Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет45/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

Ядро құрылымы
Ядроның төменгі деңгейі құрлымдар драйверлері және процестерді бөлу процедурасынан құралады. UNIX жүйесінің драйверлері екі класқа блоктық құрлымдар драйверіне және символдық құрылымдар драйверіне бөлінеді.Блоктік құрлымдарға іздеу операциясы мүмкінде символдықта рұқсат етілмеген. Мұндай төмен деңгейлі программа жұмыс істеп тұрған процесті тоқтатады, оның күйін ядро процестері кестесі түрінде сақтап, сәйкес драйверді қосады. Сондай-ақ процестерді бөлу ядро өз жұмысын аяқтағанда және қолданушының процесін қайта қосқанда іске асады.
Келесі деңгейдің сол жағында символдық құрлымдар орналасқан. Олар екі тәсілмен қолданылады: терминалдан енгізу-шығару өңделмеген түрінде (мәтіндік редактордағыжұмыс) және терминалдан енгізу өңделген түрінде (қоршаудағы жұмыс) .
Көптеген әртүрлі құрылғылар мен хаттамалардың сүйемелдеуімен, желілік программалық жабдықтау әрдайым модульдік болады. Желілік драйверден жоғары деңгей дұрыс пакет, дұрыс құрылғыға немесе хаттамаларды басқару блогіне жеткізілетіндігіне жауап беретін бағыттауыш функциясын орындайды. Көптеген UNIX жүйесі өзінің ядросында Интернеттің толық бағыттауышын қамтиды. Бағыттауыш деңгейінен жоғары міндетті түрде IP және TCP хаттамаларын сақтайтын хаттамалар стегі кейде қосымша хаттамаларда орналасады. Желілік хаттамалардан жоғары программаларға жекеленген желілермен хаттамалар үшін сокет құруға мүмкіндік беретін сокеттер интерфейсі орналасады. Сокетті қолдану үшін қолданушы програмасы файлдар дискрипторын қабылдайды.
Дискілік драйверден жоғары кэш буфері және файлдар жүйесінің кэш беттері орналасқан. Көптеген қазіргі уақытқа сай UNIX жүйелерінде олардың араларында нақты шекара жоқ, кез келген жадының беті кез келген тапсырманы орындау үшін не керек екеніне байланысты қолданылуы мүмкін.
4. UNIX жүйесіндегі процесстер.
UNIX көп есептік жүйе. Көптеген бір қолданушылық жұмысшы станциясында ондаған демон деп аталатын фондық процесстер жұмыс істейді. Олар жүйенің жүктелу кезінде автоматты түрде қосылады. Процесстер UNIX операциялық жүйесінде тез құрылады. Fork жүйелік шақыруы аналық процесс деп аталады. Процесстің дәл көшірмесін алады. Жаңа процесс ұқсас процесс деп аталады. Ашық файлдар екеуінде бірдей қолданылады. Бұл дегеніміз fork жүйелік шақыруы орындалмай тұрып файл ашық болса ол қазіп және кейін де екі процесс үшін ашық болып қала береді. Frk жүйелік шақыруы ұқсас процесске 0 санын, ал аналыққа ұқсас процесстің нөлден басқа PID санын (Process Identifier- процесс идентификаторы) қайтарады. Екі процессте мәндердің қайтарылуы және сәйкесінше орындалуын тексере алады. Процесстер өздерінің PID идентификаторы арқылы танылады. Процессті құру кезінде оның PID идентификаторы аналық жаңа процесске беріледі. Процесстер программалық үзілістер арқылы қатынасады. Бір процесс келесісіне сигнал бере алады. Процесстер сигнал алған кезде, жүйеге қандай амал орындайтынын хабарлайды. Процесс келесі жағдайларда сигналды елемеу, оны жолдан ұстап қалу немесе сигналға процессті өшіруге мұмкіндік беретін кезде орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет