Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша


Лабораториялық жұмыс № 13 (1 сағат)



бет36/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5

Лабораториялық жұмыс № 13 (1 сағат)
Тақырып: Көпқабатты форма құру
Жұмыс мақсаты: көпқабатты форма құру ерекшеліктерімен танысып, құру дағдыларын игеру.
Тапсырма:

  1. Көпқабатты форманы құру

  2. Қалташалар құру және олардың элементтері

  3. Форма контекстінің алдынан анықталған процедуралары



Әдістемелік нұсқаулар

Иерархиялық анықтамалықты құру. «Номенклатура» анықтамалығында көрсетілетін қызмет түрлері және бұл қызметті көрсетуде қолданылуы мүмкін материалдар туралы ақпарат сақталынады.


Бұл анықтамалық күрделі емес, тек оның бір ерекшелігі оның иерархиялық құрылымы болады. Анықтамалықты қолдану жеңіл болуы үшін көрсетілетін қызмет түрлерін бір топқа, ал материалдарды екінші топқа біріктіреміз.
Жаңа «Номенклатура» анықтамалығын құрамыз. «Иерархия» белгі бауына өтіп, «Иерархический справочник» жалаушасын орнатамыз (13.1 сурет).

13.1 сурет - «Иерархия» белгі бауы

Иерархияның екі нұсқасы бар: «топ және элементтер иерархиясы» ("Иерархия групп и элементов") және «Элементтер иерархиясы» ("Иерархия элементов"). Бірінші нұсқасы – анықтамалықта элементтер де топтар да бар және топ реквизиттерінің жиыны элементтер реквизиттерінің жиынынан басқаша болады.


Екінші жағдайда – анықтамалық біртипті элементтерден тұрады. Кез келген элемент басқа элементтер тобы үшін топ бола алады. Яғни анықтамалық элементтері біртипті негіздер, бірақ жіктелу деңгейлері әртүрлі. Біз бірінші нұсқаны аламыз. Егер анықтамалық иерархиялық болса, "Размещать группы сверху" белгісін қоямыз, олай болмаса топтпр элементтерге бекітілген тәртіппен сұрыпталады, мысалы алфавит бойынша.
«1С Предприятие»-да анықтамалықтың элементтерінің деңгейлер санына шектеу қойылмайды. Бірақ деңгейлер санына шектеу қою керек болса, "Ограничение количества уровней иерархии" белгісін қойып, максималды мүмкін болатын деңгейлер санын қоямыз.
«Данные» белгі элементінде «ОснЕдиницаИзмерения» реквизитін енгіземіз, типі - «СправоникСсылка.ЕдиницыИзмерения» (13.2 сурет).



13.2сурет - «СправоникСсылка.ЕдиницыИзмерения» типін көрсету

Енді бұл реквизит «справочник»-тің нақты объектісіне сілтемені сақтайды. Конфигурацияның бұл сияқты объектілері мәліметтердің жаңа типін құрайды, оларды типқұраушы «типообразующий» деп атайды.


«1С:Предприятие»-ні дұрыстауыш режимінде іске қосып, «Номенклатура» анықтамалығын толтырамыз. Екі топ құрамыз: «Материалы» және «Услуги» (мәзірден «Действия | Новая группа») (13.3, 13.4 суреттері).
Анықтамалық түбінде екі топ құрамыз:

13.3 сурет – Анықтамалықтың жаңа тобын беру

13.4 сурет – Топ атын беру

«Материалы» тобында бес элемент құрамыз (13.5 сурет):



  • «Строчный трансформатор Samsung»,

  • «Строчный трансформатор GoldStar»,

  • «Транзистор Philips 2N2369»,

  • «Шланг резиновый»,

  • «Кабель электрический».


13.5 сурет – Топта жазбаларды құру

«Услуги» тобында бірнеше элемент құрайық – теледидарларды жөндеу қызметтері (13.6 сурет):



  • «Диагностика»

  • «Ремонт отечественного телевизора»

  • «Ремонт импортного телевизора»

Және кір жуу машиналарын орнату бойынша:

  • «Подключение воды»,

  • «Подключение электричества».


13.6 сурет - «Услуги» тобы

Көрсетілетін қызметтерді мағыналыры бойынша екі топқа бөлеміз: «Телевизоры» және «Стиральные машины».


Қызметтерді өз топтарына көшіру үшін тізім терезесінде көшірілетін қызметке мегзегішті қойып, «Действия | Переместить в группу» командасын орындаймыз (13.7 сурет). Ашылған терезеде жаңа топты «Новая группа» таңдаймыз (13.8 сурет).



13.7 сурет- Басқа топқа көшіру



13.8 сурет- Жаңа топ



13.9 сурет – Жаңа топқа көшіру
Осы сияқты «Телевизоры» тобына «Ремонт отечественного телевизора», «Ремонт импортного телевизора» қызметтерін көшіреміз. «Подключение воды» және «Подключение электричества» қызметтерін «Стиральные машины» тобына көшіреміз (13.9, 13.10 суреттер).



13.10 сурет - «Номенклатура» анықтамалығының иерархиясы

Кейін «Материалы» тобында «Радиодетали» және «Прочее» топтарын құрыңыз. «Кабель электрический» және «Шланг резиновый» материалдарын «Прочее» тобына көшіріп, қалғандарын «Радиодетали» тобына көшіріңіз (13.11 сурет).





13.11 сурет - «Радио детали» және «Прочее» топтары
Алдын ала анықталған Элементтері бар анықтамалықты құру. Қоймалар туралы ақпаратты сақтайтын «Склады» анықтамалығын құрамыз. Бұл анықтамалықта бір алдын ала анықталған элмент болады. Ол барлық материалдар келіп түсетін негізгі қойма «Основной».
Конфигураторда «Склады» анықтамалығын құрамыз.

13.12 сурет - «Прочее» белгі бауы

«Прочее» белгі бауына өтіп, «Предопределенные» батырмасына басамыз (13.12 сурет). Жүйе анықтамалықтың алдын ала анықталған элементтерінің тізімін ашып береді.





13.13 сурет - Алдын ала анықталған элементтер тізімі

Қазір ол бос (13.13 сурет), «Действия | Добавить» командасын орындап, алдын ала анықталған элементті «Основной» деген атпен енгіземіз.



13.14 сурет - Алдын ала анықталған элементті құру
Анықтамалықтың алдын ала анықталған элементіне атымен бірге атауы да беріледі (13.14 сурет). Кіріктірілген тілдің құралдарын қолданған уақытта анықтамалықтың элементіне жүгіну үшін оған конфигураторда берген атты пайдаланамыз.
«1С:Предприятие»-ні дұрыстауыш режимінде іске қосып, «Склады» анықтамалығын ашып, оған «Розничный» жазбасын енгіземіз (13.15 сурет).

13.15 сурет – Анықтамалықтың қарапайым элментін құру

Жүйе анықтамалықтың қарапайым және алдын ала анықталған элементтерін әртүрлі пиктограммалармен белгілейді. Бұл екі элементтің де «код» және «наименование» және реквизиттерін өзгертуге болғанмен, анықтамалықтардың тек қарапайым жазбаларын ғана жоюға немесе жоюға белгі қоюға болады.


Алдын ала анықталған элементтің екі ерекшелігін көрсетуге болады:

  • алдын ала анықталған элементтерге конфигурация жұмысының алгоритмдері сүйене алады (өйткені кіріктірілген тілден оларға атаулары арқылы қатынауға болады);

  • алдын ала анықталған элементтер мәліметтер базасының «1С:Предприятие» режимінде жоя алмайтын объектілері болып табылады.

Қарапайым элементтер конфигурация үшін «тұрақты» емес. Жұмыс барысында олар жоғалып кетуі мүмкін, сондықтан конфигурация олардың «тұрақсыздығына» байланысты қандайда болмасын алгоритмді орындауда оларға сүйене алмайды.
Алдын ала анықталған элементтер «тұрақты». Жұмыс барысында үнемі өз орнында болады, жоғалмайды. Сондықтан да конфигурация алгоритмдерді орындауда оларға сүйене алады. Осыған байланысты кіріктірілген тілдің құралдарымен оларға қатынауға болу үшін әрбір алдын ала анықталған элементтің уникалды аты болуы керек.
Бағыныңқы анықтамалықтар. «Контрагенты» және «Контактные лица» анықтамалықтарын құрайық. «Контрагенты» анықтамалығының «Полное наименование» реквизиті бар, тізім түрінде редакцияланады, иерархиясы бар. «Контактные лица» анықтамалығының «Телефон» реквизиті бар, типі «строка», тізім түрінде редакцияланады, иерархия жоқ.
«Контактные лица» анықтамалығы «Контрагенты» анықтамалығына бағыныңқы болуы керек.
«Владельцы» белгі элементінде («Редактировать элемент списка») батырмасына басамыз және «Выбор объекта» терезесінде «Контрагенты» анықтамалығын (иесі) таңдап аламыз.



13.16 сурет - «Выбор объекта» терезесі
«Использование подчинения» қасиетінде «Элементам» мәнін таңдап аламыз (13.16 сурет).

13.17 сурет – Иесін беру

«Контрагенты» анықтамалығының тізімінің формасын баптауда форма диалогына «Табличное поле» диалог элементін қою керек және элемент атын «Подчиненный», типін «СправочникСписок. КонтактныеЛица» деп көрсетеміз (13.17 сурет).





13.18 сурет – Типін көрсету

Бұл әрекеттерден кейін кестелік өріс «код» және «наименование» бағаналарын шығарады. «Телефон» бағанын шығару үшін тінтуірдің оң жақ пеннесімен басып немесе «Добавить колонку» немесе «Размещение данных» пунктін таңдаймыз (13.18 сурет).



13.19 сурет – Бағананы орналастыру

Кейін «Подчиненный» кестелік өрісінің «Связь по владельцу» қасиетінде «СправочникСписок.При Активизации Строки» («Данные/События» белгі баулары) мәнін енгізу керек (13.19, 13.20 суреттер).





13.20 сурет – Иесі бойынша байланысты анықтау (Определение связи по владельцу)

13.21 сурет - «События» белгі бауы

Соңынан бағыныңқы анықтамалықтар үшін басқару панелін орнатамыз. Ол үшін диалогқа командалық панельді қойып, дерекнама (көз) ретінде «Подчиненный» кестелік өрісін көрсетіп, «автозаполнение» белгісін қоямыз (13.21, 13.22 сурет).





13.22 сурет - Командалық панель

«Сервис» мәзірінен «1С:Предприятие» таңдап, «1С:Предприятие Конфигурация»-да «Операции»/ «Справочники»/ таңдап «Контрагенты» анықөтамалығын таңдаймыз (13.23 сурет).





13.23- Объектіні таңдау

Анықтамалықты ақпаратпен толықтыру (13.24 сурет).



13.24 сурет – Анықтамалықты толтыру

13 лабораториялық жұмысқа тапсырмалар


1. «Номенклатура» анықтамалығын құрыңыз.


2. Номенклатура» анықтамалығын деректермен толтырыңыз.
3. Конфигураторда «Склады» анықтамалығын құрыңыз.
4. «Контрагенты» анықтамалығының тізімінің формасын баптаңыз.
5. «Контрагенты» анықтамалығын деректермен толтырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет