Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша


Лабораториялық жұмыс № 12 (1 сағат)



бет35/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5

Лабораториялық жұмыс № 12 (1 сағат)
Тақырып: Анықтама процедуралары
Жұмыс мақсаты: анықтамалармен жұмыс процедураларын меңгеру.
Тапсырма:

  1. Анықтама элементтерін өңдеу процедуралары.

  2. Анықтамаға жаңа элементтер қосу процедуралары.

  3. Анықтама элементін іздеу мен жою процедуралары.



Әдістемелік нұсқаулар

Анықтама элементтерін өңдеу процедуралары жүргізу үшін анықтама құрастырайық. Мысал: Фирма тұрмыстық техниканы жөндеу қызметін көрсетеді, есептерді жүргізу үшін қандайда бір тізімдік ақпаратты беру қажет болады.


Ең алдымен кәсіпорынның қызметтерді көрсететін қызметкерлерінің тізімі қажет болады. Екінші фирма жұмыс істейтін клиенттердің тізімі қажет. Сонымен қатар фирма көрсететін қызмет түрлері мен пайдаланылатын материалдар тізімі де қажет болады.
«ӨлшемБірліктері» қарапайым анықтамалықты құру (№11 лабораториялық жұмыста орындалған).
Кестелік бөлімі бар анықтамалықты құрайық. «Сотрудники» анықтамалығы «Клиенты» анықтамалығына қарағанда күрделірек болады. Онда қызметкердің тек аты-жөні ғана емес, сонымен бірге оның бұрынғы еңбек жолы туралы да ақпарат сақталынады. Бұл ақпараттың құрылымы (организация, начало и окончание работы, должнсть) бірдей, бірақ бұрын қызмет істеген жұмыс орындарының саны әр қызметкерде әртүрлі. Сондықтан бұл ақпаратты сақтау үшін анықтамалықтың кестелік бөлімін пайдаланамыз.
«1С:Предприятие»-де анықтамалық үшін бір немесе бірнеше кестелік бөлім құру мүмкіндігі пайда болды. Бұл кестелер анықтамалықтың элементімен байланысты меншікті объективтік негізі жоқ ақпаратты сақтауға ұсынылады. Кестелік бөлімді пайдаланған уақытта кестелік бөлімге сілтеме жасауға болмайды.
Келесі диалогтық терезлерден өтіп, «ЕдиницыИзмерения» анықтамалығы тұрған ақпараттық базаны ашып, конфигураторды іске қосыңыз.



12.1 сурет - «Конфигураторды» іске қосу

Қажетті ақпараттық базаны таңдап алып, "Изменить" батырмасын басыңыз (12.1 сурет).





12.2 сурет - Ақпараттық базаның атын көрсету
«Далее» батырмасын басыңыз (12.2 сурет).

12.3 сурет – Параметрлерін беру

«Готово» батырмасын басыңыз (12.3 сурет).



12.4 сурет - «Конфигураторды» іске қосу

«Конфигуратор» батырмасын басыңыз (12.4 сурет).


«Конфигурация» мәзірінен «Открыть конфигурацию» пунктін таңдап алыңыз.
Жаңа «Справочник» конфигурация объектісін құрамыз, оны «Қызметкерлер» деп атаймыз.
«Данные» белгі элементінде анықтамалықтың атауын (наименование) 50 символға тең етіп беріп, «ТрудоваяДеятельность» кестелік бөлімін құрамыз. «Кестелік бөлім» объектісінің контексті мәзірінен «Добавить» таңдап алып, қасиеттер терезесінде «ТрудоваяДеятельность» атын енгіземіз (4.5 сурет).



12.5 сурет – Кестелік бөлімді құру
Кестелік бөлімнің реквизиттерін енгіземіз.

12.6 сурет - Кестелік бөлімнің реквизиттерін құру

«Добавить реквизит» батырмасын басып (12.6 сурет), қасиеттер терезесін ақпараттармен толтырамыз: «имя» - организация, «тип» - «строка», «длина» - 100.





12.7 сурет – Реквизиттердің қасиеттерін басқару

Басқа реквизиттерді де осылай құрамыз (12.7 сурет):



  • «НачалоРаботы» - типі «Дата», құрамы - «Дата»,

  • «ОкончаниеРаботы» - типі «Дата», құрамы - «Дата»,

  • «Должность» - типі «Строка», ұзындығы 100.

Жолдық «строка» түр «тип» үшін шекті (мүмкін) ұзындығы көп жағдайларда айнымалы («переменная») ретінде алынады.
Шексіз ұзындық («Неограниченная длина») егер реквизит көбінесе толтырылмайтын немесе символдар саны 100-ден артық болғанда қойылады (өйткені шексіз ұзындықтағы жолдар бөлшектермен сақталынады, ал бос жолдар мүлдем орын алмайды).
Енді анықтамалықты редакциялаудың нұсқасын таңдап алуымыз керек. Тізімде редакциялау ендігі жарамайды, өйткені кестелік бөлімді редакциялай алмаймыз.
Сондықтан да, «Сотрудники» анықтамалығы үшін екі тәсілмен де – тізіммен де, диалог түрінде де редакциялау нұсқасын таңдап аламыз. Ол үшін «Формы» белгі бауына өтіп (12.8, 12.9, 12.10 суреттер), қажеттілерін таңдап, керек формаларды (тізім формасы және элемент формасы) баптап аламыз. «Открыть» батырмасын қолданамыз.



12.8 сурет – Форманы құру



12.9 сурет - Анықтамалықтың тізімі формасы

12.10 сурет – Анықтамалықтың элементінің формасы

Форманы қолдана отырып «Сотрудники» анықтамалығына жазбаны енгіземіз (12.11 сурет).



12.11 сурет –Анықтамалықта жазбаларды енгізу

«Сотрудники»» анықтамалығына жазбаларды элемент формасын қолдана отырып енгізу, керек жазбаға екі рет шерту арқылы (12.12 сурет).



12.12 сурет – анықтамалық элементінің формасын ашу

12 лабораториялық жұмысқа тапсырмалар


1. «Справочник» конфигурация объектісін құраңыз.


2. «ТрудоваяДеятельность» кестелік бөліміннің құрамын баптаңыз.
3. «Сотрудники» анықтамасына форманы құру.
4. «Сотрудники» анықтамасына жазбанысын толтырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет