Файлдардың немесе бумалардың атын өзгерту үшін: 1. Менің компьютерім немесе Сілтеуіш терезесінде оны таңдап алу қажет.
2.Меню қатарындағы немесе жанама менюдегі Атын өзгерту (Переименовать) командасын таңдау қажет немесе тышқанның сол жақ батырмасын сол файл не бума атында шерту қажет;
Осы екі әрекеттің бірі орындалған соң, бума немесе файл жанындағы жыпылықтап тұрған терезеге жаңа атауды теріп жазып, тышқанды бос жерде шерту қажет.
Файлдарды көшіру — жаңа каталогта (бумада) оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлдарды жылжыту бір каталогган екінші каталогқа оньш көшірмесін ала отырып ескі орыннан өшіріп тастау болып саналады.
Файлды немесе буманы көшіру үшін: Менің компьютерім немесе Сілтеуіш терезесінде қажетті файлды немесе буманы белгілеп алу қажет.
тандаймыз Осы әрекеттерді файлдың немесе буманың жанама менюіндегі Көшіру, Орналастыру командалардың, Саймандар тақтасындағы Көшіру, Орналастырубатырмаларының көмегімен де орындауға болады.
Файлды немесе буманы көшіруді тышқаннын көмегімен де жүзеге асыруға болады. Ол үшін таңдап алынған файлды немесе буманы тышқан батырмасының жәрдемімен көшіретін бумаға тасымалдаймыз. Бұл кезде файл немесе бума көшірілетін буманың түсі де өзгереді. Егер тасымалдау оң батырманың көмегімен жүргізілсе, ашылған жанама менюдің Көшірукомандасын таңдаймыз. Ол үшін: Көшіретін файлды немесе буманы белгілеп алмыз.,