Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет48/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

3. UNIX жүйесінде енгізу-шығару.
Енгізу-шығару құрылғылары- дискілер, принтерлер және желілер сияқты құрылғылар. UNIX операциялық жүйесінде бұл құрылғыларды пайдалануды қамтамасыз ету үшін арнайы файлдар түрінде файлдар жүйесіне барлық құрылғыларды интеграциялау пайдаланылады. Әрбір енгізу-шығару құрылғыларына жол атын/dev каталог жолында беріледі. Мысалы: дискінің жолы/ dev/hd2, принтердің жолы /dev/lp ал желінікі /dev/net болуы мүмкін.
Арнайы файлдар блоктық символдық болып екі типке бөлінеді. Арнайы блоктык файлдар-нөмірленген блоктардың тізбегінен тұратын файл. Арнайы файлдың әр блогына адрес жазуға болады және жұмыс істеуге болады. Блоктык арнайы файлды көбінесе дискілер үшін қолданылады.
Символдық арнайы файлдар символдық ағымдарды енгізу немесе шығару құрылғылары үшін қолданылады. Символдық арнайы файлдар клавиатураларда, принтерлерде, желілерде, тышқан тетіктерінде т.б қолданылады.Көптеген символдық арнайы файлдарға қатынау мүмкін емес. Көбіне символдарды теріп енгізу арқылы басқару қажет, мысалы соңғы символды ауыстыру, терілген жолдарды көшіру істеп тұрған программаның жұмысын үзу және т.б.
UNIX операциялық жүйесінде бұл символмен басқару нақты берілмей, қолданушының үйлестіруімен беріледі. Бұл параметрлерді орнату арнайы жүйклік шақырумен беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. UNIX жүйесін жүктеу
2.UNIX жүйесінде жадыны басқару
3.UNIX жүйесінде енгізу-шығару
27-28 дәріс. Windows 2000 операциялық жүйесі
Дәріс жоспары:

  1. Windows 2000 ОЖ-нің құрлымы.

  2. Windows 2000 ОЖ -гі абстракцияның деңгейі.

  3. Windows 2000 ОЖ -гі ядроның деңгейі.

  4. Windows 2000 ОЖ -гі орындайтын жүйе.



1. Windows 2000 ОЖ-нің құрлымы.
Windows 2000 операциялық жүйесі екі негізгі бөлімнен тұрады: ядро режимінде жұмыс істейтін операциялық жүйенің өзінен және пайдаланушы режимінде жұмыс істейтін бағыныңқы жүйеден. Ядро жадыны, файл және т.б. процестерді басқарады. Бағыныңқы жүйе айқын жүйелік функцияларды орындау үшін қолданушыға көмектесетін бөлек процестер болып табылады.
Жүйе бірнеше деңгейлерге бөлінген, ал оның әрқайсысы төменгі деңгейдегілердің қызметтерін пайдаланады. Бұл құрылым 8.1-суретте көрсетілген. Қарайтылған аймақтар орындалатын жүйелерді білдіреді, "D" символымен белгіленген квадратшалар, құрылғылардың драйверлерін білдіреді. Сервистік процестер жүйелік демондар болып табылады. Деңгейлердің бірі көлденеңінен модульдер жиындарына бөлінген. Әр модульдің нақтылы функциясы, әрі оның басқа модульдермен өзара әрекет жасауы үшін айқын интерфейсі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет