Зертханалық жұмыс №3. MS DOS операциялық жүйесі.
MS DOS – бұл символдық(графикалық емес) ақпаратпен жұмыс жасауға бағытталған бірпайдаланушылық операциялық жүйе. Жолға команданы, яғни символдар тізбегін енгізе отырып сіз тапсырмаларды орындай аласыз, қосымшаларды іске қосып және компьютерді, файлдарды және каталогтерді басқара аласыз.
MS DOS төменде көрсетілгендей іске қосылады: Пуск ПрограммыСтандартные – Командная строка.
Программаны ашқаннан кейін MS DOS программасына шақыру пайда болады: C:\>
Егер MS DOS терезесінде басқа бумаға шақыру тұрса, мысалы C:\Documents and Settings\Admin\ , онда C:\> дискіне көшу үшін:
1) cd..командасын орындап ENTER пернесін басу керек.
2) Осы команда орындалғаннан кейін экранда C:\Documents and Settings\ жазуы қалады.
3) cd.. командасын орындап ENTER пернесін басу керек.
4) 3-ші команда орындалғаннан кейін экранда C:\ жазуы қалады.
Командаларды енгізу.
Енгізу үшін осы команданы пернетақтадан енгізіп ENTER пернесін басу керек.
Ақпараттық жүйені қолдану
КОМАНДА/? Мысалы: DIR/? –DIR командасы бойынша анықтама.
Экранға ақпаратты шығаруды тоқтату.
Егер MS DOS экранға өте көп ақпарат шығарса, онда оны тоқтата тұру үшін CTRL+S пернелерінің комбинациясын қолдануға болады.
MS DOS-та файлдармен жұмыс жасау.
Мәтіндік файлдарды құру.
COPY CON файл-аты. Осы команданы енгізгеннен кейін кез-келген мәтінді енгіземіз. Әр жолдың соңында ENTER пернесін басу керек, ал соңғы жолды енгізгеннен кейін - F6 пернесін және соңында ENTER пернесін басыңыз.
Мысалы: copy con proba - proba аты бар мәтіндік файлды құру.
2. Осы тәрізді басқа атпен екінші мәтіндік файлды құрыңыз.
3. Экранға файлды шығару.
TYPE файл-аты. Сонымен қатар экранға келесі команданың көмегімен шығаруға болады: COPY файл-аты CON
Достарыңызбен бөлісу: |