Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет58/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

Файл немесе буманы жылжыту үшін:

  1. Менің компьютерім немесе Сілтеуіш терезесінде қажетті файлды немесе буманы белгілейміз.

  2. Түзету (Правка) менюіндегі Қиып алу (Вырезать) командасын таңдаймыз.

  3. Киып алынған Нысанды (объекгіні) орналастыратын дискіні немесе буманы көрсету керек.

  4. Түзету менюіндегі Орналастыру (Вставить) командасын орындаймыз.

Осы әрекеттерді файлдың немесе буманың жанама менюіндегі Буферге қиып алу, Орналастыру командалардың, Саймандар тақтасындағы Буферге қиып алу , Орналастыру батырмаларының көмегімен орындауға болады. Файлды немесе буманы жылжытуды тышқанның көмегімен дежүзеге асырута болады. Жылжытатын файлды немесе буманы оң, батырманың көмегімен орналастыратын обьекгіге тасымалдаймыз да, ашылған жанама менюдің Жылжыту (Переместить) командасын таңдаймыз.
Бірден бірнеше файлды немесе буманы көшіруге, жылжытуға болады. Ол үшін алдымен қажетті объектілерді белгілеп аламыз.
Терезенің көлемін өзгерту тышқан курсорын оның шекарасына орналастырып, сол жақ батырманы басулы күйінде қажетті орынға тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.
Сілтеуіш программасын Менің компьютерім шарт белгісінің немесе Іске қосу батырмасының жанама менюіндегі Сілтеуіш қатарында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.
Тышқан курсорын Менің компьютерім шарт белгісіне орналастырған соң, Ctrl+Shift батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, тышқанды екі рет шерткенде де Сілтеуіш программасы іске қосылады.
Тапсырма: Компьютердің құрылымы мен ондағы мәліметтердің мазмұнын "Менің компьютерім" программасының көмегімен көріңіз.


Зертханалық жұмыс №2.
Көмекші программалар.
Windows XP-дің қолданбалы программаларының құрамында , жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды шешу үшін қолданылатын программалар қатары болады. Осындай программаларды қызымет ету программалары немесе утилиттер деп атау қабылданған. Осы бөлімде қызымет ету программаларынан басқа көмекші программалар қарастырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет