«Конструктор формы справочника» терезесін аламыз.
11.5 сурет –Форма құрастырушысы (конструкторы)
Бірінші қадамда құрастырушы форманың түрін таңдап және атауын, синонимін көрсетіп, формаға түсініктеме беруді ұсынады (11.5 сурет).
"Выбор типа формы" басқару элементтерінің топтары форма түрін таңдап алуға арналған:
– «форма списка справочника»;
– «форма выбора справочника»;
– «форма выбора группы справочника»;
– «форма элемента справочника»;
– «форма группы справочника»;
– «произвольная форма».
Егер объектінің бір түрлі формасынан бірнеше формасы болса, онда олардың біреуін негізгі етіп таңдап алуға болады. Егер объектінің формаларының қайсысын шақыру керек екендігі анық көрсетілмеген болса, экранға негізгі форма шығады. Форманы негізгі ету үшін "Назначить форму основной" жалаушасын қойып және форма атауын, синонимін, комментарий береміз.
Форманы құруда онда екі стандартты командалық панель қоюға болады (жоғарыдан және төменнен). Құрастырушы панельдер үшін әрекеттер көзі ретінде "<Форма>" мәнін қояды. Ары қарай әрекет көзі өзгертілуі мүмкін, ал командалар пайдаланушылардың командаларымен толықтырылуы мүмкін. Командалық панельдердің командалар құрамы әрекет көзімен және форманың негізгі реквизитінің типімен анықталады.
Егерде басқарудың негзгі элементтерін стандартты емес түрде орналастыру (мысалы үшін, кейбір элементтердің қажеті жоқ немесе стандартты түрден басқаша түр керек) қажет болса "Далее >" батырмасын басамыз.
Егер "Готово" батырмасын бассақ, онда құрастырушы басқару элементтерін формада өзі орналастырып, форманы редакциялауға ашады.
11.6 сурет – Басқару элементтерінің орналасуы
Екінші қадамда реквизиттер құрамы көрсетіліп, әрбір реквизит көрсетілетін форма элменті таңдап алынады және реквизиттерді қою режимі таңдап алынады. Формаға қоюға қажетті реквизиттерді таңдап аламыз. "Располагать элементы управления в … колонку(и)" реквизитіне элементтер формасына қойылатын бағандар саны көрсетіледі (11.6 сурет). Форманы құру үшін "Готово" батырмасын басыңыз (11.7 сурет).
11.7 сурет –Басқару элементтері орналасқан панель
«Сервис» мәзірінен «1С:Предприятие» таңдаймыз да «Реорганизация информации» диалогтық терезесінде «Принять» батырмасын басамыз (11.8 сурет).
11.8 сурет – «Реорганизация информации»
«1С:Предприятие» сенасының «Операции» мәзірінен «Справочники» таңдаңыз (11.9 сурет).
Рисунок 11.9- Меню «Операции»
«Единицы измерения» анықтамалығын таңдаңыз.
11.10- Анықтамалықты таңдау
«Ок» басыңыз (11.10 сурет) анықтамалықты көресіз (11.11 сурет).
11.11 сурет - «Единицы измерения» анықтамалығы жазбаларсыз
«Действие» мәзірінен «Добавить» пунктін таңдаңыз (11.12 сурет).
11.12 сурет - «Действия» мәзірі
«Наименование» өрісіне өлшем бірлігің енгізіп «Записать» басыңыз (11.13 сурет).
11.13 сурет – Анықтамалықтарға мәлімметтерді жазу
Анықтамалықты мәліметтермен толықтырғанан кейін құралдар пенелін қолдана отырып жазбалармен жұмыс жасап көріңіз (11.14 сурет).
11.14 сурет – Құралдар панелі
Мәліметтер базасының конфигурациясын дискіде файлға сақтауға болады.
Конфигурация файлы конфигурацияны бір жерден келесі жерге көшіру үшін, уақытша мұрағаттарды жасау үшін колданылады. Сақталынған конфигурация файлы конфигурацияларды біріктіру және салыстыру операцияларын іске асыру үшін қолданылады.
Конфигурацияны дискідегі файлға сақтау үшін "Конфигурация — Конфигурация базы данных — Сохранить конфигурацию БД в файл" пунктін таңдап алыңыз (11.15 сурет). Конфигурация сақталынатын каталогты таңдап алып, файлдың атауын жазыңыз.
11.15 сурет – Конфигурацияны сақтау
№11 лабораториялық жұмысқа тапсырмалар
1 «Единицы Измерения» анықтамалығын жасаңыз.
2 «Единицы Измерения» анықтамалығын баптаңыз.
3 «Единицы Измерения» анықтамалығын іске қосыңыз.
4 «Единицы Измерения» анықтамалығын деректермен толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |