3. Windows 2000 ОЖ -гі ядроның деңгейі. Абстракциялық деңгейлерден жоғары ядро деңгейі, әрі құрылғылар драйвері орналасады. Ядро бөлігі (HAL деңгейінің үлкен бөлігі) әрдайым жедел жадыда орналасады. Қажетті үстемділікті орнатудың көмегімен ядроның бұл бөлігі, енгізу-шығару құрылғыларынан үзілістің болу, болмауын шешеді.
Ядроның мәнісі қалған барлық операциялық жүйелерді аппараттардан тәуелсіз жасауда және басқа платформаға оңай ауыстыруда болып отыр. Ядро аппаратқа HAL деңгейі арқылы қатынай алады. Ол одаи абстракциялық өте биік деңгейлерді құрастыра отырып, HAL деңгейлерінің төменгі деңгейінде орындалады. Ядро қажетінше, орталық процессорлардың барлық регистрлерін сақтайды, жол кестелерін өзгертеді, орталық процессорлар кэшін сақтайды және т.б. Осы әрекеттер орындалған соң ғана, ертерек жұмыс істейтін ағым толығымен жадыға орналасқан кестеде сақталып қалады. Содан кейін ядро жаңа ағым жадысының картасын үйлестіріп, оны регистрлерге жүктейді және дайын болғанда жаңа ағымды іске қосады.
Ағымдарды жоспарлау программасы да ядрода орналасады. Жаңа ағымның жұмысқа дайындығын тексеру уақыты келгенде, ядро ағымды таңдайды және осы ағымды іске қосатын керекті контекстке ауысуды орындайды.
Аппаратураның абстрактілі үлгісін неғұрлым жоғарғы деңгей арқылы көрсету және ағындарды ауыстырумен қатар, ядро объектілердің екі бірдей класына басқару және бөлу объектілеріне төменгі дәрежелі қолдау жасау сияқты тағы бір функцияны орындайды. Бұл объектілер қолданушы процестері ала алатын дискриптор объектісі бола алмайды, бірақ орындаушы жүйе олардың негізінде қолданушы объектісін құратын ішкі объектілерді білдіреді.
Басқарылатын объектілер - ол процестердің примитивті объектісінен, DPC және АРС екі объектілерінен, үзіліс объектісінен тұратын жүйені басқарушы объектілер. DPC (Deffered Procedure Call - қалдырылған процедураны шақыру) объектісі уақыт шектеулі болатын үзілістерді өңдеу процедурасының уақыт шектеусіз болып табылатын бөліністерінен анықтау үшін пайдаланылады. Үзілістер өңдеу процедурасы енгізу-шығару құрылғыларының үзілістерімен байланысқан бірнеше аппараттық регистрлерді сақтайды, сосын оларды кейін қалпына келтіреді және аппаратураларға жұмысты жалғастыруға рұқсат етеді, бірақ өндеудің көптеген бөліктерін кейінге қалдырады.
АРС (Asynchronous Procedure Call - процедураны асинхрондық шақыру) объектісі процедураны қалып кеткен шақыруға ұқсас, бірақ бұл процедура анықталған процестің контекстінде орындалуымен ерешеленеді.
Ядро объектілерінің тағы бір типі - бөлу объектісі. Оған ағымның өзгеру жағдайын күтетін семафорлар, мьютекстер, әрекеттер, таймерлер және басқа объектілер жатады. Берілген объектілер ағымды жоспарлаумен тығыз байланысқан, сондықтан олар жүйенің ядросымен өңделеді.
4. Windows 2000 ОЖ -гі орындайтын жүйе.Ядро және құрылғылар драйверлерінен жоғары орындайтын жүйе деп аталатын операциялық жүйенің жоғарғы бөлігі орналасқан. Орындайтын жүйе 10 компоненттен тұрады, оның әрқайсысы кейбір есептерді орындауда бірге жұмыс істеуге арналған процедуралардан тұрады. Бір деңгейдегі компоненттер бір-бірін шақыра алады.
Объектілер менеджері операциялық жүйеге белгілі барлық объектілерді басқарады. Оған процестер, ағымдар, файлдар, каталогтар, семафорлар, енгізу-шығару құрылғылары, таймерлер және т.б. Менеджер объектілері объектілер құруда ядросының адрестік кеңістігінен виртуалды жады блогын алады, объектілер өшірілгенде, бұл блокты бос блоктардың тізіміне қайтарады. Оның объектілер менеджерлерінің жұмысы барлық объектілерді бақылау, құрылған объектілер орналасқан аттар кеңістігін басқару болып табылады.
Енгізу-шығару менеджері енгізу-шығару құрылғыларын басқарады және енгізу-шығарудың жалпы қызметтерін көрсетеді. Жүйенің қалған бөліктері үшін құрылғыларды шақыру сәйкес драйверлер арқылы жүзеге асырылады. Файлдық жүйелер формальды түрде енгізу-шығару менеджері арқылы басқарылатын құрылғылар драйвері болып табылады. FAT және NTFS атты файлдық жүйелер үшін және дискілердің әр түрлі бөлімдерін басқаратын бір-біріне тәуелсіз екі драйвер бар.
Процестердің менеджері процестер мен ағымдарды және олардың құрылуы мен аяқталуын қоса басқарады.
Жады менеджері Windows 2000 операциялық жүйесінің қажет етуімен жолдың секірістерімен виртуалды жадының архитектурасын жүзеге асырады. Ол физикалық беттік блоктарды, виртуалды беттерді қайта құруды басқарады, оның адрестік кеңістігіне жататын әрбір процестің тек сол беттеріне кіру мүмкіндігінің процестерде қорғауын қамтамсыз етеді.
Қауіпсіздік менеджері Windows 2000 операциялық жүйесінің қаупісіздігінің қиын механизмінің орындалуын қадағалайды.
Кэш менеджері соңғы уақытта пайдаланылған дискі блоктарын тағы да олар керек болған жағдайда, оларға кіруді тездету үшін жадыда сақтайды. Windows 2000 операциялық жүйесі бір уақытта бірнеше файлдық жүйелерді пайдалана алады. Бұл жағдайда, кэш менеджері файлдық жүйеде өз кэшін ғана басқарумен айналыспай, барлық файлдық жүйелерді қамтамасыз етеді.
Plug-and-play менеджері жаңа орнатылған барлық құрылғылар туралы хабарлама алады. Кейбір құрылғыларды тексеру жүйені іске қосу кезінде жүргізіледі, ал басқалары, мысалы USB құрылғысы, кез-келген уақытта қосыла алады.
Энерго тұтынушы менеджері электр энергиясын тұтынуды басқарады. Егер оған белгілі бір уақыт аралығында байланыс жасалмаса, онда ол монитор мен дискіні өшіреді.
Конфигурациялар менеджері реестрдің жағдайына жауап береді. Ол жаңа жазбаларды қосады және сұралған кілттерді іздейді.
Жергілікті процедураны шақыру менеджері процестермен оның ішкі жүйелерінің арасындағы өзара жоғары тиімділікпен әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
GDI (Graphic Defice Interface) құрылғысының графиктік штерфейсі монитор мен принтердегі графиктік бейнелеулерді басқарумен айналысады. Ол қолданушы программаларына берілген құрылғылардың әдістерінен тәуелсіз мониторға және принтерге енгізуге мүмкіндік беретін жүйелік шақыруларды орындайды.
Орындайтын жүйелерден жоғары жүйелік қызмет деп аталатын жіңішке деңгей орналасқан. Оның функциясы орындайтын жүйеге интерфейсті әкеліп қосуда болып табылады. Ол Windows 2000-тің нағыз жүйелік шақыруларын қабылдайды және оларды орындау үшін орындайтын жүйенің басқа бөліктерін шақырады.
Windows 2000 жүйесін іске қосқанда, жадыға файлдардың жиынтығы жүктеледі. Сонымен бірге ядро мен орындайтын жүйеден тұратын операциялық жүйелердің негізгі бөлігі, HAL деңгейі, Win32 интерфейсі және құрылғылардың графиктік интерфейсі, құрылғылардың драйверлерінің жиыны жүктеледі.
Бақылау сұрақтары: Windows 2000 операциялық жүйесінің құрлымы?
Windows 2000 операциялық жүйесінгі абстракцияның деңгейі?
Windows 2000 операциялық жүйесінгі ядроның деңгейі?
Windows 2000 операциялық жүйесінгі орындайтын жүйе?