Ақпараттық қауіпсіздік негіздері


Криптосистемаларды қолданудың сенімділігі



бет34/63
Дата07.02.2022
өлшемі258,19 Kb.
#89539
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
b3f7ae67-3fcc-11e4-973d-f6d299da70eeec42e896-3b9f-11e3-9713-f6d299da70eeУММ ОИБ КАЗ

Криптосистемаларды қолданудың сенімділігі
Кез келген криптосистемалардың тиімділігі онда шифрленген ақпараттың анализге төтеп беретін мықтылығына бағынышты. Ал криптотұрақтылық жүйесі оны құрушы мен осы жүйені бұзуға әрекеттенген криптоаналитиктердің мүмкіндіктеріне байланысты. Қазіргі кезде жақы тексеруден өткен және іс жүзінде сыналған киптоалгоритмдер (кілттері симметриялы және бейсимметриялы) бар, криптотұрақтылықтары математикалық түрде дәлелденген, немесе күрделі математикалық теңдеулерді шешу қажеттілігіне негізделген (факторизация, дискретті логарифмдеу және т.б). олардың жалпыға белгі түрлеріне DES, RSA, ГОСТ жатады. Бірақ, келесі негізгі топты криптографиялық жүйелердің сенімсіздігін тудыратын себептері ретінде көрсетуге болады:

Шифрлердің криптотұрақтылығы анализіне ғылыми көзқарас 1949 жылы К.Шеннонның «құпия жүйелердегі байланыс теориясы» атты жұмысын жариялаған соң қаланды. Ол жүйелердің криптотұрақтылығын екі жақты – теориялық және практикалық тұраұтылық тұрғысынан қарауды ұсынды.
Теориялық тұрақтылық тұрғысында криптосистеманың қаншалықты мықты екендігін, егер оны бұзатын криптоаналитик уақыты шектелмесе және барлық қажетті құралдармен жабдықталған жағдайда қарайды. Теориялық криптотұрақтылық екі қателерді пайдаланады: криптоаналитикке тек шифрленген ақпарат белгілі және кілт тек бір рет қана қолданылады. Бұл сұрақтардың шешуі келесі тұжырымдар жасауға әкеледі: шифрды теориялық мықты құру үшін қажет құпия кілттің көлемі көптеген практикалық қолданыстар үшін өте үлкен.
Есептеу мықтылығы тұрғысынан криптосистеманың сенімділігін қарағанда, егер криптоаналитик уақыты шектелген болса, және шифрленген ақпараттың анализі үшін есептеу мүмкіндіктері болған жағдайлары қарастырылады.
Криптоанализ жалпы математикалық әдістерді қолдануға және криптографиялық қорғау үшін алынған жекелеген нақты әдістерді қолдануға негізделген.
Тұрақты криптоалгоритмдердің шағын жылдамдығы - бұл жақсы алгоритмдерді қолдануды, мысалы, жаппай шифрлеу жүйелерінде немесе жылдам шифрлеуді қиындататын фактор. Norton DiskReet бағдарламасы DES криптоалгоритмі болса да , тұтынушы кілтті ауыстырғанда дискіні түгел қайта шифрлей алмайды, себебі бұл процесс өте көп уақыт алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет