілген шегіністерді өзгертуімізге, қызыл жол беруімізге болады.

Айналдыру сызықтары өзінің кішігірім нюанстар болмаса стандартты сызғыштардан өзгешелігі аз. Горизанталды сызықтың сол жағында кішкентай төрт басқыш орналасқан. Бұл басқыштар құжатты көру режимына жауапты. Ал вертикалды айналдыру сызықтарында біріншілік элементтерден басқа екілік үшбұрышты екі басқыш орналасады. Ол басқышқа басу арқылы экран бетін бір бетке төмен немесе жоғары жылжытуға болады.



Күйлер жолы экранның төменгі жағында күйлер жолы орналасады. Онда маңызды ақпарат орналасады, мысалы:

- ағымдағы бет;

- ағымдағы бөлім;

- ағымдағы бет / құжат бетінің жалпы саны.

- ары қарай курсордың ағымдағы орыны бейнеленеді:

- құжаттың жоғарғы шетінен арақашықтығы;

- жол ( ағымдағы позициясынан бастап санағанда);

- курсордың сол жағындағы символдар саны немесе бағандар.


Келесі өрісте редакторлаудың ағымдағы режимі бейнеленеді. Сондай – ақ күйлер жолында басқыш функциялары мен меню қосымшалары жайында анықтама немесе ағымдағы операция шығады.

Контексті – тәуелді меню деп пайдаланушы қолданатын ең көп кездесетін командаларға қатынас жасайтын, тышқанмен кез келген жерде шақырылатын менюді атаймыз. Оны контексті – тәуелді деп атау себебі, тышқан қай обьектіні көрсетсе сол обьектімен жүргізілетін әрекеттер тізімі шақырылады.

Word игеретін ақпараттық анықтамаларға тоқталу керек. Анықтаманы шақыру берілген қосымша үшін Mіcrosoft жүйесін шақырады.

Программа жайындағы және Mіcrosoft фирмасының пайдаланушыларының жүйесі жайлы және техникасы жайлы барлық ақпаратты Mіcrosoft Word-қа хабарлайды.

Өзіндік мүмкіндік бере отырып мәтіндік редактор секретар жұмыс автоматтандырады.

Сериялық құжат құру этаптары үш этаптан тұрады:


  1. Құжаттың өзгермейтін бөлігін көрсететін, шаблонды файл құру

  2. Берілген құжаттың өзгеретін бөлігін сақтау базасы болатын, деректер көзін құру

  3. Дайын құжаттарды біріктігу

Шаблон – бұл сырт беті бір біріне ұқсас және көп көлемде құрылатын құжат үшін арналған негіз.

Шаблонды құжат құру үшін құрудың екі түрін қолдануға болады:



  1. Кейінірек құжат шаблонына қойылатын стилдер жиынын қалдыру арқылы. (Формат-Стиль)

  2. Ескі құжат негізі арқылы.

Деректер көзі СЕРВИС менюінде болатын СЛИЯНИЕ командасының көмегімен құрылады. Деректер көзі кішірек деректер базасы болып көрінеді.

Сериялы құжаттарда сервистік функцияларды қолдану үшін, соның ішінде жиі кезесетін мәтіндерді қою үшін сервистік функциялардың бірінің арнайы кодын көрсететін, қойылым полелерін қолдана отырып істеуге болады. Ондай кодтарды шақыру үшін Ctrl+F9 басқыштарының комбинациясы қолданылады. Функция коды экран бетінен шығатын фигуралы жақша жұбына жазылады. Кодты өңдеу үшін курсорды фигуралы жақшаның ішіне орналастырып F9 басқышын басу керек.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. WORD редакторы қандай программалық пакет құрамына кіреді?

  2. Қандай мәтіндік редакторларды білесіз?

  3. Мәтіндік құжат дегеніміз не?

  4. Айналдыру сызықтары және ползунок дегеніміз не?

  5. Мәтінді форматтау дегеніміз не?

  6. Форматтаудың қандай түрлері кездеседі?

  7. Алмасу буфері дегеніміз не және оның қолданылуы?



. Дәрістер. Кестелік процессор- MS Excel 2013
Дәріс сабағының мазмұны:

MS Exsel электрондық кестемен жұмыс істеу негіздері

Негiзгi ұғымдар: жатық жол, бағана, ұяшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары.

Кестенi форматтау.

Кесте ұяшығындағы текстi және санды форматтау.

Негiзгi функциялар: математикалық, статистикалық, логикалық, қаржылық.


MS Exsel электрондық кестенің диаграммалар мен жұмыс істеу.

Диаграммаларды баспаға шығаруға дайындау

Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

MS EXCEL программасының жаңа версиясындағы негізгі жетістігіне 3 өлшемді құжаттардың пайда болуын жатқызуға болады. Файлдар мен кестелер арасындағы байланыстар жеңілдетілді, жанама меню пункттері кеңейтілген, ал қосымша программалық құралдар күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді.

Әр тұрлі көмекшілер жұмыс істеп отырған адамға функциялар мен нұсқаулар беріп, шығарылып жатқан есептің жеңіл жолын ұсынады.

MS EXCEL программасында кез келген уақытта анықтама беретін ішкі жүйе ұйымдастырылған. Осындай енгізілген жаңалықтар жұмыс істеуде жеңілдіктер береді және программаны игеруді тезедетеді.

Ең маңызды программаның кеңейтілулеріне профессионалдарға арналған Visual Basic (VBA) программалау ортасы жатады. VBA толық программалау пакеттерін әзірлеуге мүмкіндік береді.



Бұдан басқа EXCEL программасына енгізілген жаңалықтарға

  • Файлдар –менеджері, файлдар туралы толық ақпарат береді;

  • Сұхбаттық терезелер - регисторлар;

  • Форматтауға арналған шарт белгілер;

  • Диаграммаларға тез активтендіруге арналған Drag&Plotмеханизмі.



Негізгі ұғымдар: жатық жол, бағана, яұшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары

Жол нөмірі – электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А – Х, содан соң АА – АZ, одан кейін ВА – ВZ жәні т.с.с.

Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

Ұяшық көрсеткіші – ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

Ағымдағы ұяшық – көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

Блок (ұялар жиыны, аймағы) – тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Әр түрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен жұмыс. Excel-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ – кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.


Сурет 11 – MS Excel терезесінің негізгі элементтері

MS Excel құжаты Жұмыс кітабы (сурет 11) деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері болуы мүмкін). Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқанмен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмыс беті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 65536 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.



Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуында орналасқан элементті ұяшық деп атайды, ұяшық – мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы – А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді.

Ұяшықтар диапазондары. Диапазон – іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.

Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбе мен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15.



Кестеде баған, жол, ұяшықтарды және ұяшықтар диапазондарын ерекшелеу. ЭК –де ерекшелеулерді жүзеге асыруға болады:

  1. бағанды ерекшелеу үшін қажетті баған тақырыбы аумағына тышқанмен түрту керек;

  2. жолды ерекшелеу үшін қажетті жол нөмірі орналасқан ең шеткі жол аттарына тышқанмен түрту керек;

  3. ұяшықты немесе диапазонды ерекшелеу үшін тышқанды (немесе жылдам ерекшелеу үшін SHIFT және курсорды жылжыту батырмаларын) қолдану керек;

  4. егер іргелес емес бірнеше ұяшық диапазондарын ерекшелеу қажет болса, мысалы А1:А5 және С1:С5, онда А1:А5 ерекшелеп, сонан кейін CTRL батырмасын басып отырып екінші С1:С5 диапазонын ерекшелейді;

  5. жұмыс бетін ерекшелеу үшін бағаналар аты мен жол нөмірі орналасқан жол мен бағанның қиылысуында кестенің сол жақ жоғарғы шетіндегі ұяшықты тышқанмен түрту керек.

  1. Кестеге мәліметтер енгізу. Кестеге мәліметтердің әртүрлі түрлерін (мәтін, сан, дата, формула, функция, т.б) енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін

MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері. Формуланы құру (=) теңдік белгісін енгізуден басталады. Формуланы құру кезінде қиындықтар кездессе, онда Функция Шеберін қолдануға болады. Мұнда Автоқосындылау командасы да бар. Берілген бағаналар немесе жол ұяшықтарын ерекшелеп (кез келген ұяшық диапазонын) «Автоқосындылау» батырмасын басу қажет.

Ұяшықтарға сілтемелер. Формулада ұяшықтарға сілтемелер, яғни есептеуде қолданылатын ұяшық адрестері болуы мүмкін. Демек есептеу нәтижесі басқа ұяшықта орналасқан мәнге тәуелді, ол мән өзгерсе, нәтиже де автоматты түрде қайта есептеледі. Сілтемелер салыстырмалы, абсолютті және аралас болуы мүмкін. Үнсіздікте салыстырмалы сілтеме қолданылады, яғни формуланы көшірмелегенде сілтемелердегі адрестер алғашқы ұяшықтың және көшірменің орналасуына сәйкес автоматты өзгереді. Көшірмелеуде ұяшық адрестері өзгермеу үшін абсолютті сілтеме қолданылады, ол жолдың немесе бағанның аты алдына (аралас сілтемеде) немесе екеуінің алдына да $ белгісін қоюмен ерекшеленеді.

Графикалық мәліметтерді көрсету. Сандық мәліметтерді графикалық пішімде көрсету үшін сызықтар, жолақтар, секторлар, диаграммалар және басқаларды, сонымен қатар олардың біріктірілген вариацияларын қолданады. Бұл мүмкіндіктер Диаграмма шебері нұсқауларымен жүзеге асады.

Мәліметтерді сұрыптау. MS Excel кестелік процессорында мәліметтерді өсу реті бойынша сұрыптауда келесі рет қолданылады: сан, мәтін, логикалық мән, қателер мәні, бос ұяшықтар. Кему реті бойынша сұрыптау бос ұяшықтардан басқа ұяшықтарда орындалады. Әдетте, бос ұяшық кері бағытта сұрыпталған тізімнің соңында орналасады.

Көптеген мәселелерді шешуде электрондық кестені тізім түрінде (мәліметтер қоймасы ретінде) қарастырамыз.

MS Excel кестелік процессорында тізім деп, жолдары біртектес мәліметтерден тұратын кестені айтады. MS Excel 2013 кестелік процессорында тізімді мәліметтер қоры деп атайды. Жолды мәліметтер қорының жазбалары, ал бағандарды сол мәндердің алаңдары деп атайды.

MS Excel 2013 кестелік процессорындағы кестені тізімге немесе мәліметтер қоймасына айналдыру үшін, бағандарға мәліметтер қоймасындағы жазбалардың алаңдарының аты ретінде қолданылатын біртекті атаулар беру қажет.

MS Excel 2013 кестелік процессорындағы тізімдерді сұрыптау үшін кестенің нәтижелік қатарынан басқа, сұрыптауға негіз болатын атауларын ерекшелеп алып, Мәліметтер (Данные) менюінен Сұрыптау (Сортировка) командасын орындау керек. Бағандардағы алаң атауларын қоса ерекшелейтін болсақ, сұрыптау кезінде сол алаңдарды сұрыптаудың кілті ретінде бағандардың стандартты аттары алынады.

Сұрыптау (Сортировка) командасы арқылы ашылған сұқбат терезесінде сұрыптау ретін үш кілтке дейін пайдалана аламыз. Сұрыптау алғаш бірінші кілт бойынша, сонан соң, 1-ші кілттегі мәндерге сәйкес келетін 2-ші кілт бойынша, соңында 1-ші және 2-ші кілт мәндеріне сәйкес келетін 3-ші кілт бойынша орындалады.

MS Excel 2013 кестелік процессорында тізімдерді сүзгіден өткізу. Әртүрлі белгілер бойынша керекті мәліметтерді таңдау үшін сүзгіден (фильтрация) өткізуді қолданылады. Сүзгіден өткізу жарлығын орындаудың екі түрлі жолы бар: Автосүзгі (Автофильтр) және Кеңейтілген сүзгі (Расширенный).

Автосүзгі (Автофильтр). Автосүзгіні қолдану кезінде тізім тұрған аумақты ерекшелеу қажет. Мәліметтер (Данные) Сүзгі (Фильтр)  Автосүзгі (Автофильтр) командасын орындау барысында алаң атаулары маңында төмен қарай бағытталған тілсызық бейнелі батырма пайда болады. Автосүзгі салыстырудың екі түрін ұсынады:



  • дәл (точное) / шаблондық мәндер бойынша;

  • шарт бойынша таңдау.

Шарт бойынша салыстырудың таңдауда бір-бірімен «Және» , («И»), «Немесе» («Или») логикалық функциялармен байланысқан таңдау критерийлері беріледі.

  1. Excel – дегі кітап оның беттерін көркемдеуге ерекше көңіл бөледі. Мұндай мақсаттар үшін сандар және мәтіннің, түс және стильдің, шрифт және т. с. с. пішімдерін қолданады.

  2. Excel тек мәтіндік және графикалық жүйелермен ғана «достық қарым - қатынаста» емес, сонымен қатар мәліметтер қорын басқару жүйелерімен негізгі әрекеттерді қолдайды. Қазіргі кезеңдегі электронды кестелер (Excel, QuattroPro, Lotus) интегралданған программалық жүйелер болып табылады. Сонымен қатар оларда басқа программалық жүйелерден мәліметтерді импорттау және экспорттау аппараттары жақсы дамыған.

MS Excel мәліметтер түрлері. Excel-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе “’” (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе “=” болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.



Мәтін енгізу. Мәтін – кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді «’» символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылысады.

Орандалған әрбір әрекетті болдырмай алып тастауға болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін ПравкаОтмена командасын пайдаланып алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.



Сандарды енгізу. Электрондық кестеде ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды.

Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01Е+08 болып жазылады, яғни ол 5,01*108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады. Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.



Ұяшықтағы мәліметтерді түзету. Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады. Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды BackSpase пернесінің көмегімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяшыққа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді.

Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяға ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін Ғ2 пернесін басу керек немесе тышқан курсорын формула жолындағы мәліметтер арасына алып барып, оны шерту қажет. Одан кейін керекті мәліметтерге түзетулер енгізіп, ең соңында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет