Ақпаратты өңдеу форматтары



бет7/31
Дата24.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#113866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Итн толық жауаптарыменн

11110 / 101

101 / 110



' 101

0


110 санын ондық жүйеге келтірсек 6 шығады.

Ғылымдар жуйесіндегі информатиканың алатын орны?

Информатика- Электрондық есептеуіш машина арқылы информацияны жинау,сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек Электрондық есептеуіш машиналарды пайдалану мүмкіндіктері мен олардың принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде жаңа адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді. Қазіргі кезде жаңа электрондық есептеуіш құрылғылар күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу,жинау және беру тәсілдері де күннен-күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, осыған орай информатика ғылымы күрделеніп бара жатыр. Информатиканың кегізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар – ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады. «Ақпарат» термині латынның «informatio» - түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан. Ақпарат ұғымын бірнеше тұрғыдан анықтап көрейік. «Кең мағынада» философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Екілік сумматордын схемасы жане жұмыс жасау принциптері.

Сумматор деп – екілік код түрінде берілген сандардың арифметикалық операцияларын орындауға арналған комбинациялық–логикалық құрылғы. 
Сумматорлар арифметикалық – логикалық құрылғылардың негізгі түйіні болып табылады. Сумматор термині кең көлемді құрылғыларды қамтиды, қарапайым логикалық схемалардан бастап, күрделі цифрлық түйіндерге дейін. Осы барлық құрылғыларға ортақ болып табылатын қызметі – берілген сандардың арифметикалық қосындысын табуы. 
Арифметикалық сумматорлар.
Сумматорлар сөздердің қосындысы микрооперациясын орындайды. Қосу кезінде арифметикалық қосынды операциясы және қосымша операциялар орындалады. Айтылған операциялар ядросы сумматор болып табылатын, арифметика – логикалық құрылғыларда (АЛҚ) орындалады. 
Кіріс санына байланысты жартылайсумматорлар, бірразрядты сумматор (БС) және көпразрядты сумматор болып бөлінеді. Көпразрядты сумматорлар тізбектей және параллельді болып келеді. Тізбектей көпразрядты сумматорларда берілгендердің қорытындысы бір жабдықта кезектей разрядталу бойынша жүргізіледі. Ал параллельді көпразрядты сумматорларда қосылғыштар барлық разряд бойынша бірууақытта өңделеді және әр разрядтың өзінің жеке жабдығы болады.
Комбинационды суммматорларға жалпықабылданған сөз мағынасы ретіндегі комбинациялық тізбегі жатады. Жинақталатын сумматорларда қосылғыштар қорытындысын аккумулирлейтін жадысы болады. Мұнда, кезекті қосылғыш регистр – аккумуляторда жинақталған қорытындысына қосылады.
Тактілеу тәсілі бойынша синхронды және асинхронды сумматорлар болып бөлінеді. Синхронды сумматорлардың қосылғыштық мәніне тәуелсіз қосылғышқа қарсы тұратын тұрақты уақыты болады, асинхронды сумматорларда операцияның аяқталу белгісі өңделеді, максималдық мәннен аз болғандықтан төмендейді.
Санақ жүйесіне қарай сумматорларды екілік, екілік – ондық және басқа сумматорларға ажыратылады.

Жартылайсумматорлар деп – екі кірісі және шығысы бар құрылғыларды айтамыз. Онда сумма және тасымалдау сигналдары өңделеді:

Бірразрядты сумматорлар.
Бірразрядты сумматорлардың (БС) үш кірісі болады және ол қосылғыш разрядтарының a_i және b_i қосындысын келтірілген разрядтарының p_(i-1) тасымалдауымен қамтамасыз етіледі (2.1- кесте). Кестеде жолдар тік жақшалармен қосылған, аргументтердің инверттеленуімен ажыратылады.
Бұдан сумматорлар және тасымалдаулардың функция мәні инверттелінеді. Х аргументінің векторын белгілей отырып, былай жазуға болады:

Бірразрядты сумматорлар.
Бірразрядты сумматорлардың (БС) үш кірісі болады және ол қосылғыш разрядтарының a_i және b_i қосындысын келтірілген разрядтарының p_(i-1) тасымалдауымен қамтамасыз етіледі (2.1- кесте). Кестеде жолдар тік жақшалармен қосылған, аргументтердің инверттеленуімен ажыратылады.
Бұдан сумматорлар және тасымалдаулардың функция мәні инверттелінеді. Х аргументінің векторын белгілей отырып, былай жазуға болады:


Көрсетілген қасиеттерге ие болатын функциялар өздікекілік деп аталады. Осы кестеден мына мән шығады: 




Бірразрядты екілік сумматорлың жұмыс істеу логикасы келесідей:



Информатиканың пайда болуы және дамуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет