Мұнан кейін жаңа ресурс құрамыз, аты «Цена», типі «Число», ұзындығы 15, дәлдігі 2, теріс емес (23.4 сурет).
«1С:Предприятиені» дұрыстауыш режимінде іске қосып, тұрғызылған «Цены» мәліметтер регистрі қалай жұмыс істейтіндігін көреміз.
Көрсетілетін қызмет түрлерінің құны мен материалдардың бағасын көрсетеміз (23.5 сурет).
Сонымен, енді біздің бағдарламамызда аса пайдалы мүмкіндік – материалдармен қызметтерге құн қою мүмкіндігі бар. Бағалар уақытта бекітіліп сақталатындықтан, біз бағаларды қандайда бір күнде бекітіп алдын ала орнатып қойсақ болады, және бұл бағалардың көрсетілген күннен бұрын іске қосылып кетпейтіндігіне сенімді боламыз.
Біз орнатқан бағаларды «ОказаниеУслуги» құжатында қалай қолдануға болатындығын көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |