Түркістан индустриалды құрылыс колледжі.Информатика пәні оқытушысы Мырзабаева Маржан Абылайқызы.
Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа әдістерді пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды нарықта қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші — адам, сол себепті нарықтың негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс.
ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп және ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Үнемі қарқынды өсу үстіндегі және жылдам төзу мүмкіндігіндегі заманауи ақпараттық технологиялар жекелеген корпорациялар, сондай-ақ қоғамдағы еңбекті ұйымдастыру, еңбекпен қамтудың жаңа формалары үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Мұндай мүмкіндіктерді жаңадан енгізу адам өмірінің барлық салаларына, отбасына, білімге, жұмысқа, адамзат қоғамының географиялық шекараларындағы барлық салаларға әсер етуде. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін, инвестициялар мен еңбекпен қамту арасында өзара байланыстарды беріктендіруде елеулі үлес қоса алады. Желі бойынша таратылып отырған қызметтердің жаңа түрлері көптеген жұмыс орындарын ашуға қабілетті, мұны соңғы кездегі тәжірбиелер растап отыр.
1980 – жылдардың басына дейін ақпараттық технологияларды үлкен ЭЕМ-дер ұсынған болатын және корпоративті «пирамидалардың» тең жартысының қажеттіліктерін қанағаттандырған. Себебі күші өте жоғары болғандықтан, басқару тапсырмаларын шектеуді автоматтандыру мүмкін емес болатын. Адамдарды ауыстыратын машиналарды қолдану негізінде, қол еңбегін автоматтандырумен салыстыруға болатын. «Статистикаға байланысты, әлемде 1960 жылдан 1980 жылдар аралығында ақпаратты өңдеумен байланысын сол кездегі жұмыс істеп тұрған немесе потенциалды жұмыс орындарының 12 млн.нан астамы дәстүрлі ЭЕМ-ді қолданып автоматтандырылған.Административті иерархияның төменгі деңгейлеріндегі жұмыс орындарын автоматтандыру сол кезде кәсіпорындар көлемін кішірейтіп, еңбекті ұйымдастырудың жалпы моделінде түбегейлі өзгерістер болдырмады. Ол кезде ақпараттық технологиялар қалыпты әлеуметтік – экономикалық дамуға әсер етпейтіндей көрінеді. Керісінше ақпараттық технологияның еңбек өнімділігін жоғарылатуға тұтынушылық қажеттілік моделін қалыптастыруға (жаңа тауарлар мен қызметтерге бағытталған), ақпараттық технологиялар саласында жаңа жұмыс орындарын құруға әсері оншалықты елеулі болған жоқ»
Ақпараттық технологиялар саласы әлемдегі динамикалық дамымалы салалардың бірі болып табылады. Соңғы 5 жылда осы саланың табысы жылына орташа 10%-ға өсіп отыр (экономиканың өсуінің орташа ауқымы 3-4% болған жағдайда. Халықаралық аналитикалық агенттердің болжамы бойынша, жылына 9 % -дың жоғары өсу қарқыны келесі бес жылда да сақталмақ. Ақпараттық технологиялар саласының ерекшеліктері басқа елдерге программалық қамтама әзірлемесін ғана емес, сондай-ақ тиімді қолдану, сонымен қатар бірқатар көмекші процесстерді де тасымалдауға да мүмкіндік береді. Халықаралық АТ-компаниялардың көпшілігі, 90-жылдардың екінші жартысынан бастап, Индияда және Қытайдың өз бөлімшелерін ашты және осы бөлімшелер қызметтердің бір бөлігін немесе тұтастай бизнес-процесті көшірді. Дамушы елдердің АТ-компаниялары дамыған елдердегі клиенттеріне қашықтан қол жеткізу көмегімен қызмет көрсетеді.
Ақпараттық технологиялар (АТ) нарығы . АТ-қызметін бағытталып қалыптасады, және бұл қызметтердің елеулі бөлігі дамушы елдерде жүзеге асырылуда. «Халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасқан, АТ саласы географиялық анықталған өндірістік салалардан айырмашылығы Ресейдің және Қазақстанның ауқымды нарықтық өз үлесін ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Халықаралық АТ-компаниялардың көпшілігі, 90-жылдардың екінші жартысынан бастап, Индияда және Қытайдың өз бөлімшелерін ашты және осы бөлімшелер қызметтердің бір бөлігін немесе тұтастай бизнес-процесті көшірді. Дамушы елдердің АТ-компаниялары дамыған елдердегі клиенттеріне қашықтан қол жеткізу көмегімен қызмет көрсетеді. АТ саласында теңдесі жоқ жетегі Индия болып табылады, 2003 жылғы АТ-экспортының жалпы көлемі 15 млрд долларды құрап отыр. Соңғы кездері нарыққа Есептеу саласы нарығына биімделген Шығыс Еуропа елдері шықты, сондай-ақ жақын жатқан елдерге бағытталған Қытай да шығып отыр (Япония Оңтүстік Корея, Гонконг, Филиппин». Телекоммуникацияның дамуы және деректерді беру бірнеше мәрте төмендеуі экспортталатын қызметтер нарығының өсуін қамтамасыз ететін сын факторға айналды.Бәсекелестік баға бойынша жақсы телекоммуникациялық инфра-құрылымның болуы қажет фактор болып табылады.Ақпараттық технологиялар нарығы ең динамикалық дамушы нарық болып табылады.
АКТ-нарығын ынталандыру Ақпарат дәуірінде және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңалықтар мен өнертабыстарды жасауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, бизнес-модельдерді ұйымдастыруды іргелі түрде қайта құрудың ғылыми-технологиялық бастауы болып табылады.
АКТ-ны кеңінен қолдану, бірінші кезекте жылдан-жылға артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкі трендімен байланысты. Бүгінгі күні Интернет, бұлыңғыр есептеулер, ұтқыр және мультимедиялық технологиялар, RFID, NFC, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ірі мемлекеттердің қатарына кіруіне қатысты батыл мақсаттары мемлекеттің білімге негізделген жаңа экономиканы қалыптастыру бойынша зор күш жұмсауын талап етеді, қазіргі заманда оған тек АТ-ны дамыту және енгізу арқылы қол жеткізуге болады. «2011 жылы 3 280 миллиард АҚШ долларын құрады. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2011 жылы 840 миллиард теңгені құрады, яғни.
Иновациялық даму саласының бағалауы бойынша, барлық «Иновациялық технология (IT) нарығының көлемі 2011 жылы 207 миллиард теңгені құрады. 2010 жылмен салыстырғанда өсім — 19,2 %.құрайды. Бұл ретте нарықтың 88,6 %-ы техникалық жабдықтарға, 5,2 %-ы Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ), 6,2 %-ы ІТ-қызметтерге тиесілі. Бағдарламалық қамтамасыз ету және ІТ-қызметтер нарығының төмен көрсеткіштері ең алдымен АКТ саласындағы кәсіпорындарда инновациялық қызметтердің дамымағандығын көрсетеді және ол, ең алдымен, ғылыми-зерттеу қызметі тәуекелдерінің артуынан және елдегі АКТ компаниялар, ЖОО-лар, АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының инновациялық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты».
Электрондық денсаулық сақтауды дамыту АТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу медициналық көмек көрсетудің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. АКТ дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетуде және қамтамасыз етуде өмірлік маңызды рөлге ие болады. Электрондық денсаулық сақтау технологиялары емделушілерге қашықтықтан мониторинг жүргізуге, емделушілер арасында ақпарат таратуды жақсартуға, медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділікті, әсіресе шалғайдағы аудандарда, мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін жақсартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру саласында бірқатар жобалар іске асырылды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін құру шеңберінде ДСБАЖ пилоттық аймағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталды. ДСБАЖ іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Ауруханаға жатқызу бюросы», «Бекітілген тұрғындардың тізілімі», «Есеп-тізілімдерді қалыптастыру» («Стационарлық емделушілердің электрондық тіркелімі»), «Дәрігерлік-санитарлық көмектің ынталандырушы құраушысы» порталдары жұмыс істейді.
Электрондық коммерцияны дамыту — бұл біз үшін салыстырмалы түрде жаңа, ал Батыста және Оңтүстік Шығыс Азияда жақсы дамыған экономика сегменті, ол компьютерлік желілердің көмегімен барлық қаржылық және сауда транзакцияларын, осындай транзакцияларды жүргізуге байланысты бизнес-процестерді қамтиды. Электрондық коммерция нарығы біздің елімізде соңғы екі жылда неғұрлым қарқынды дами бастады, бұл интернет-пайдаланушылар санының артуымен, әлеуметтік желілер ықпалының артуымен, электрондық төлемдер саласындағы монополияның артуын жоюмен және жетекші веб-парақшалардың Web 1.0 технологиялық тұғырнамасынан Web 2.0 тұғырнамасына көшуімен түсіндіріледі.
Бүгінгі күні «Қазақстан электрондық коммерцияны дамыту бойынша әлемнің индустриялық елдерінен айтарлықтай артта қалуда (электрондық сауда көлемі 2011 жылы 260 миллион доллар немесе тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығының 0,4 % құрайды, бұл Ресеймен салыстырғанда он есе кем, олардың аталған көрсеткіші 4 %). Бұл Интернет желісінің қазақстандық сегментінде пайдаланушылардың шекті салмағының айтарлықтай кеш пайда болуымен түсіндіріледі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, электрондық коммерция Интернет пайдаланушылардың саны халықтың жалпы санының 20 %-ынан артық болған кезде және онда кемінде 2-3 жыл болғанда (онлайн төлеу қорқынышы кедергісін жою үшін жеткілікті уақыт) индустрияға айналады».
Проблеманың екінші бөлігі — төлем карточкалары бойынша төлеу мәдениетінің жетіспеушілігі және e-commerce карточкалары бойынша төлеу кезінде бас тартудың аса жоғары деңгейі. «Қазіргі кезде барлық транзакциялардың тек 21 %-ы — төлем карталарын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер, ал қалғаны банкомат арқылы төлем карточкасынан ақша алу (мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы тамыздағы деректері бойынша елімізде 11 млн. төлем карточкасына, қолма-қол ақшаны алу бойынша 12,5 млн. және картадан 3,4 млн. қолма-қол төлемсіз төлем транзакциялары) сәйкес келеді»
Интернетте төлем карточкасы бойынша төлеу туралы айтатын болсақ, жағдай бас тартулардың көптігімен тереңдей түседі «Нарықтың түрлі ойыншыларының төлем карточкалары бойынша төлеу кезінде бас тарту деңгейі 37-ден 48 %-ға дейін құрайды. Бұл Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің көбінің интернет-транзакциялар үшін төлем карточкаларын жабу салдары, ал ол негізінен жасанды кедергі болып табылады.
Электрондық коммерцияның отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін бағыттар:
тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығындағы электрондық коммерция үлесі 2017 жылы — 7 %, 2020 жылы — 10 %;
электрондық түрде ақы төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі 2017 жылы — 30 %, 2017 жылы – 40 %.
Электрондық коммерцияны дамыту үшін мынадай шаралар қабылданады:
салалық сауда алаңдарын құру бойынша ұсыныстар әзірленді;
Интернет-дүкендерде жасалатын транзакциялар (саны және көлемі) бойынша есептілікті қалыптастыру туралы мәселе қаралды;
интернет-коммерсанттарды салықтық және кедендік преференциялармен және технопарктерге қатысу арқылы ынталандыру жүзегеасырылады;
электрондық коммерция саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді;
жалпы интернет-ортаны және негізінен интернет-бизнесті дамыту тақырыбына конференцияларды; семинарларды, дөңгелек үстелдерді қолдау және интернетте электрондық төлем құралдарын пайдалану бойынша ақпараттық-ойын-сауық жұмыстарын жүргізу жүзеге асырылды».
Ақпараттық технологиялар негізгі ортасы болып табылатын ақпараттық жүйемен тығыз байланысты. Ақпараттық технологиялар компьютерде сақталатын операцияларды, әрекеттерді, қиындығы әртүрлі дәрежелі мәліметтер кешендерін орындайтын ережелерден құралатын жүйе болып табылады. Ақпараттық технологиялардың негізгі мақсаты – бірлік ақпараттарды қайта өңдеу бойынша мақсатты бағытталған әрекеттердің нәтижесінде қолданушыға қажетті ақпаратты алу.
«Ақпараттық жүйе ақпартты өңдеудің адам-компьютерлік жүйесін ұсынады. Ақпараттық жүйе компьютер, компьютерлі желілер, бағдарламалық өнімдер, дерек қорлар, адамдар, әр түрлі техникалық және бағдарламалық әдістердің, байланыстардың құраушы элементтері болатын орта болып табылады. Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты – ақпараттары жіберуімен және сақталуын ұйымдастыру».
Өнеркәсіп саласындағы ақпараттық технологиялар өндірістің икемділігі мен шешім қабылдаудың жеделдігін арттырады, жаһандық нарықтарға шығу мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негіз жасайды. Алайда отандық өнеркәсіпті ақпараттандырудың айтарлықтай төмен деңгейі жағдайында оларға деген сұраныс тұрақты және қарқынды өсуді көрсетпей отыр. Кәсіпорынның экономикалық базалары АТ-ны қарқынды тұтынуға әлі дайын емес. Ал жоғары технологиялар кіріс қалыптастыруға қатыспайтын салалар бұл салаға аса көлемді емес, біржолғы шығындарды ғана жұмсауды қалайды.
Қазіргі заманғы ақпараттық және жоғары технологиялық дәуірде отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АТ-ны өндірістік және әкімшілік-шаруашылық қызметте пайдалануға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарауы және барлық ішкі процестерді автоматтандыруға тиісті назар аударуы қажет.
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы жалпы көлемі 10 687 879 млн. теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,7 %-ға артты. Бүгінгі күні ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістердің саны 1 848 құрайды»
Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, өнеркәсіп кәсіпорындарының өзінің өндірістік қызметінде жоғары технологияларды игеруінің деңгейі төмен екенін атап өту қажет.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін АКТ саласындағы арнайы біліктілікке оқыту арқылы өндірістік процестерді тұрақты жетілдіру талап етіледі. Сол себепті кәсіпорындардың аталған аспектіге назар аударғаны және өндірістік қызметкерлер арасында инновациялық қызметті дамытуды ынталандыруы аса маңызды.
Қазақстанның көлік саласының тиімділігі мен тартымдылығын арттыру міндетін шешудің негізгі құралы зияткерлік көлік жүйесін (ЗКЖ) — көліктің барлық түрлерінің (жеке, қоғамдық, жүк) жұмысын мониторингтеу және басқару, жол жүрісін басқару, өңірдің, елдің аумағында көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы азаматтар мен кәсіпорындарды ақпараттандыру міндеттерін шешетін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешенін енгізу болуы тиіс. ЗКЖ үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: қауіпсіздік, ұтқырлық, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау.
ЗКЖ-ны құрудың маңызды элементі жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесі (НЖЖ) болып табылады. Аталған жүйенің негізіндегі шешімдер жер үстіндегі көлік кешені жұмысының тиімділігін арттырумен қатар, авиация, флот, теміржол саласында белсенді қолданылады, жіберу және тасымалдау желілерін синхрондау үшін қызмет етеді, деректерді жіберуді синхрондау үшін байланыста қолданылады және т.б.
ЗКЖ қалыптастыру және енгізу тасымалдауды басқарудың тиімділігін арттырады, жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға жұмсалатын өндірістік емес шығындарды қысқартады, көлік-коммуникациялық құрылымды дамытуды жылдамдатады, қолданыстағы навигациялық спутниктік жүйелердің негізінде сервистерді енгізу үшін қолайлы жағдай жасалды.
«Әлемдік сауда соңғы жиырма жылдың ішінде жоғары қарқынмен дамуда. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы қазіргі кезде шамамен 400 миллиард АҚШ долларды құрайды, 2015 жылға қарай 1 триллион АҚШ долларға жетуі мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанның тиімді географиялық орналасуын Европа мен Азия арасындағы жүктер ағынын өткізу үшін пайдалану орынды болып табылады, бұл көлік компанияларының бюджеті мен Қазақстанның мемлекеттік бюджеті кірісінің артуына ықпалын тигізеді. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жүктер транзитінің көлемін 25 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр, ал транзиттен түсетін жалпы кіріс 1,5 миллиард АҚШ долларды құрайды»
Қазақстандағы көліктің негізгі кемшіліктерінің арасында тасымалдауды жеткіліксіз ұйымдастыруды, көлікте ескірген технологияларды пайдалану мен көлік қызметтері сервистерінің төмен деңгейін атап өтуге болады. Дамыған елдерде көлік ағындарын оңтайландыру, олардың оңтайлы өзара іс-қимылынан пайданың көп бөлігін қамтамасыз ететін логистика Қазақстанда дамудың бастапқы деңгейінде. Бұл жағдайда Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасында жүктердің транзитін қамтамасыз ететін қазіргі көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ дамыған мемлекеттердің көліктік ықпалдастығына қатысу деңгейі үшін жауап беретін халықаралық және ішкі жолаушылар тасымалын қалыптастыруы қажет