Ақпаратты кодтау Ақпаратты кодтау теориясы, информатиканың өте бір маңызды
бөлімі болып табылады. Кодтау теориясы, қазіргі заманның ағымдық
даму үрдісінде, келесі мәселелерді қарастырып, математикалық
құралмен шешілуде:
1) ақпаратты кодтаудың ең қолайлы үнемділік принціпін
жетілдіру;
2) жіберілетін ақпараттың параметрлерін байланыс желілерінің
ерекшеліктерімен қиыстыру;
3) байланыс желілерімен ақпаратты сенімді, бұрмалаусыз,
жоғалтпай берудің тәсілдерін жетілдіру.
Ақпараттың компьютердегі ұсынымы, кодтау теориясының
дербес шешімі болып табылады. Бастапқы деректер қарастырылып,
дискретті ақпаратты бейнелеуге, көрсетілуіне кейбір алфавит қолданылады.
Бір ақпараттың, әртүрлі алфавит арқылы ұсынылу мүмкіндігі бар. Ақпараттың түрленер алдындағы алфавитін - бірінші, түрленгеннен кейінгі алфавитін - екінші деуге болады.