2. Windows 2000 операциялық жүйесіде жадыны басқару. Windows 2000 операциялық жүйесінде қолданушы процесінің жеке виртуалды адрестік кеңістігі бар. Виртуалды адрестік 32 разрядты, сондықтан әрбір процесс 4 Гбайтты виртуалды адрестік кеңістікті қамтиды. Төменгі 2 Гбайт 256-ға жақын Мбайт азайтумен процестің берілгендеріне және бағдармаларға арналады; жоғарғы 2 Гбайт қорғалған күйде ядро жадына бейнеленеді. Виртуалды адрестік кеңістікті беттері (4Кбайт) өзгермейтін өлшемі бар және талап ету бойынша жүктеледі. (Pentium процессорлы компьютерде 4 Кбайт). Виртуалды адрестік кеңістіктің конфигурациясы 1-суретте үш қолданушы процестер үшін, суретте ақ түспен процестің сақтандырылғаны көрсетілген берілгендерінің аймағы бейнеленген, ал қарайтылған аймақта барлық процестер ортақ пайдаланатын жады көрсетілген. Әрбір виртуалды адрестік кеңістіктің жоғарғы және төменгі 64 Кбайты жай кезде физикалық жадыға бейнеленбейді. Олар программалық қателерді болдырмау үшін пайдаланылады.
Әрбір виртуалды бет келесі 3 қалып – күйде бос, резервтелінген және өзгермейтін жағдайлардың бірінде орналасуы мүмкін. Қазіргі кезде бос беттер пайдаланылмайды, оған көрсеткіш беттік үзілістерді шақырады. Процесс іске қосқанда, оның барлық беттері программа мен берілгендер, олардың адрестік кеңістігінде бейнеленгенше бос жағдайда болады. Деректер мен программа қалай беттерде бейнеленгенде беттерді өзгермейтін беттер дейді. Өзгермейтін бетке назар аудару виртуалды жадыны аппаратты қамтамасыз етудің көмегімен сақталады және егер ол бет жедел жадыда болса, табысты аяқталады. Кері жағдайда, беттік үзілістер болады, операциялық жүйе дискіде талап ететін беттерді табады және оны жедел жадыға жазады. Виртуалды жады резервтелген жағдайда болғанда, бұл бетрезервтелу өшірілмейінше бейнелене алмайды.
1-сурет. Виртуалды адрестік кеңістіктің конфигурациясы
Секірістің алгоритмі жұмыс жиынтығы түсінігіне негізделген. Жүйе беттік үзіліс болғанда ғана бос беттердің бірнеше тізімдерін басқарады, өйткені, жүйеде жеткілікті бос беттер бар. Бос беттердің тізімі бірінші кезекте, күрделі алгоритмдердің көмегі арқылы жұмыс жиынтығынан көптен бері пайдаланбаған беттерді тартып алады.