АҚПАРАТТЫҚ ХАТ «ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 11: «Қазақстан білім қоғамы жолында: ғылым, білім және мәдениет дамуындағы инновациялық бағыты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция»
Ел:Қазақстан Республикасы
Қала: Шымкент
Өткізу уақыты: 6-7 желтоқсан 2012ж.
Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Конференцияның мақсаты: Техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары салаларындағы ғылыми жетістіктерді дәріптеу
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі: «Қазіргі таңдағы тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері»
«М.О.Әуезовтың туылғанына 115-жыл. Жазушының шығармашылық мұралары»
мәселелері»
«Ауыл шаруашылығын инновациялық дамыту. Тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамытудың
заманауи мәселелері»
«Құрылысты, машина жасауды және көлікті дамытудың қазіргі мәселелері»
«Ақпараттық технологиялар және басқару»
Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және алыс шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-тарының оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері
Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (2 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (3000 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекен-жайда 2012 жылдың 1 желтоқсанға дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті №3 «В» ғимараты, 2 қабат, 203 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: т.ғ.к. Бескенов Нұрлан Бескенұлы - М. Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасы техникалық ғылымдар бөлімінің бастығы.