4.1. UNIX-те процесстерді орындау.
Процесстер кестесінде ақпарат келесі категорияларға бөлінеді:
1.Жоспарлау параметрлері. Процесстердің үстемділіктері, соңғы ескерілген периодта қолданылған процессорлық уақыт, процесс күту режимінде болғандағы уақыт саны. Осы ақпараттар келесі басқару берілетін процессті таңдауға мүмкіндік береді.
2.Жады бейнесі. Программа сегменттеріне, деректерге және стекке көрсеткіштері немесе егер жадының беттік ұйымдастыруы қолданылса, онда оларға сәйкес бет кестелеріне көрсеткіштері . Егер программалық сегмент ортақ қолданылса, онда программаның көрсеткіштері программаның жалпы кестесін көрсетеді. Жадыда процесс жоқ болса, онда дискіден процесс бөліктерін табуғабағытталған ақпарат болады.
3.Сигналдар. Қандай сигналдар еленбейтінін, қандайларын жолдан алып қалатынын, қандайлар уақытша қоршалған, ал қандайлары жеткізу процесінде болатынын көрсететін белгілер.
4.Әр түрлілер. Процестің қазіргі күйі, процестен күтілетін оқиғаныңағымдағы қалып-күйі, қоңыраулы сағат аралық өтуіне дейінгі уақыт, процестің PDI- і, аналық процестің PDI-і, қолданушы тобы және атауы.
Қолданушы құрмлымында жадыда процес болмаған кезде қажет етілмейтін ақпарат болады. Мысплға, дискіге жүктелген процеске сигнал жіберуге болғанмен, ол процес файылды оқи алмайды. Сол себептен сигналдар туралы ақпарт өрдайым жадыда сақталатын процестер кестесінде, ол процестің өзі жадыда болмаған күнде де сақталуы қажет.
Қолданушы құрлымында сақталатын деректер келесі пунктерден тұрады:
1.Машиналық регистрлер. Ядро режимінде ауыстыру мен үзу болғанда, машина регистрлері осы жерде сақталады.
2.Жүйелік шақырудың қалып күйі. Параметрлермен нәтижелерді қоса алғанда ағымдағы жүйелік шақыру туралы ақпарат.
3.Файлдар дискрипторларының кестесі.Файлмен жұмыс істейтін жүйелік шақыруға қарату болғанда файл дискрипторы берілген кестеде осы файлға сәйкес деректер құрлымын табуға мүмкіндік беретін индекс ретінде қолданылады.
4.Есептік ақпарат. Жүйелік және қолданушы режимінде пройесс қолданатын процессорлық уақытты ескеретін кестеге көрсеикіш. Кейбір жүйелерде процеске қолданылатын процессорлық уақыт, стектің ең үлкен өлшемі, жадыдағы бет саны және т.б. шектеледі.
5.Ядро стегі.Ядро режимінде процестер қолданатын өзгермейтін стек.
Жаңа процесс құру үшін Fork жүйелік шақыруы орындалады, шақырылған процесс ядроға қаратылып, ұқсас процесс туралы деректерді жазуға болатын процестер кестесінен бос ұяшықты іздейді.Егер бос ұяшық болса, онда аналық процестегі ұяшықтан жүйелік шақыру арқылы ақпаратты көшіреді. Содан кейін аналық процестің сәйкес сегменті көшірілетін деректтер сегмент үшін және ұқсас процестің стегі үшін жады бөледі. Қолджанушының құрлымы стекпен бірге көшіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |