Киберқылмыстардың ерекшелігі олардың аса жасырын болуы.
Ақпараттық қылмыс (киберқылмыс) - ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетін көздейтін, қылмыс түрі.
Ұлттық ақпараттық кеңістіктің ашық болуына және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде телевизияның және интернет-ресурстардың (пошта қызметтері, әлеуметтік желілер, блогтар мен бейнепорталдар) танымалдығына байланысты халықтың қоғамдық санасына ақпараттық әсер етудің нақты қаупі пайда болып отыр.
Қоғамдық сана - қоғамдық тұрмысты бейнелейтін және оған әсер ететін сезімдер, көңіл-күй, көзқарастар, идеялар, теориялар жиынтығындағы қоғамның рухани өмірі. Жалпы құқықтық және ақпараттық мәдениеттің, оның ішінде қазақстандық қоғамда киберкеңістікті қауіпсіз пайдалану дағдыларының салыстырмалы түрде төмен деңгейі белгілі бір қатер тудырады.
«Қазақстан-2030» Стратегиясында ұлттық қауіпсіздік ұзақ мерзімдік басымдық болып белгіленген, ал ақпараттық қауіпсіздік ? оның құрамдас бір бөлшегі. Осы құжатқа сәйкес, бұқаралық ақпарат және насихат құралдарындағы «қоғамдық сананы қалыптастыру жүйесі» (өмірге түсінігі, саяси көзқарасы, рухани құндылығы және басқалар) мемлекет алдына тұрған қатерлердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы қоғам мен мемлекеттiң ақпараттық саладағы мүдделерiн қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында 2011 жылы 14 қыркүйекте әзірленді.
Тұжырымдама «Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының негiзгi ережелерiне сай келедi, мұнда ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiндегi ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ұзақ мерзiмдi негiзгi басымдықтардың бiрi болып айқындалған.
Тұжырымдаманы әзiрлеу кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы қазiргi халықаралық тәжiрибе, атап айтқанда АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Канаданың, Ресейдің, Үндiстанның, Эстонияның тәжiрибесi есекерiлдi.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығындағы көшбасшылық ететiн талдау компанияларының бiрi IDC компаниясының деректерiне сәйкес АТ-мамандар саны 2010 жылы Қазақстанда 100 мың тұрғынға 113 адамды құрады, бұл Малайзияға қарағанда 12 есе және АҚШ-пен салыстырғанда 29 есе төмен.
Тұжырымдаманы iске асыру нәтижесi бойынша мыналарға қол жеткiзiлетiн болады:
1) ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларды дамыту;
2) санкцияланбаған қол жеткiзуге, ақпаратты жоғалтуға немесе бұрмалауға әкелетiн оқиғаларға жол бермеу қамтамасыз етiлетiн болады;
3) ақпараттық қауiпсiздiк талаптары бойынша мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi жыл сайын 100% аттестаттау қамтамасыз етiлетiн болады;
4) тұтынушылардың отандық ақпараттық өнiмге деген сұраныс деңгейi 2012 жылы - 35%, 2013 жылы - 40%, 2014 жылы - 45%, 2015 жылы - 50%, 2016 жылы - 55% құрайды;
5) БАҚ-тағы отандық контент үлесiн 50% деңгейде ұстап тұратын болады;
6) Интернет желiсiне қолжетiмдiлiгi бар азаматтардың үлесi ұлғаяды, ол 2012 жылы - 34,6%, 2013 жылы - 35,2%, 2014 жылы - 35,8%, 2015 жылы - 36%, 2016 жылы - 36,6% құрайды;
7) ақпараттық қауiпсiздiк проблемасынан ақпараттық жүйелердегi iркiлiстi жоюды қамтамасыз ету деңгейi 2016 жылға қарай 20 минутқа дейiн қысқартылады;
8) отандық компьютерлiк жабдықтардың, жинақтаушы, оқшау (перифериялық) құрылғылардың және бағдарламалық өнiмдердiң өндiрiсi қамтамасыз етiледi;
9) өнеркәсiп орындарының инновациялық белсендiлiк деңгейi жоғарылайды;
10) ақпараттық саланы, оның iшiнде халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде реттейтiн нормативтiк-құқықтық база жетiлдiрiледi;
11) ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласында кадрмен қамтамасыз ету жүйесi жетiлдiрiледi.
Жаһандық ақпараттық инфрақұрылымды пайдалану, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды террористiк және басқа да қылмыстар мақсатында пайдаланудың алдын алу, анықтау, жолын кесу және салдарын жою саласындағы Қазақстан Республикасының және шет елдердiң құқық қорғау органдарының арасындағы өзара iс-қимылды жетiлдiру саласында мемлекетаралық қатынастарды реттейтiн халықаралық құқықтық нормаларды әзiрлеу осы саладағы стандарттар мен сертификаттаудың ұлттық жүйесiн халықаралық жүйемен үндестiру талап етiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |