Егер қалдықтарды жинақтайтын айналым регистрін құратын болсақ, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұл сияқты регистрлер үшін өлшемдерді таңдауда регистрдің «екі жаққа» кіріс және шығыс бойынша қозғалыс жасай алатын ескере отырып таңдау керек. Соныменен, өлшем ретінде қозғалыс екі жаққа да жасалынатындай параметрлерді таңдау керек.
Мысалы, егер материалдар есебі номенклатура және қойма бойынша жүргізілетін болса, онда номенклатура және қойма кіріске өлшем болады және материалдар шығындары да номенклатура және нақты қойманы көрсете отырып жүргізіледі. Егер бұл жағдайда материалдар есебін жеткізушілер бойынша да жүргізуге ниет болса, онда кәсіпорында қалыптасқан есептеудің нақты сұлбасын ескеру керек.
Материалдар келіп түскен уақытта жеткізушісі міндетті түрде көрсетіледі, ал материалдар шығындалған уақытта жеткізушісі көрсетілмейді, себебі бұл артық ақпарат болады, бұл аса маңызды емес. Яғни, жеткізушіні жинақтау регистрінің реквизиті ретінде енгізу керек.
Егер материалдарды шығындау барысында жеткізушісі көрсетілуі сөзсіз болса, онда жеткізушіні регистрдің өлшемдеріне енгізу керек. Басқаша айтқанда, жинақтау регистрінің әрбір өлшем бойынша ресурстардың өзгерістері екі жаққа да жүруі керек: кіріс және шығыс. Регистрдің реквизиттері үшін бұл қағида маңызды емес, ргистрдің реквизиттері бойынша ресурстар тек келіп түсіу немесе тек шығындалуы мүмкін. Жинақтау регистрлерін тұрғызудың бұл қағидасын бұзу жүйе ресурстарын өнімсіз пайдалануға және соңында жұмыстың баяндауы мен өнімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Жаңа конфигурация объектісі «Продажи» жинақтау регситрін құрайық және түрін «Обороты» айналым регистрі ретінде көрсетеміз (23.23 сурет).