Оқиға адамға тікелей немесе жанама түрде кері әсер еткенде апатқа айналады.
Су тасқыны
Үлкен өзендердің, көлдердің және басқа да табиғи су нысандарының тасуы үлкен табиғи апаттар болып табылады. Сулар өздерінің табиғи арнасынан тыс жерлерді басып, жабайы табиғат пен адамдарға әсер етеді.
Судың күші инфрақұрылымды бұзады, ағаштарды тамырымен жұлып тастайды және суға батып өлуі мүмкін немесе өзгермелі заттардың әсерінен жануарлар мен адамдарды тасиды.
Тарихта қалған ірі су
Санкт-Петербург су тасқыны, 1824 жылы 19 қараша
*1824 жылы 19 қарашада Санкт-Петербургті су алып, 600-ге жуық адам көз жұмды. Нева өзені мен оған жалғас каналдағы су деңгейі 4 метрге дейін көтеріліп кетті.
*Тасқын алдында жаңбыр толассыз жауған. Ал кешке таяу өзен мен арнадағы су тез көтеріліп, бүкіл қала суда қалды.
Қытайдағы су тасқыны
1931 жылы Янзцы мен Хуанхэ өзендері көтеріліп, бірнеше қаланы су алып кетті. 4 миллионға жуық адам қайтыс болған. 1928-30 жылдары Қытайда қатты қуаңшылық болды, бірақ 1930 жылдың қысында қар қалың түсіп, көктемде жауын-шашын көбейіп кетті. Содан қос өзендегі су тізеге дейін көтеріліп, Қытайдың бұрынғы астанасы Нанкин қаласына дейін жетті. Халықтың көбі судан емес, содан кейін болған ауру мен аштықтан қайтыс болды. Тырысқақ пен сүзек қаптады. Каннибализм мен бала өлтіру әдетке айналды. Қытайда Янцзы өзені көтеріліп, 1911 жылы (100 мың адам көз жұмды), 1935 жылы (142 мың адам қайтыс болды), 1954 жылы (30 мың адам қайтыс болды), 1998 жылы (3,5 мың адам) су тасқыны болған.
1887 және 1938 жылдары Қытайдың тағы бірі ірі өзені Хуанхэ көтеріліп, 900 мың және 500 мың адам қайтыс болды. 1887 жылы аптаға созылған жауын-шашынның кесірінен Хуанхэ бойындағы бөген жарылып, Қытайдың солтүстігін түгіл су жайлады. 2 млн адам баспанасыз қалып, 900 мың адам өмірден озды.