Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет33/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

17-18 Дәріс. Енгізу-шығару
Дәріс жоспары:
1. Енгізу-шығару аппаратурасының принциптері.
1.1. Енгізу-шығару құрылғылары
1.2. Құрылғының контроллері
1.3. Жадтың адресті кеңістігінде көрсетілген енгізу-шығару
2. Енгізу-шығаруды программалық қамтамасыз етудің прициптері мен есептері.
2.1. Программалық енгізу-шығару
2.2. Үзіліммен басқарылатын енгізу-шығару
Компьютердің барлық енгізу-шығару құрылғысын басқару, операциялық жүйенің негізгі функцияларының бірі. Операциялық жүйе қондырғылар мен операциялық жүйенің қалған бөліктерінің арасында қарапайым және ыңғайлы интерфейс орнатуы керек.
1. Енгізу-шығару аппаратурасының принциптері.
Инженер-электрондаушылар енгізу-шығару кұрылғысы микросхемалар желілер, қоректендіру көзі және аппаратураны құрайтын басқа да физикалық кұраушылар деп қарайды. Программистер ең алдымен, аппаратурамен қабылданатын, аппаратура хабар беретін функциялар мен қателіктерді орындайтын программаны қамтамасыз ететін командалар арқылы орнайтын интерфейске назар аударады. Бізді енгізу-шығару кұрылғысының жобалануы, құрылуы немесе қолдау табуы емес, оны программалау қызықгырады. Сондай-ақ көптеген енгізу-шығару кұрылғысын программалау оның ішкі функциялануымен тығыз байланысты болады.
1.1. Енгізу-шығару құрылғылары.
Енгізу-шығару құрылғыларын екі категорияға бөлуге болады: блокты құрылғылар және символды құрылғылар. Блокты құрылғылар деп ақпаратты бекітілген өлшемдегі блок түрде сақтайтын құрылғыны айтады, сонымен қатар әрбір блоктың адресі болады. Әдетте, блоктар өлшемі 521-ден 32 768 байтқа дейін өзгереді. Блокты құрылғылардың маңызды қасиеті - оның әрбір блогы басқа блоқтардан тәуелсіз түрде оқылады. Блокты құрылғылардың көп тараған түрі дискілер болып табылады.
Енгізу-шығару құрылғысының басқаша типі - символды құрылғылар. Символды құрылғы символдар ағынын қандай да бір блокты құрылғысыз-ақ қабылдайды немесе жеткізеді. Ол адрестелмейді және іздеу операциясын орындамайды. Принтерлер, желілік интерфейсті карталар, тышқан (қол тетік) (экрандағы нүктені көрсету үшін) және дискіге ұқсамайтын көптеген басқа құрылғыларды символдық құрылғылар ретінде қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет