Енгізу-шығару менеджері plug-and-play менеджеріне жақын. Plug-and-play менеджері сұраныс арқылы құрылғыны анықтайды, оған үзілістердің деңғейі секілді аппараттық ресурстарды бөледі. Қажетті драйверлерді тауып одарды жадыға жүктейді. Әрбір драйверді іске қосу кезінде драйвер обьектісі құрылады.
Енгізу-шығару менеджері энергияны тұтынушы менеджерімен тығыз байланысты. Енгізу-шығару құрылғылары әртүрлі жағдайда болуы мүмкін. Бұл құрылғыларды іске қосу және өшіру энергияны тұтынушы менеджері мен енгізу-шығару менеджері бірге айналысады.
Windows 2000 операциялық жүйесінде динамикалық дискілерге қолдау механизмі бар. Бұл дискілер бірнеше дискілік бөлімдерге таратылуы мүмкін немесе физикалық дискілерге және оларды қайта конфигурациялауға болады, сондай-ақ логикалық топтар бөлек бөлімдерге немесе бір қатты дискіге байланыспаған және файлдық жүйе де бірнеше дискілерге орналасуы мүмкін.
Windows 2000 файлдық жүйесі.
Windows 2000 операциялық жүйесі бірнеше файлдық жүйеден тұрады, оның ішіндегі ең маңыздылары FAT-16, ҒАТ-32 және NTFS (New Technology File System – жаңа технологияның файлдық жүйесі болып табылады). ҒАТ-16 файлдық жүйесі – MS DOS жүйесінің ескі файлдық жүйесі. Онда дискілік бөлімдер 2 Гбайтпен шектелген 16 разрядтық дискілік адрестер пайдаланылады. FAT-32 файлдық жүйесінде 32 разрядтық дискілік адрестер және 2 Гбайтқа дейінгі өлшемдегі дискілік бөлімдер пайдаланылады. NTFS жүйесі Windows NT үшін арнайы құрылған және Windows 2000-ға. Ауыстырылған жаңа файлдық жүйені көрсетеді. Онда файлдық жүйе дискілік бөлімдерді 264 байт өлшемін қолдайтындай 64 разрядтық дискілік адрестерді пайдаланады. Windows 2000 операциялық жүйесі тек қана оқуға болатын CD-ROM, DVD дискілеріне арналған файлдық жүйені қолдайды. Жұмыс істейтін бір операциялық жүйе әртүрлі типтегі бірнеше файлдық жүйеге бірден қатынай алады.
NTFS файлдық жүйесі – бұл UNIX жүйесінен тек интерфейсімен ғана емес, орындалу жағынан бөлек қазіргі заманғы файлдық жүйе. Файл атының ұзындығы 255 символмен шектеледі, толық ұзындығы 320767 символмен шектеледі. Файл атына Unicode кодтауы қолданылады. NTFS файлдық жүйесі регистрді сезінгіш аттарға толық қолданылады.
NTFS файлдық жүйесіндегі файл тек байттар тізбегі емес. Оның орнына файл әрқайсысы байттар ағымы болып келген атрибуттар жиындарынан тұрады. Ағымның максимал ұзындығы 264 байт. Файлдардың көпшілігі файл аты және оның 64 биттік идентификаторы сияқты бірнеше қысқа ағымдардан, аты жоқ деректер ағымынан тұрады.
Файлдың атынан соң әрбір ағымға қатынау кезінде қос нүкте арқылы ағымның аты көрсетіледі, мысалы foo: stream 1 әр ағымның өз ұзындығы бар. Әр ағым басқа ағымдардан тәуелсіз тоқтатылуы мүмкін.
NTFS файлдық жүйесі негізінде әр файл мен каталогты бір жазудан көрсетілген МТҒ негізгі файлдық кестесі жатыр. Әр файлда МТҒ немесе кестеден тыс дискіде, жазылуы мүмкін атрибуттар жиыны бар. NTFS файлдық жүйесі сығуды және шифрлеуді қолдайды.