Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша



бет32/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5

Бақылау сұрақтары:

1. Бағдарламалық модульді.


2. Сыртқы байланыс модулі.
3. Жалпы модульдер.
4. Қолданбалы объектілердің модульдері қандай?
5. Жазбалар жиынының модульдері.
6. Формалар модульдері.
Лабораториялық жұмыс № 11 (1 сағат)
Тақырып: Анықтама құру
Жұмыс мақсаты: анықтама құру, журналдарда тіркеу және анықтама құру кезіндегі орын алатын қателіктермен танысу.
Тапсырма:

  1. Анықтама құру

  2. Анықтама құру кезінде орын алатын қателіктер және олармен жұмыс



Әдістемелік нұсқаулар

«Справочник» конфигурация объектісі қолданбалы объект болып табылады және мәліметтер тізімін сипаттауға арналған. Конфигурация объектісі «Справочник» оның негізінде платформа мәліметтер базасында ақпараттық құрылым жасау үшін қолданылады. Бұл ақпараттық құрылым мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мысалы үшін қызметкерлердің тізімі, тауарлардың тізімі, клиенттер тізімі және т.б.


Анықтамалықтың ерекшелігі пайдаланушы жұмыс барысында мұнда жаңа элементтер енгізе алады. Мысалы, пайдаланушы анықтамалыққа жаңа қызметкерлерді, жаңа тауар түрлерін немесе жаңа клиенттерді енгізеді.
Анықтамалықтың әрбір элементінде бұл элементті анығырақ сипаттайтын қосымша ақпарат болуы мүмкін. Мысалы, «Тауарлар» анықтамалығында өндіруші, жарамдылық мерзімі және т.б. сияқты қосымша ақпарат болуы мүмкін. Бұл сияқты ақпараттар жиыны анықтамалықтың барлық элементтері үшін бірдей болады. Оларды сипаттау үшін «Справочник» конфигурация объектісінің реквизиттері қолданылады, оларда конфигурация объектілері болып табылады. Бұл объектілер «Справочник» объектісімен логикалық байланыста болғандықтан олар бағыныңқы деп аталады. «Справочник» конфигурация объектісінің көптеген реквизиттерін құрастырушы өзі жасайды.
Анықтамалықтың әрбір элементінде құрылымы бойынша бірдей, бірақ саны бойынша әрқайсысында әртүрлі ақпарат болуы мүмкін. Мысалы, «Қызметкерлер» анықтамалығында қызметкердің жанұясы туралы ақпарат болуы мүмкін. Бір қызметкердің жанұясы болмауы мүмкін, енді бірінің жанұясында екі адам, келесіде бес адам болуы мүмкін. Бұл сияқты ақпаратты сипаттау үшін конфигурацияның бағыныңқы объектісі болып табылатын «Справочник» конфигурация объектісінің кестелік бөлімі қолданылады.
Анықтамалықтың элементтерін қолдануда ыңғайлы болуы үшін пайдаланушы қандай да бір принциппен топтай алады. Мысалы, «Тұрмыстық техника» анықтамалығында «Тоңазтқыштар», «Теледидарлар» және т.с.с. Бұл сияқты топтарды құру мүмкіндігі «Справочник» конфигурация объектісінің «Иерархический» қасиеті арқылы беруге берілген. Иерархиялаудың бұл түрі топ және элементтер иерархиясы деп аталады.
Иерархиялаудың басқа түрін – элементтер иерархиясын қолдануға болады. Бұл жағдайда аталық элемент ретінде анықтамалық элементтерінің тобы емес, анықтамалық элементтерінің бірі болады. Мысалы, бұл сияқты иерархия түрін «Бөлімшелер» анықтамалығын құрғанда қолдануға болады, бір бөлімше келесілері (өз қарамағына қарайтын бөлімшелер) үшін аталық болады.
Бір анықтамалықтың элементтері келесі анықтамалықтың элементтеріне немесе топтарына бағынышты (тәуелді) болады. Мысалы «ӨлшемБірліктері» анықтамалығы «Тауарлар» анықтамалығына бағынышқы болады. Бұл жағдайда біз «Тауар» анықтамалығында әрбір элементі үшін өлшем бірлігін көрсете аламыз. «1С:Предприятие» жүйесінде әрбір «Справочник» конфигурация объектісіне анықтамалықтың иелерінің тізімін көрсетуге болады.
Кей жағдайларда анықтамалықтағы кейбір элементтер пайдаланушының іс-әрекеттеріне қарамастан үнемі анықтамалықта тұруы керек болады. Мсыалы, кәсіпорындағы бизнес-үдерістің логикасы барлық тауарлар бірінші негізгі қоймаға келіп түседі, одан кейін қажеттілігіне қарай басқа қоймаларға тасымалданады. Бұл жағдайда «Қоймалар» анықтамалығында «Негізгі» қойма болуы керек, олай болмағанда тауарларды кіріске тіркеу дұрыс болмайды. «Справочник» конфигурация объектісі бұл сияқты анықтамалықтың элементтерінің кез келген санын сипаттауға мүмкіндік береді. Олар анықтамалықтың алдын ала анықталған элементтері деп аталады.
Конфигурацияның «Справочник» объектісі оның негізінде платформа мәліметтер базасында ақпараттық құрылым жасауы үшін қолданылады. Бұл ақпараттық құрылым мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мысалы үшін қызметкерлердің тізімі, тауарлардың тізімі, клиенттер тізімі және т.б. Конфигурацияның әрбір «Справочник» объектісінде «әдепкі» (по умолчанию) екі өріс болады: коды (код) және атауы (наименование).
«Единицы Измерения» анықтамалығын жасайық. Құрылған база үшін конфигураторды іске қосамыз. Конфигурация объектілерінің ағашынан («дерев объектов конфигурации») «Справочник» белгілеп аламыз да, контекстік мәзірде «Добавить» әрекетін таңдап аламыз (11.1 сурет).

11.1сурет - «Справочник» объектісін құру

Конфигурацияның «Справочник Справочник1» объектісін редакциялау диалогтық терезесін аламыз .



11.2 сурет –Редакциялау терезесі

Бұл диалогтық терезенің «Основные» белгі элементінде (11.2 сурет) анықтамалықтың атауын «ЕдиницыИзмерения» береміз. Атауы объектінің ең негізгі қасиеті болып табылады. Жаңа объектіні тұрғызғанда жүйе автоматты түрде оған атау береді. Ол атауды да қолдануға болады, бірақ өз қажеттілігіңе қарай ауыстырған жөн. Объектіге кез келген атау беруге болады бастысы ол әріптен басталуы керек және арнайы символдар болмауы (мысалы, бос орын) керек.


Енгізілген атау негізінде жүйе автоматты түрде оның синонимін -«Единицы измерения» жасайды. «Синоним» қасиеті конфигурацияның кез келген объектісінде бар. Ол объектінің балама (альтернативный) атауын сақтауға арналған және бұл атау біздің бағдарламамыздың интерфейсінің элементтерінде қолданылады, яғни пайдаланушыға көрсетіледі.
«Данные» белгі элементінде кодтың (код) ұзындығы мен атаудың (наименование) ұзындығы беріледі (11.3 сурет). Код ұзындығы анықтамалықтың маңызды қасиеті. Негізінен ол анықтамалықтардың элементтерін теңестіру (идентификациялау) үшін қолданылады және анықтамалықты әрбір элементі үшін бірегей мәнді сақтайды. Кодтардың бірегейлігін платформа өзі бақылай алады және анықтамалықтардың элементтерін автоматты түрде нөмерлей алады.
Кодтардың бірегейлігін платформа өзі бақылай алатын болғандықтан анықтамалықтағы элементтер саны кодтың ұзындығына тәуелді болады. Код ұзындығы 5 символ болса, ол 0 ден – 99999 дейін, яғни анықтамалықта жүз мыңға дейін элемент болады.

11.3 сурет - «Данные» белгі бауы

«Тип кода» - код түрі сандық немесе мәтіндік болады. Мәтіндік кодтар прфикс енгізуге мүмкіндік береді. Мәтіндік кодтардағы артық нөлдерді алып тастаудың қажеті жоқ, алып тастаса, кейін автонөмерлеуде қиыншылықтар туындайды.


"Основное представление" егер анық нұсқаулар болмаса, анықтамалықтың элементтерін экранға шығарғанда экранға не шығатынын (код немесе атауы) анықтайды.
"Реквизиты" – нақты объект туралы қосымша мағлұматтарды сақтайтын мәліметтер өрісі.
"Табличные части"- «1С:Предприятии 8.0» анықтамалық үшін бір немесе бірнеше кестелік бөлім құру мүмкіндігі пайда болды. Бұл кестелер анықтамалықтың элементімен байланысты меншікті объективтік негізі жоқ ақпаратты сақтауға ұсынылады. Кестелік бөлімді пайдаланған уақытта кестелік бөлімге сілтеме жасауға болмайды.
Конфигурацияның «Справочник» объектісінің басқа қасиеттерін жүйе ұсынған қалпы өзгеріссіз қалдырып «Закрыть» басамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет