Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет59/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

1. Дискті тексеру
Дисктермен жұмыс жасау үшін арнайы қызымет ететін программалар түрлері болады. Олар дисктерді тексереді , дефрагментациялайды, архивтейді және де тазалайды. Барлық осы программаларды Windows-тың бас мәзірінен іске қосуға болады, бірақ оны Менің компьютерім (My Computer) бумасынан жасаған ыңғайлы болады.

  • Windows-тың бас мәзірінен Менің компьютерім (My Computer) командасын таңдаңыз.

  • Әрі қарай көмекші мәзірді ашу үшін диск белгісі көрсетілген белгіні тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  • Қасиет (свойства) командасын таңдаңыз.

  • Осыдан кейін дискінің қасиетің өзгертетін диалогты терезе шығады

(Сурет 1).

  • Сервис (Tools) жарлығын тышқан батырмасы арқылы шертіңіз.

Дискіні тексеруге арналған қызымет ету программалардың бірі -Scandisk , осы программа арқылы ақпаратты тасымалдаушылардан әр түрлі қателерді таба аламыз. Осы қателер әр-түрлі себептен болуы мүмкін мысалы, қатты дискінің магниттік бөлігінің бүлініуінен.
Егер сіз дискіні тексеру программасын дұрыс аяқтамасаңыз , онда Windows іске қосылған кезде дискіні тексеру программасы автоматы түрде қосылады. Сіз өзіңіз кез-келген уақытта дискіні тексере аласыз.

Сурет .1. Сервистік программаларды іске қосу

  • Тексеру программасын іске қосатын диалогтық терезеден Выполнить проверку (Check Now) батырмасын басыңыз.

Дискті тексеру программасы іске қосылады және жұмыс терезесі шығады (Сур.2). Осы терезедегі жалаушалар дискінің тексеру сипаттамаларын таңдауға мүмкіндік береді. Егер Автоматически исправлять ошибки (Automatically Fix Errors) деген жалаушасы қойылған болса , онда программа табылған қателерді түзетуді өзі шешеді.



Сурет.2. Дискті тексеру
Егер Проверять и восстанавливать поврежденные сектора (Scan for and attempt recovery of bad sectors) жалаушасын орнатсақ , онда дискіні тексеруден басқа файлдық жүйелерден логикалық қателерді және қатты дискінің бетіндегі қателері де тексеріледі. Көбінесе осы жалаушаны қоймайды , өйткені көп уақытты алады.

  • Тексеруді бастау үшін , керекті сипаттамаларды орнатып Запуск (Start) батырмасын басу керек. Тексеру аяқталғанан кейін , тексеру аяқталды беген хабарламасы бар диалаг шығады. Егер тексеру кезінде қателер кездессе, онда сізге тексеру есебін қарауды ұсынады.

  • Осы диалогты жабу үшін ,ОК батырмасын басыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет