Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау


Тапсырманың орындалу барысы:Дискіде бума құру



бет65/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

Тапсырманың орындалу барысы:Дискіде бума құру. Файлдарды реттеу немесе көптеген файлдың ішінен керекті файлды тез табу үшін, оларды бумаларда құру керек немесе әртүрлі бумаларда салыпқою керек. Дискіде бума құру үшін:

    1. Менің компьютерім терезесін аш.

    2. Файл құрылатын дискінің терезесін аш.

    3. Файл менюін шерт. Файл менюі ашылады.

    4. Курсорды Файл менюінің Создать тармағына апарып, Папка тармағын шерт. Терезеде жылтылдаған төртбұрышты бар буманы белгішесі пайда болады.

    5. Жылтылдаған төртбұрышты бар буманың атын жаз.

    6. Осы терезенің бос жерін шерт немесе пернеліктің Enter пернесін бас. Буманың белгішесі мен атауы ерекшеленеді. Бума құрылады. Қажет болған жағдайда 3-6 тармақтарды қайталап, басқа бумалар да құруға болады.

    7. Ашқан терезелерді жап.

  1. Дискетте бума құру:

    1. Бірінші дискетті дискілікке кіргіз.

    2. Менің компьютерім терезесін аш.

    3. Диск 3,5 (А:) терезесін аш.

    4. Дискетте Студент атты бума құр.

    5. Осы дискетте Студент1 атты бума құр.

    6. Ашқан терезелеріңді жап.

    7. Дискетті дискіліктен шығар.

Тапсырмалар:

  1. Менің компьютерім және Сілтеуіш программаларын іске қосыңыз. Олардың Бас тақырыптарын және мазмұндарын салыстырыңыз.

  2. Сілтеуіш қосымшасының терезесінен Менің компьютерім программасын іске қосыңыз. Менің компьютерім терезесіндегі бумалардың мазмұнын барлық түрде көру мүмкіндіктерімен тасыңыз. Ауыстырып қосшықтың көмегімен Саймандар тақтасын және Қалып-күй қатарын алып тастап, қайта қалпына келтіру қажет.

  3. Сілтеуіштің сол жақ терезешесінде қандай да бір кірме бумасы бар буманың ішкі мазмұнын көріңіз және осы буманың ішінде тағы кірме, яғни төменгі сатылы бума бар жоғын қалай анықтауға болатынын түсіндіріңіз. Оң жақ терезешенің ағымдағы бумасының мазмұнын ірі шарт белгілер түрінде көрсету керек. Барлық бумаларды жабыңыз.

  4. Жұмыс үстелінен Менің компьютерім программасын, Тапсырмалар тақтасынан Сілтеуішті іске қосыңыз. Осы терезелердің меню қатарының айырмашылықтары қандай? Меню қатарының активті емес командаларын активтендіріңіз. Барлық терезелерді кішірейтіңіз.

  5. Жұмыс үстелінде Менің құжатарым бумасының жарлығын құрыңыз.

  6. Осы жарлықты бас менюдің командалар қатарына қосыңыз. Оны сол қатардаң іске қосыңыз да, жұмысын аяқтап, қайтадан өшіріп тастаңыз.

  7. Оқытушы деген бума құрыңыз, осы бумаға өз қалауыңыз бойынша бірнеше файлдарды көшіріңіз.

  8. Жұмыс үстелінде осы буманың жарлығын құрыңыз.

  9. Жұмыс үстеліндегі Оқытушы бумасының жарлығын Сілтеуіш програмасына орналастырыңыз.

  10. Осы буманы өшіріп, Қоржыннан қайтадан қалпына келтіру керек.

  11. ScanDisk программасын іске қосыңыз. Дискіні тексеруге арналып тағайындалған парамтрлерді тексеріп шығыңыз да, өзіңіз қолданып жүрген дискетті стандартты түрде тексеріңіз.

  12. Шыққан нәтижелік қорытындыны мұхият қарап, талдау жасаңыз.

  13. Қатты дискіні тексеріңіз, нәтижеге талдау жасаңыз.

  14. Дефрагментациялау программасын іске қосыңыз. Тағайындалған параметрлерді анықтаңыз да, екі дискетті бірінен кейін бірін дефрагментациялаңыз.

  15. Қатты дискіні дефрагментациялаңыз.

  16. Компьютерде Backup программасының орнаталғандығына көз жеткізіңіз, егер жоқ болса орнатыңыз.

  17. Архивтеу программасын іске қосыңыз. Графикалық редакторда салынған сурет және WordPad программасында құрылған файлдардың көшірмесін дискетке жазыңыз.

  18. Көшірмесін алған файлдарды дискіден өшіріңіз.

  19. Өшірілген файлдарды дискеттен қайта қалпына келтіріңіз.

  20. Менің құжаттарым бумасындағы бірнеше мәтіндік файлдың көшірмесін Архив-бума деген атпен С дискісіне жазыңыз.

  21. Менің құжаттарым бумасындағы осы файлдарды өшіріңіз.

  22. С дискісіндегі Архив-бума көшірмесінен өшірілген файлдарды өз орнына қалпына келтіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет