Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет41/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

2. Дискілерді форматтау.
Қатты диск алюминийден жасалған стопкадан, шыныдан немесе диаметрі 5,25 немесе 3,5 дюйм болатын басқа да материалдан жасалған пластинадан тұрады.
Дискті пайдаланбастан бұрын, әрбір пластинаға программа түрде төмен деңгейлі формат беру керек. Бұл формат секторлардың белігілі санын құрайтын, концентрлі жолшықтар сериясынан тұрады.
Тақырып аппаратурамен сектордың басталуын тануды қамтамасыз ететін белігіл биттердің тізбектерінен басталады. Ол сондай-ақ цилиндр мен сектордың нөмірін және кейбір ақпаратты құрайды. Деректер порциясының өлшемі төмендеңгейлі форматтау программасымен анықталады. Көп дисктерде 512-байттық секторлар пайдаланылады.
3. Тақырыпты жылжытуды жоспарлаудың алгоритмі.
Бұл бөлімде біз, негізінен, дискті драйверлерге қатысты кейбір сұрақтарды карастырамыз. Ең алдымен, дисктің бір блогын оқу немесе жазу, қанша уақыт алатынын анықтаймыз.
Көптеген деректер үшін іздеу уақыты басқа функциялардан анағұрлым асып түседі, сондықтан іздеу уақытын төмендету арқылы жүйенің өнімділігін айтарлықтай ұлғайтуға болады.
4.Қателерді өңдеу
Дисктерді өндірушілер биттердің сызықты тығыздығын ұлғайту арқылы технологиялық шектерді үнемі жылжытьш отырады. Өкінішке орай, ақаусыз, жоғары сипаттамалы диск жасау мүмкін емес.
Ақаулы блоктар контроллер немесе операциялық жүйемен өңделеді.

Суреттегі (а) ақаулы секторлы дисктің жолшығы; (б) ақаулы сектордың жазу секторына ауысуы; (в) барлық секторлардың ығысуы.
Қателер дискті орнатқаннан кейін карапайым операцияларды орындау барысында пайда болады. Егер контроллер секторларды айқын түрде түрлендіре алмаса, онда бұнымен программалық түрде операциялық жүйе айналысуы керек. Әдістердің бірі - құрамында барлық ақаулы секторлар бар құпия файл жасау.
5. Тұрақты есте сақтау құрылғысы.
Келесі қасиеттері бар, дискте бағыныңқы жүйе жасауға болады: жазу командасын алған соң, мұндай кұрылғы нақты түрде деректерді жазады, немесе ештеңе істемейді, ондағы деректерді өзгертпейді. Мұндай жүйе стабильді есте сақтаушы құрьшғы деп аталады және программалык түрде жүзеге асады.
6. Таймерлер.
Таймерлер (сағаттар деп те аталады) кез келген көпесепті жүйенің жұмысы үшін өте маңызды. Көптеген басқа есептердің ішінде, олар уақыт мерзімін бақылап отырады, бір процестің орталық процессорда ұзақ уақыт пайдалануына жол бермейді. Таймерді программалық жасау құрылғы драйверінің формасын қабылдай алады.
Программаланушы таймердің жетістігі - оның үзілім жиілігі программалық түрде басқарылуы болып табылады. 32-разрядты регистрді қолданған кезде уақыттың әрбір тең интервалында 2-ден 8,6 с сайын тиктер деп үзілімдердің пайда болуын программалай алады.
Программаланушы таймерлердің микросхемасында екі немесе үш тәуелсіз программаланатын санауыштар болады (мысалы, санауыштың мәнін азайтпай, керісінше көбейте алады, үзілімдерді иницирлемейді және т.б.).
Таймер көрсеткіштері жоғалмау үшін көмпьютер өшіп түрғанда, көп компьютерлердің сағаттары аккумулятордан қоректенеді. Сағат көрсеткіштері операциялық жүйе іске қосылғанда саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет